Микроэкономика


– жұмысшының шектi өнiмi: А) 180 дана болады



бет45/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

6 – жұмысшының шектi өнiмi:

А) 180 дана болады;


В) 30 дана болады;
С) 15 дана болады;
D) шамасы терiс сан болады;
Е) берiлген деректерге сүйенiп анықтау қиын.
Үшінші бақылаудың соңы (7)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №4 (7)

1. Кәсіпорын жетілген бәсеке нарығына бір ғана түрлі тауар өндіреді. Өндіріс көлемін ұлғайтудың технологиясы – бір шығарғанда 1000 дана өнім өндіреді. Жалпы шығынның өнім өндіру көлеміне тәуелділігі төмендегі кестеде көрсетілген.





Шығару көлемі, мың. Дана

0

1

2

3

4

5

Жалпы шығындар,
ақша бірлігі

8000

12000

13000

20000

29000

35000

Нарықтағы баға 6 ақша бірлігіне тең. Кәсіпорынға қандай көлемде өнім өндіргені тиімді?
А) 4000;
В) 3000;
С) 1000;
D) 2000;
Е) өнім өндірмеген абзал.
2. Бәсекелес фирманың өнім бағасы 48-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q3.Өнім шығарудың тепе-тең көлемін табыңыз.
А) 5;
В) 4;
С) 7;
D) 6;
Е) 1.
3. Жетілген бәсеке жағдайында “қашу” (жабылу) нүктесі деп баға ненің ең кіші нүктесіне тең болатын өндіріс көлемін атаймыз?
А) орташа жалпы шығынның;
В) орташа айнымалы шығынның;
С) шекті шығынның;
D) орташа тұрақты шығынның;
Е) орташа жалпы шығынның.
4. Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма өзінің жалпы табысының (TR) мөлшеріне әсер ете ала ма? Егер әсер ете алатын болса, онда қалай?
А) иә, өндіріс көлемін ұлғайту арқылы;
В) иә, өндіріс көлемін азайту арқылы;
С) өзгерте алуы да, алмауы да мүмкін;
D) жоқ;
Е) иә, шығындарды азайту арқылы.
5. MR = MC теңдігі нарықтың қай түрінде оңтайлы өнім көлемін анықтау үшін пайдаланылады:
A) монополиялық бәсекеде;
B) монополияда;
C) олигополияда;
D) жетілмеген бәсекенің кез-келген түрінде;
E) бұл теңдіктің оңтайлы көлемге қатысы жоқ.
6. Өндірілетін өнім көлемі өскен сайын, ұзақмерзімді орта шығындар кемігенде пайда болатын тиімділік:
A) алмастыру тиімділігі;
B) ауқымның теріс тиімділігі;
C) табыс тиімділігі;
D) ауқымның тұрақты тиімділігі;
E) масштабтың оң тиімділігі.
7. Таза бәсекелес фирманың ұзақ мерзімдегі ұсыныс қисығы:
A) LAC-ның ең жоғарғы нүктесінен жоғары жатқан LMC қисығының бөлігі;
B) LMC-ның ең төменгі нүктесінен жоғары жатқан LАC қисығының бөлігі;
C) ATC-ның бөлігі;
D) LАC-ның ең төменгі нүктесінен жоғары жатқан LМC қисығының бөлігі;
E) А және В жауаптары дұрыс.
8. Келесі анықтамалардың қайсысы жетілген бәсеке шарттары орындалмайтынын көрсетеді:
A) фирма тепе-теңдік жағдайда орналасқан, егер оның шекті табысы шекті шығындарға тең болса;
B) шекті шығындар қисығы АТС мәнісінің минималды мәніне сәйкес орташа шығындар қисығының нүктесінде қиылысқанда;
C) фирманың өніміне сұраныс қисығы теріс еңкеюі болса;
D) орташа және шекті шығындардың қисықтары U тәріздес формасына ие болса;
E) Фирма өніміне сұраныс қисығы – көлдеңен қисық болса.
9. Ұзақ мерзім аралығындағы ұсыныс қисығы:
A) шығындары өсетін салалар үшін –вертикаль сызық;
B) шығындары тұрақты салалар үшін –бұрыштық коэффиценті теріс сан болатын сызық;
C) шығындары кемитін салалар үшін –горизанталь сызық;
D) жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы да дұрыс емес.
Е) Жоғарда айтылғандардың бәрі дұрыс.
10. Соңғы үлгідегі, бірегей атқыш ұшағын шығарушы авиакомпания оны бірнеше жыл бойы қатарынан қорғаныс министрлігіне сатуды көздеп отыр. Демек, бұл фирма:
A) монопсония жағдайына әрекет етеді;
B) бір мезетте монополиялық және монопсоноиялық болып есептелетін нарықта сатушы қызметін көрсетіп отыр;
С) монополиялық бәсеке нарығындағы сатушы;
D) кез келген бағаны қоюға ерікті;
Е) олигополиялық субъект.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет