Микроэкономика


Бесінші бақылаудың соңы (3)



бет23/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бесінші бақылаудың соңы (3)
Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысы №1 (3)

1. Тұтынушылар алдағы уақытта аудио және видео тауарлары арзандайды деп естиді. Демек:


A) бұл тауарларға деген сұраныс қисығы солға жылжиды;
B) аудио және видео тауарларын сату көлемі азаяды;
C) бұл тауарларға деген сұраныс азаяды;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
E) анықтау мүмкін емес.
2. Егер икемді сұраныс тауарының бағасы 50 ақша бірлігінен 60 ақша бірлігіне дейін өссе онда, онда табыс:
А) азаяды;
В) өседі;
С) өзгеріссіз қалады;
D) азаю да, өсуі де мүмкін;
Е) нақты жауап беру мүмкін емес.
3. Сұраныстың жанама икемділік коэфиценті мынадай қатынас арқылы анықталады:
А) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің А тауар бағасының пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
В) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің В тауар бағасының пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
С) А тауар бағасының пайыздық өзгерісінің В тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
D) А тауарға ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
Е) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің В тауарға ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен.
4. Егер Х және У тауарлары бір-біріне қатысы жоқ тауарлар болса, онда сұраныстың жанама икемділік коэффицентінің мәні:
A). Нөлге тең;
B). Оң сан;
C). Теріс сан:
D). Бірден кіші сан;
Е) бірден үлкен сан.
5. Тұтынушының табысы 10 ақша бірлігіне тең делік, Х тауардың бағасы 1 ақша бірлігіне тең, ал Ү тауардың бағасы – 0,5 ақша бірлігіне тең. Сатып алынатын тауарлар жинытығының қайсысы тұтынушының бюджет сызығында жатыр:
А) 8Х және 4Ү;
В) 7Х және 1Ү;
С) 6Х және 10Ү;
D) 15Х және 6Ү;
Е) 4Х және 4Ү.
6. Екі тауардың біреуінің бағасының өзгеруі мынадай жағдайды туындатады:
А) бюджет сызығынң параллель жылжуын;
В) бюджет сызығының бұрылуын;
С) табыстың өсуін;
D) табыстың азаюуын;
E) сұраныс пен ұсыныстың өсуін.
7. ”Табыс -тұтыну” қисығы төменде айтылғандардың қайсысын сипаттайды:
A) бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар табысының өзгеруін;
B) тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушылар талмағы қалай өзгеретінін;
C) табыс өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғымының өзгеруін.
D) дұрыс жауап табу мүмкін емес;
E) ол әр түрлі жағдайға байланысты болады.
8. .Алмастыру тиімділігі дегеніміз Х тауарының бағасы арзандап, ал табыс пен У тауарының бағасы өзгермеген уақыттағы:
A) тұтынушының арзандаған затты көбірек алып бағасы өзгермеген затты тұтынуын азайтуы немесе сол қалпы қалдыруы;
B) У тауарын Х тауарымен көбірек алмастыруы;
C) тұтынушының бағасы өзгермеген затты көбірек алуы;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.
E) дұрыс жауап жоқ.
9. Өндірістік шығындар – бұл:
А) өзіндік және еркін пайдаланатын шығындар;
В) өнімді өткізумен байланысты шығындар;
С) қызметтер немесе тауар өндірісімен тікелей байланысты шығындар;
D) төленбейтін шығындар;
Е) бухгалтерлік шығындар.
10. Орташа айнымалы шығынның функциясы мынадай: AVC=100 + 2Q2. Орташа жалпы шығынның функциясының алгебралық өрнегін тап. Тұрақты шығын 12 ақша бірлігіне тең болғанда.
А) 12+12 Q + 2Q3;
В) 12+100 Q + 2Q2;
С) 10 Q + 2Q2;
D) 12 +10 Q + 2Q2;
Е) 12/Q + 100 + 2Q2.
11. 1000 өнім бірліктеріне жіберілген жылдық шығындары төмендегі баптардан құрылды:
- еңбек ақы – 30000 ақша бірілігі
- шикізат пен материалдар – 30000 ақша бірілігі
- ғимараттар мен құрылыстар – 200000 ақша бірілігі
- құрал – жабдықтар – 100000 ақша бірілігі
Барлық өнімдер 110 ақша бірлігі бағасы бойынша сатылды. Ғимараттар мен құрылыстардың амортизация мөлшері 5 %, құрал - жабдықтардың қызмет ету мерзімі орташа есеппен алғанда 10 жылға тең. Салық төлеуге дейін алынатын пайданы анықтаңыз.
А) 30000;
В) 10000;
С) 50000;
D) 40000;
Е) 20000.
12. Фирма қызметінің ұзақ мерзімді кезеңі дегеніміз:
А) құрал жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізу аралығы;
В) 10 жылдан астам уақыт;
С) өндірістік қуатты қосып есептегендегі өндіріске қажетті барлық қорлардыөзгертуге болатын мерзім;
D) сатып алушылармен тиімді байланыс орнатуға және барлық өнімді өткізуге керек мерзім;
Е) бір жыл.
13. Кәсіпорын жетілген бәсеке жағдайында қызмет етеді. Кәсіпорынның жалпы шығындарының өнім көлеміне тәуелділігі төмендегі кестеде көрсетілген.

Шығару көлемі,дана

0

1

2

3

4

5

Жалпы шығындар,
Ақша бірлігі

10

14

16

20

26

34

Егер баға 7 ақша бірлігіне тең болса, онда қандай өндіріс көлемін таңдап алғаны дұрыс ?
А) 2;
В) 5;
С) 3;
D) 4;
Е) 7.
14. Қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайданы максималдау немесе шығынды минималдау мақсатында тауарды өндірмегені дұрыс, егер:
А) баға минималды орташа шығындардан төмен болса;
В) баға орташа тұрақты шығындардан төмен болса;
С) минималды орташа шығындар шекті шығындардан аз болса;
D) баға минималды орташа айнымалы шығындардан төмен болса;
Е) баға орташа жалпы тұрақты шығындардан төмен болса.
15. Жетілген бәсеке нарығына жаңа тауар өндірушілер келгенде;
А) баға өседі;
В) сұраныс азаяды;
С) сұраныс өседі;
D) баға азаяды;
Е) сұраныс мөлшері азаяды.
16. Фирманың тепе – теңділік шарты:
A) MRВ) MR>MC;
C) MR=MC;
D) MR/MC;
E) MR*MC.
17. Номиналды еңбек ақыға сатып алуға мүмкін болатын тауарлар мен қызметтер көлемін қалай атаймыз:
A) істеген жұмысқа төленетін еңбекақы
В) номиналды еңбекақы
С) нақты еңбекақы
D) уақыттай еңбекақы
Е) натуралды еңбекақы.
18. Басқа фирмалармен салыстырғанда дуополиялық Курно фирмада өнім шығару көлеміне және бағасына шешім қабылдау
A) бағасы жоғары және өнім шығару көлемі төмен
B) пайдасы көп және өнім шығару көлемі жоғары
C) пайдасы төмен және бағалары төмен
D) пайдасы және өнім шығару көлемі төмен
E) дұрыс жауабы жоқ
19. Егер бәсекелестік фирма пайданы максималдайды өнімді бір көлеміне 2 долл бағасымен сатылса және ресурсты 10 долл бағасымен сатып алса, онда осы шекті өнімнің ресурсқа деген ақшалай көрінісі неге тең болады
A) 2 дол
B) 5 долл
C) 10 долл
D) 20 дол
E) берілгеннің негізінде толық анықтауға болмайды
20. Егер қалыпты пайыздық ставка 10% болса, ал инфляция деңгейі жылына 4% құрса, онда нақты пайыздық ставка қанша құрайды
A) 14%
B) 6%
C) 2,5%
D) -6%
E) 4%



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет