Микроэкономика



бет2/63
Дата15.09.2017
өлшемі10,07 Mb.
#33181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

экономикалық іс-әрекетін - олардың белгілі бір шешім қабылдап, әрі қарай соны жүзеге асыруы деп сипаттауға да болады. Қазіргі кездегі микроэкономикалық теория шешім қабылдау процесіне көп көңіл бөліп, зерттеуге бағытталған.

Соньмен микроэкономиканың пәні деп экономи-

калық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы

шешім қабылдауын айтамыз.

Микроэкономикалық зерттеулер бірнеше іргелі алғышарттарға сүйенеді және бұлар микроэкономикалық талдаудын, өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Соның ішінде ең алдымен экономикалық атомизмді атауға бо-лады: микроэкономика өздігінен шешім қабылдап, соны іске асыратын экономикалық бірліктерге көп көңіл ау-

дарады.


Микроэкономикалық талдаудың келесі қағидалық

белгісі - экономикалық субъектілердің ұтымдылық



8

1.1. Негізгіэкономикалық түсініктер

қимылын болжауы. Экономикалық рационалдам тұжы-рымдамасының (концепциясының) түпкі мәні біріншіден, экономикалық субъектілердің өз қызметтерінен түсетін тиімділігін анықтау болса; екіншіден, осы тиімділікке жету үшін кеткен шығындарын есептеу; нәтижесінде осы көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, өз пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізе білу болып есептеледі. Бұл жерде пайда — экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері,

ал шығындар — экономикалық субъектілердің осы пайдаға қол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері болып табылады. Шығындары мен пайдаларын салыстыру арқылы экономикалық субъект ұтымды шешім қабылдайды.

Нарықтық экономикада пайда көбінесе ақша түрінде бағаланады, яғни ақшалай түсім немесе түсім түрінде беріледі. Ал шығындар - жұмсауға кеткен қаражаттар немесе шығындар түрінде болады.

Экономикалық іс-әрекет нәтижесінде кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылықты ақша түрінде -табыспен көрсетуімізге болады. Экономикалық субъектілердің оңтайлылығы экономикалық қызметтегі табыстың ең жоғары деңгейге жетуімен бағаланады.

Микроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі шекті немесе маржиналдық талдау. Бұл талдау эконо-микалық іс-әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді, яғни экономикалық субъект тек қана жалпы түсім мен жалпы шығындарды ғана салыстырмайды, сонымен қатар, өнім мөлшерін көбейткендегі қосымша түсім мен қосымша шығындарды да салыстырады. Шекті (қосымша) түсім шекті (қосымша) шығыннан көп болған уақытта шекті (қосымша) пайда оң сан болады. Сондықтан өз пайдасын мейлінше арттырғысы келетін экономикалық субъект бұнымен тоқталмайды. Жоғарыда айтылған екі көрсеткіш бір-біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді. Шекті түсім шекті шығынға тең болғанда пайда ең жоғары деңгейге жетеді,

9

1- тарау . Микроэкономикаға кіріспе.



сонда ғана мақсатына жетеді.

Микроэкономикада функционалдық талдауға да үлкен мән беріледі. Бұл зерттеуді жүргізгенде экономикалық өзгерістер кезіндегі басты көрсеткіш анықталады, ал содан кейін оған әсер ететін факторлар іздестіріледі. Сөйтіп олардың арасьшдағы тәуелділікті функция көмегімен көрсетеді.

Микроэкономиканың жоғарыда қарастырылған ерек-шеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады. Экономикалық модель дегеніміз экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсету. Бұл кезде зерттеліп отырған құбылыстардың басты қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын жақсы түсіну үшін кейбір бөліктері

қарастырылмайды.

Модельдер ауызша, график түрінде және символдық (аналитикалык) болуы мүмкін. Кез келген ғылым әр түрлі моделъдерден тұрады, олар көбінесе ауызша болады.

Бірақ та, теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебі олар көрнекі (график) және қысқаша,

түсінікті болады.

Кез келген моделъде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. Әр түрлі құбылыстар, олардың қасиеттері, сонымен қатар олардың өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельдерде



экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалы-лардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады - бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қортынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз.

10

1.2. Экономикадағы таңдау және шектеу

Олар модельдің нәтижесі болып табылады. Модельді құру нәтижесінде экзогендік айнымалылардың эндогенді айнымалыларға қалай әсер ететінін көреміз.

Әрине кез келген модель нақты экономикалық құбылысты белгілі бір дәрежеде ғана көрсетеді. Сондықтан оның нақты жағдайға сәйкес екенін анықтаған кезде экономикалық

іс-әрекеттің модельде көрсетілмеген басқа да қасиеттері, көрсеткіштері өзгермейді деп ұйғаруымыз керек. Бұл шартты әрі қарай зерттеулер кезінде қолданамыз (басқа көрсеткіштер тұрақты деп қарастырғанда).

1.2. Экономикадағы таңдау және шектеу

Экономикалық шешім қабылдау қажеттілігі төмендегі себептерден туындайды. Біріншіден, экономикалық субъектінің белгілі экономикалық іс-әрекеттер жасауға мүмкіндігі болғанда, ал екіншіден, осы экономикалық іс-әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда. Экономикалық іс-әрекеттердің әр түрлі тәсілдері міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі ығыстыра алатын

(жоққа шығаратын) болуы тиіс. Бұл шарт орындалмаса орындау тәсілдерінің қай-қайсысын да қолдануға болады және ешқайсысы да бір-біріне кедергі болмайды.

Бұдан түсінетініміз, экономикалық шешімді қабылдау проблемасы - шын мәнінде экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін тандау проблемасы және бұндай жағдай берілген экономикалық субъектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен тақдау қажеттілігі де берілген уақытта туады.

Жоғарыда айтылғандай, әрбір экономикалық іс-әрекет белгілі бір өзіне сай қажеттілікті анықтаудан басталады. Әрине, қажеттілікте шек болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырған-да, ол басқа жаңа қажеттіліктер

11

1-тарау. Микроэкономикаға кіріспе

туғызып, күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселелер көбінесе тұрақты болады. Ал екінші жағынан, біздің қажеттілігімізді қанағаттандыратын ре-сурстар мен технологиялар әрқашанда шектеулі болады. Біріншіден, бұл табиғатта кездесетін игіліктердің әр түрлі мөлшерде болуы, мысалы, кейбір игіліктер басқаларына қарағанда өте аз болады. Екіншіден, адамзат қольмен жасайтын игіліктер де шектелуі. Бұл

тек белгілі уақыт аралығындағы белгілі игілік түрінің қор мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар оны

толықтырып отыру мүмкіндігіне де байланысты. Қорларын толықтыру мүмкіндіктеріне байланысты игіліктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: қайта өндірілетін және қайта өндірілмейтін. Сонымен, әр түрлі игіліктердің көлемдері мен қорларын толықтыру

деңгейі олардың бір-бірімен салыстырмалы шектеулілігін көрсетеді және игіліктердің сиректігі категориясы деп аталады.

Кез келген тұтынушының қолындағы игілік қоры

оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін және өмірде бұл өте жиі кездеседі. Қажетгілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуып



игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді.

Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулілігі (соның ішінде ресурстар мен технологаянын) адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданатын барлық игіліктерге тән қасиет.

Сан түрлі қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қа-нағаттандыру іс жүзінде мүмкін емес, сондықтан қажеттіліктердің кейбіреуі түгелімен қанағаттандырыл-майды. Сондықтан, кез келген экономикалық іс-әрекет, қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандырылатын қажеттілікті таңдап алу болып есептеледі және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тарту керек екенін көрсетеді. Сонымен қатар

12

1.2. Экономикадағы таңдау және шектеу

кез келген экономикалық іс-әрекет шектеулі игілік қорының белгілі бір бөлігінің шығынын көрсетеді, бұның нәтижесінде қарастырып отырған қажеттіліктен басқала-рын қанағаттандыру мүмкіншілігі азаяды. Белгілі қажет-тіліктерді қанағаттандыру үшін шығарылатын ресурстар шамасы басқа қажеттіліктерге керек осы ресурстар ша-масымен байланысты болады. Бұдан түсінетініміз

белгілі бір ресурстардың белгілі мөлшерін бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін жұмсайтын болсақ, онда қалған қажеттіліктерді толықтай қанағатгандыру мүмкіншілігі аз, себебі игіліктер немесе ресурстар жетіспеуі мүмкін. Осыдан тандау проблемасы үнемдеу проблемасымен тікелей байланысты болады.

Үнемдеу проблемасы - берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жет-кізуін айтамыз.

Баламалық қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық іс-әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Бұған жататындар: ақпарат алуға, шешім қабылдауға, берілген шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге кететін шығындар. Экономикалық қызметтің шығындары әр түрлі институционалдық жүйеде әр түрлі формада болуы мүмкін.

Игіліктердің шектеулілігін және балама тәсілдердің ішінен тандап алу қажеттілігін ескере отьфып, кезкелген экономикалық қызметгегі шығындар проблемасын қарастыратын болсақ, онда төмендегідей қортындылар шығаруға болады. Белгілі бір игілікті алуға бағытталған

кез келген әрекет дәл осы мезгілде басқа баламалы игіліктерді алудан бас тартуға мәжбүр етеді. Мысалы,

30 теңгеге 1 литр сүтті сатып алу үшін бір бөлке нан-

13

1-тарау. Микроэкономикаға кіріспе

нан бас тартуға тура келеді немесе темір құймадан гай-

ка жасайтын болса, онда осы дайындамадан болт жасай

алмайды.

Көп жағдайларда тандау мүмкіндіктері екі вариант-

тан көп болады. Экономикалық субъект әр баламалық нұсқаларда қолданатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде пайдасы ең жоғары деңгейде болатын баламалық нұсқаны таңдап алады.

Балама шығын деп жүзеге аспаған балама мүмкіндіктердің ең жақсысынан түсетін пайданы айта-

мыз.


Балама шығынның кәдімгі өндірістік шығыннан

айырмашылығын мынадан көреміз:



Экономикалық тандау кезінде балама шығындарды есептеу микроэкономикалық талдаудың маңызды прин-циптерінің бірі болып есептеледі. Балама шығындарды өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы арқылы көрсетуге бола-ды. Бұл қисық — екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы шикізаттан дайын өнім өндіргенде бір ғана балама игіліктін, өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта

басқа игілік өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстар-дың өндірістік құрылымдарының балама мүмкіндіктері өте көп болады.

14

/. 2. Экономикадағы таңдау және шектеу





1.1-сурет. Өндіріс мүмкіндіктернің шектеуі.

Суреттен көріп отырғанымыз Е1 нүктесінде Б иілігін - Б мөлшерде, ал А игілігін - А1 мөлшерде өндіруге болады. Е2 нүктесінде А игілігін өндіруді А2 шамасына дейін көбейту туралы шешім қабылданады дейік, сонда Б игілігінің саны Б2-те дейін азайғанын көреміз.



2 - А1)- А игілігінің қосымша саны, ал 2 - Б1)

— баламалық немесе балама шығындар болады. А игілігін өндіруді неғұрлым көбейтсек, солғұрлым балама шығындар жоғарылайды. Балама шығындардың өсуі қолданылып отырған ресурстардың өзіндік ерекшеліктеріне де байланысты болады. Барлық ресурстар бір игілікті өндіруде көбейтіліп, екіншісінде азая бермейді. Ұтымдылықты көздейтін экономикалық субъект бірінші осы ресурсты өте керек ететін өндірісте қолданып, өндірісті кеңейтеді де, тек содан кейін ғана

бұл ресурсты өте көп қажет етпейтін өндірісте қолданады, себебі кез келген ресурс шектеулі болады. Сонымен, өзіндік ерекшеліктері бар экономикалық ресурстар басқа балама өндірісте белгілі бір мөлшерде және байымды түрде ғана қолданылады. Соның нәтижесінде ресурстардың шектеулі және өзіндік ерекшеліктері болуына байланысты, балама әнімдердің кез келген бір түрін өндіруді жоғарылатқан кезде балама шығындар әрдайым өседі.

15

1-тарау. Микроэкономикаға кіріспе_____________

1.3. Әр түрлі экономикалық жүйелердегі

ұштастыру мәселелері.

Айналым моделі

Экономикалық іс-әрекеттердің жалпы проблемаларына балама мүмкіндіктерді талдау мен шектеулі ресурстарды үнемдеу тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бұлар барлық игіліктерді экономикалық субъектілердің, өндіріс түрлерінің және белгілі қажеттіліктердің арасына орналастыру болып табылады. Сондықтан кез келген экономиканың болуы және дамуы осы негізгі үлкен экономикалық проблеманың шешіміне байланысты. Игіліктерді орналастырудың ең жақсы тәсілдерін іздестіру “Не өндіреміз?” “Қалай өндіреміз?”, “Кім үшін өндіреміз” деген негізгі проблемаларды шешудің жолдарын анықтайды.

Игіліктерді орналастыру мәселелерін талдау кезінде біз экономикалық субъектілердің өзара байланысын қарыстырып өтеміз. Әр экономикалық субъект өзінің та-быстары мен шығындарын бағалап, таңдау жасағаннан кейін, қоғамда жеке субъектілердің экономикалық қызметтерін үштастыру мәселесі пайда болады.

Оған төмендегілер жатады:

1) өндірушілер арасындағы өзара шешімдерді ке-лістіру;

2) тұтынушылар шешімдерін келістіру;

3) жалпы тұтыну мен өндіру шешімдерін толықтай келістіру.

Бүндай қажеттілік көптеген себептерден туады, соның ішінде экономикалық субъектілердің экономикалық қызметтердің белгілі бір түріне мамандануынан.

Игіліктерді қалай орналастыру мәселесін шешуге және экономикалық қызметтерді үштастыруға байланысты экономикалық жүйелерді бірнеше түрге бөледі:

16

1.3. Әр түрлі экономикалых; жүйелердегі ...



Патриархалдық жүйеде (дәстүрлі қоғамда) экономикалық тәртіптің барлық нормалары, тіпті өндірістің сандық параметрлері мен нақты игіліктерді бөлуге дейін, тұрақты өзгеріссіз делік. Олар экономикалық субъектінің белгілі

бір бөлігі сияқты болады. Дәстүрлі қоғамға жаңа мүше кірген кезде экономикалық тәртіптердің нормалары

мен ережелері оған қоршаған ортаның қуатты идеология-лық, соның ішінде дін әсері арқылы белгіленеді. Ресурстарды, қызметтердің түрін және тағамдарды өндіріп, пайдалануда осы жүйенің тұрақтылыгын қамтамасыз

ететін дәстүрлердің ролі өте зор. Дәстүрлі экономиканың осы жетістігі ең басты кемшілік болып табылады, себебі экономикалық тәртіптің нормасы мен ережелерінің өзгеруіне патриархалдық жүйе әрдайым өте көп қарсылық жасайды. Сондықтан, қандай да болмасын техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуда жетістіктер енгізу өте қиын.



Әкімшілік жүйеде патриархалдық қоғамдағыдай эко-

номикалық субъектілерге қатаң экономикалық тәртіптер тағайындалмайды, бірақ идеологиялық қысым әлі де күшті. Экономикалық тәртіптің ережелері мен параметрлерін және игіліктерді келістірімді түрде орналастыруды басқару жүйелері анықтайды. Басқару жүйесі негізінен үкімет болады. Бұл жүйенің басты кемшілігі: сырттай басқарудың өз қол астындағылардың экономикалық белсенділігін марапаттаудын болмауы және экономикалық субъектілердің қызметтеріне сырттан шектеу қойылуы болып табылады. Сондықтан бұндай жүйелерде экономика өте жоғары қарқынмен, содан кейін тоқырау және төмендеумен кезектесіп дамиды.



Нарықтық жүйеде экономикалық тәртіптің нормалары сатып алушылар мен сатушылардың өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасады.

Бұл біріншіден, қьізметтестіқ және бәсеке кезінде экономикалық іс-әрекеттердің параметрлері мен ережелерін өзгерту жолымен экономикалық даму мүмкін-

17

1-тарау. Микроэкономикага кіріспе

шілігін, ал екіншіден, осындай даму кезінде жеке мен-шікті пайдалану арқылы экономикалық субъектілердің жеке қызығушылығының мүмкіншілігін қамтамасыз етуді біріктіреді. Осының нәтижесінде барлық экономикалық субъектілердің әрқайсысы өзінше іс-әрекет жасауын бәріне міндетті қүқық нормасымен шектейтін, бірақ өзіндік ынталану мен экономикалық белсенділікті барынша жоғарылатуды қамтамасыз ететін бәріне бірдей жалпы ережелерге бағынады. Бүл кезде жеке іс-әрекеттің өз еркінше кеңейтілуіне байланысты экономикалық іс-әрекеттің жалпы тәртіптілігі мен регламенті елеулі өседі. Сондықтан әлсіз экономикалық шешімдер сәтсіздікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Экономикалық субъектілердің қызметтері мен игіліктерді орналыстыруды үйлестіру ролін экономикада нарық механизмі атқарады, соның ішінде баға жүйесінің маңызы зор.

Нақты экономикалық жүйелерде барлық уақыт аралығында экономикалық қызметтерді үйлестірудің барлық жүйелері әр түрлі арасалмақпен бірігіп қатар жұмыс істейді. Жоғарыда айтқандай әрбір жүйенің күшті және әлсіз жақтары болады. Нарықтық жүйе жағдайында на-рықтық мәмілені іске асыру кезіндегі экономикалык іс-әрекеттердің шығындары трансакциялық шығындар

деп аталады.

Олардың құрамына: ақпараттарды жинау және өндеу (жөндеу) шығындары; келіссөз жүргізу және шешім қабылдау шығындары; тексеру шығындары және ке-лісімнің орындалуын занды түрде қорғау шығындары

кіреді.


Әкімшілік жүйенің қызметіне байланысты шығын-дарды әкімшілік шығындар деп атайды. Оған жататындар: ақпаратпен қамту шығындары, орьндалу шы-

ғындары.


Трансакциялық және әкімшілік шығындарды өзара салыстыратын болсақ, онда ол берілген нақты экономи-калық жүйедегі нарьтқтық және административтік меха-

18

1.3. Әр түрлі экономикалық жүйелердегі ...

низмнің қатынастарын және олардың қызметтерінің шектеулерін анықтайды. Нарық трансакциялық шығын-дардың бір бөлігін (ақпарат жинау) ең төменгі деңгейге жеткізу арқылы үйлестіру процесінің үнемді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Нарық жағдайында үйлестіру мәселесі айналым мо-делі мен сұраныс және ұсыныс модельдерінің көмегімен талданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет