Микроэкономика


Екінші бақылаудың соңы (3)



бет20/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Екінші бақылаудың соңы (3)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №3 (3)

1. Кестенің мәліметтері бойынша АVС (3) табыңыздар:



Q

TC

0

60

1

80

2

120

3

180

4

200

5

270

А) 40;
В) 70;
С) 90;
D) 30;
Е) 120.
2. Өндірістік шығындар – бұл:
А) өзіндік және еркін пайдаланатын шығындар;
В) өнімді өткізумен байланысты шығындар;
С) қызметтер немесе тауар өндірісімен тікелей байланысты шығындар;
D) төленбейтін шығындар;
Е) бухгалтерлік шығындар.
3. Орташа айнымалы шығынның функциясы мынадай: AVC=100 + 2Q2. Орташа жалпы шығынның функциясының алгебралық өрнегін тап. Тұрақты шығын 12 ақша бірлігіне тең болғанда.
А) 12+12 Q + 2Q3;
В) 12+100 Q + 2Q2;
С) 10 Q + 2Q2;
D) 12 +10 Q + 2Q2;
Е) 12/Q + 100 + 2Q2.
4. 1000 өнім бірліктеріне жіберілген жылдық шығындары төмендегі баптардан құрылды:
- еңбек ақы – 30000 ақша бірілігі
- шикізат пен материалдар – 30000 ақша бірілігі
- ғимараттар мен құрылыстар – 200000 ақша бірілігі
- құрал – жабдықтар – 100000 ақша бірілігі
Барлық өнімдер 110 ақша бірлігі бағасы бойынша сатылды. Ғимараттар мен құрылыстардың амортизация мөлшері 5 %, құрал - жабдықтардың қызмет ету мерзімі орташа есеппен алғанда 10 жылға тең. Салық төлеуге дейін алынатын пайданы анықтаңыз.
А) 30000;
В) 10000;
С) 50000;
D) 40000;
Е) 20000.
5. Фирма қызметінің ұзақ мерзімді кезеңі дегеніміз:
А) құрал жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізу аралығы;
В) 10 жылдан астам уақыт;
С) өндірістік қуатты қосып есептегендегі өндіріске қажетті барлық қорлардыөзгертуге болатын мерзім;
D) сатып алушылармен тиімді байланыс орнатуға және барлық өнімді өткізуге керек мерзім;
Е) бір жыл.
6. Масштабтың өспелі тиімділігі мынадай жағдайда орын алады:
А) тұрақты орташа шығындар өндіріс көлеміне тәуелді емес болғанда;
В) ұзақ мерзімді орташа шығындар өндіріс көлемі өскен сайын кеми түскенде;
С) ұзақ мерзімді орташа шығындар өндіріс көлемі өскен сайын өсе түседі;
D) қысқа мерзімді айнымалы шығындар өндіріс көлемі өскен сайын кеми түседі;
Е) қысқа мерзімді айнымалы шығындар өндіріс көлемі өскен сайын өсе түседі.
7. Әрбір қосымша өндірілген және сатылған өнім бірлігі жалпы табыс пен жалпы шығындарға “қосымша көрсеткішті” енгізеді. Ол қандай “қосымша көрсеткіш” ?
А) жалпы табыс пен шекті шығын;
В) шекті табыс пен айнымалы шығын;
С) шекті шығын мен шекті табыс;
D) қосымша құн;
Е) жалпы шығындар мен жалпы табыс.
8. Фирманың өндіріс факторларының кейбірі өзгеріссіз қалатын уақыт аралығы:
A) ұзақмерзімді кезең;
B) қысқамерзімді кезең;
C) ортамерзімді кезең;
D) лездік мерзімді кезең:
E) уақытша кезең;
9. Фирма қолданылатын капиталды 100-ден 160 бірлікке дейін ұлғайтқанда, өнім көлемі 50-ден 70 бірлікке дейін өсті. Неше процентке өнім көлемі өседі, егер фирма тағыда қолданылатын капиталды 3%-ке ұлғайтса.
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
Е) 8.
10. 30 теледидар жасап шығарған кездегі шығын 10 000 ақша бірлігін құрайды, ал 50 теледидар шығарғанда 14 000 ақша бірлігіне тең болады. Шекті шығындар тұрақты. 60 теледидар шығару кезіндегі тұрақты шығынды есептеп табыңыздар.
А) 300;
В) 2000;
С) 4000;
D) 5000;
Е) 150.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет