Микроэкономика


Бесінші бақылаудың соңы (6)



бет41/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бесінші бақылаудың соңы (6)
Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысы №1 (6)

1. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы сұраныс анықтамасын береді:


А) кез келген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;
В) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір тауарды берілген бағамен сатып ала алу қаблеті;
С) берілген нарықтағы заттардың көлемі;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі дұрыс.
E) анықтау мүмкін емес.

2. Егер телевизорға баға 30%-ке көтеріліп, ал сұраныс көлемі 32%-ке кемісе, онда сұраныс:


A) икемсіз;
B) икемді;
C) бірлік икемді;
D) мүлдем икемсіз;
E) өте икемді.

3. Тауар барлық талаптарға сай және қалыпты болады, егер:


A) тұтынушының табысы өскен сайын оның тұтыныс көлемі ұлғайса;
В) тұтынушының деңсаулығына зиянды болмаса;
С) осы тауардың бағасы төмендеген сайын оның көлемі өссе;
D) баға өссе де, тауардың бұрынғы көлемі сатып алынса;
Е) түрі жақсы болса.

4. Сұраныстың жанама икемділік коэфиценті мынадай қатынас арқылы анықталады:


А) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің А тауар бағасының пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
В) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің В тауар бағасының пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
С) А тауар бағасының пайыздық өзгерісінің В тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
D) А тауарға ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
Е) А тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісі В тауарға ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен.

5. Бюджет сызығы өз жағдайын өзгертпейді, егер:


А) Х тауардың бағасы Ү тауар бағасының төмендеу пайызына дейін төмендесе;
В) Х тауардың бағасы Ү тауар бағасының төмендеу пайызына дейін өссе;
С) баға мен табыс бірдей қатынаста өзгерсе;
D) баға төмендеп, ал табыс сол қатынаста өссе;
Е) табыс өсіп, ал баға өзгеріссіз қалса.

6. Жалпы пайдалылық – бұл:


А) берілген игілік көлемін тұтыну кезіндегі алынатын пайдалылық деңгейі;
В) игілікті пайдаланудағы барлық мүмкін боларлық жұптардан алынатын пайдалылықтардың жиынтығы;
С) тұтынушы талап ететін пайдалылық деңгейі;
D) тұтынушының табысы бойынша анықталатын пайдалылық деңгейі;
Е) шекті пайдалылық.

7. ”Табыс -тұтыну” қисығы төменде айтылғандардың қайсысын сипаттайды:


A) бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар табысының өзгеруін;
B) тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушылар талмағы қалай өзгеретінін;
C) табыс өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғымының өзгеруін.
D) дұрыс жауап табу мүмкін емес;
E) ол әр түрлі жағдайға байланысты болады.

8. .Алмастыру тиімділігі дегеніміз Х тауарының бағасы арзандап, ал табыс пен У тауарының бағасы өзгермеген уақыттағы:


A) тұтынушының арзандаған затты көбірек алып бағасы өзгермеген затты тұтынуын азайтуы немесе сол қалпы қалдыруы;
B) У тауарын Х тауарымен көбірек алмастыруы;
C) тұтынушының бағасы өзгермеген затты көбірек алуы;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.
E) дұрыс жауап жоқ.

9. Ішкі шығындар:


А) бір рет қана төленіп, ешқандай жағдайда да қайтарып алу мүмкіндігі болмайтын шығындар;
В) экономикалық шығындар;
С) кәсіпорын меншігі болып табылатын ресурстарды пайдаланудың альтернативті шығындары;
D) тауар өндірісіне тікелей байланысты шығындар;
Е) өндірілген өнімнің өткізілуімен байланысты шығындар.

10. Егер белгілі бір өнім көлемін өндіру барысында ең болмағанда бір ресурс аз пайдаланылып, ал басқа ресурстар басқа тәсілдегіден көп пайдаланылмаса мұндай өндіру тәсілі:


A) экономикалық тиімді тәсіл;
B) технологиялық тиімді тәсіл;
C) Паретто бойынша тиімді тәсіл;
D) масштабтың тұрақты тиімділігі;
E) масштабтың өспелі тиімділігі.

11. Өндіріс көлеміне тәуелсіз:


А) жиынтық шығындар;
В) жалпы шығындар;
С) орташа тұрақты шығындар;
D) орташа жалпы шығындар;
Е) тұрақты шығындар.

12. Қосымша өнім бірлігін өндіргенде фирманың жиынтық шығындар өсуінің шамасы:


A) қайтарылмайтын шығындар
В) шекті шығындар
С) жалпы шығындар
D) сыртқы шығындар
Е) көзге көрінбейтін шығындар

13. Фирма – жетілген бәсекелес болып табылады. Қысқа мерзімде шығындарды азайту мақсатында фирма қандай жағдайда өнім өндірісін тоқтатып, нарықтан шыққаны дұрыс?


А) Р = МС;
В) Р < АС;
С) Р > АFС;
D) Р < АVС;
Е) Р > АVС.

14. Бәсекелес фирманың өнім бағасы 8-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q2. Өнім шығарудың тепе-тең көлемін және ең жоғары пайданы табыңыз.


A) 4 және 5 сәйкесінше;
B) 4 және 2 сәйкесінше;
C) 4 және 1 сәйкесінше;
D) 1 және 5 сәйкесінше;
E) 4 және 4.

15. Жетілген бәсеке жағдайында фирманың қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисығы:


А) шекті шығындар қисығынан жоғары орналасқан орташа айнымалы шығындар қисығымен қабаттасады;
В) нарықты ұсыныс қисығымен сәйкескеледі;
С) орташа айнымалы шығындар қисығынан төмен орналасқан шекті шығындар қисығымен қабаттасады;
D) орташа айнымалы шығындар қисығынан жоғары орналасқан шекті шығындар қисығымен сәйкес келеді;
Е) бұл қисықтар бір-бірінен ерекше болады.

16. Жетілген бәсеке шартына төмендегілердің қайсысы кірмейді?


А) белгілі тауарды сатушы да, сатып алушы да көп және сатушылардың әр қайсысы сату көлемінің аз ғана бөлігін өндіреді;
В) сатып алушы тұрғысынан тауар бір текті болу керек және барлық сатып алушылар сатушыларға құпия болмауы болуы тиіс;
С) салаға шығуға кедергі жоқ;
D) сатып алушылар үшін бағаның нарықтық деңгейі туралы ақпарат алу қиын;
Е) тауарлар біртекті (стандартты).

17. Экономикалық рента – бұл:


А) кез-келген ресурстың бағасы;
В) табиғи ресурстың бағасы;
С) жердің бағасы;
D) сұранысы қатаң бақылаудағы ресурс бағасы;
Е) дұрыс жауап жоқ.

18. Жердің өндіріс фактор ретіндегі ұсыныс қисығы:


A) абцисса осіне ќараѓанда көлденен
B) абцисса осіне ќараѓанда тігіннен орналасќан
C) көлбеулігі теріс болады
D) көлбеулігі оң болады
E) 1-ші ширектің биссектрисасы болады.

19. Еңбек нарығында:


A) үй шаруашылықтары сұранысты қалыптастырады
B) фирмалар ұсынысты қалыптастырады
C) үй шаруашылықтары сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады
D) фирмалар сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады
Е) сұранысты фирмалар, ал ұсынысты үй шаруашылықтары қалыптастырады.

20. Техникалық прогресс – бұл:


A) изокванталардың координаттар басына орын ауыстыруы
B) изокосталардың координаттар басына орын ауыстыруы
C) жоғарыдағы изоквантаға орын ауыстыру
D) жоғарыдағы изокостаға орын ауыстыру
Е) изокосталардың жоғарыға оырн ауысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет