Микроконтроллердің құрылымы Микроконтроллердің басқару блогі


Микроконтроллердің құрылымы



бет2/4
Дата28.10.2022
өлшемі1,43 Mb.
#155438
түріПрограмма
1   2   3   4
Байланысты:
микроконтроллеры

Микроконтроллердің құрылымы
Микроконтроллердің құрылымына негізінен бағыттаушы құрылым, арифметика - логикалық құрылым және ішкi регистрлердiң блогы кіреді. Бұл негізгі параметрлер барлық микроконтроллерлер құрамында болады. Микроконтроллерде сигнал алмасу, яғни екі жақты алмасу мәліметтердің 8-разрядты магистралі арқылы жүзеге асады. Бұл құрылымдар арасында бағдарлаудың ішкі сигналының мәліметтерді беру жүйесі орналастырылған. Микроконтроллердің құрылымының схемасы төмендгі 1-суретте көрсетілген.
1-сурет - Микроконтроллердің құрылым схемасы
Микроконтроллердің басқару блогы
Басқару блогы және синхронизациялар синхронизацияланған және бағдарлаушы сигналдарды өндiру үшiн арналған. Басқару блогiнiң құрамдарына мыналар кiредi :
  • уақыт аралықтарының құрастыру құрылымы;
  • енгiзу-шығару логикасы;
  • команда регистрi;
  • электр энергиясының тұтынуын басқаратын регистр;
  • командалар дешифраторы, ЭЕМ басқару логикасы.
  • Уақыт аралықтарының құрастыру құрылымы iшкi фаза сигналдарын құрастыру және беру үшiн арналған. Машина циклдерiнiң саны командалардың орындалуының ұзақтықтығын анықтайды. БКЭЕМ-ның (бір кристалды ЭЕМ) түгелдей дерлiк командалары бiр немесе екi машина циклдаларында орындалады.
  • Енгiзу-шығару логикасы енгізу/шығару порттары арқылы сыртқы құрылымдармен ақпарат алмасу сигналдарын қабылдау және беру үшiн арналған.
  • Команда регистрi атқарылатын команданың 8-шi дәрежелiк операция кодын жазу және сақтау үшiн арналған.
  • Электр энергиясының тұтынуын басқаратын регистр электр энергиясының тұтынуын кiшiрейту және бөгеу деңгейінiң кiшiрейуi үшiн микроконтроллердiң жұмысын тоқтатуға мүмкiндiк бередi.
  • Командалар дешифраторы, ЭЕМ басқару логикасы команданы орындау барысында операция кодтарын микропрограммаға өзгертедi.

2- сурет - Контроллердің қозғалыс блок-схемасы
Микроконтроллердің арифметика-логикалық құрылымы
Арифметика-логикалық құрылым арифметикалық және логикалық операцияларды орындауды қамтамасыз ететiн параллел сегiз разрядты құрылымнан тұрады. Арифметика-логикалық құрылым құрамына мыналар кіреді:
  • ТЕСҚ тұрақтылары,
  • сумматор,
  • қосымша регистр ( В регистры),
  • аккумулятор,
  • бағдарламалардың күйi регистрі.
  • ТЕСҚ тұрақтылары мәлiметтердiң екiлiк-ондық кодта берiлуiн өндiрудi қамтамасыз етедi.
  • Параллел сегiз разрядты сумматор арифметикалық операцияларды қосу, алу және логикалық операцияларды қосу, алу, көбейтуге арналған бiртiндеп тасымалдауы бар комбинациялық түрдiң схемасын қамтиды.
  • B регистры операция уақытында көбейту және бөлуде қолданылатын сегiз разрядты регистр. Ол басқа нұсқаларда қосымша жедел регистр сияқты қарала алады.
  • Аккумулятор арифметика-логикалық операцияларды орындау барысында пайда болған нәтиженi қабылдау және сақтау үшiн арналған сегiз разрядты регистр.
  • Бағдарламаның күй регистрі бағдарламаны орындау кезіндегі арифметика-логикалық құрылымның күйi туралы ақпаратты сақтау үшiн арналған.
  • Электрондық құрылғыларды басқару үшiн қолданылатын микросхема — микроконтроллер. Микроконтроллер процессордың функцияларын бойына жинаған оның құрамында ТЕСҚ және ЖЕСҚ болады. Басқаша айтқанда бұл қарапайым тапсырмаларды орындай алатын біркристалды компьютер.
  • Ал енді MCS-51 микроконтроллерінің архитектурасын мысалға алайық. MCS-51 топтарының архитектурасы қолайлы және карапайым да арзан цифрлық құрылғыларымен ерекшеленген. . MCS-51 топтарына қарапайым микроконтроллерден бастап күрделі микроконтроллерде болатын микросұлба кіреді.

3-сурет - К1830ВЕ751 микроконтроллерінің құрылымдық схемасы
Суретте көрсетілген микроконтроллердің құрамының негізгі бөліктеріне: такті импулстары генераторы, басқару болгы, арифметикалық-логикалық құрылым, таймер/санауыш болгы, кезекті интерфейс блогы және үзілулер, бағдарламалық санауыш, мәліметтер жадысы және бағдарлама жадысы. Екіжақты алмасу ішкі 8-разрядты мәліметтер магистралі арқылы жүзеге асады.
  • Басқару блогы (Timing and Control) құрылғының блоктармен үйлескен жұмысын оның кез-келген жұмыс режимінде қамтамасыз ететін басқарушы сигналдарды тудыру үшін арналған. Оның құрамына уақыт интервалын қалыптастырушы құрылғы, енгізу-шығару логикасы, командалар регистрі, электр энергиясын тұтынуды реттейтін регистр және де команда дешифраторы, ЭЕМ басқару логикасы.
  • Тактілік жиілік генераторы (такті импулсі генераторы) әр түрлі процестерді синхронизациялау үшін берілген жиілікте электрлік импульсті өндіреді. Тактілік импульс эталонды жиілік ретінде қолданылады-олардың санын өлшей отырып, мысалы, уақытша интервалдарды өлшейди.
  • Уақытша интервалды қалыптастыру құрылғысы циклдер, тактілер және фазалар ішкі синхросигналдарын беру және қалыптастыру үшін арналған. Машиналық циклдердің саны орындалған команділердің ұзақтығын анықтайды. Негізінде БЭЕМ-нің орындалуы төрт машиналық циклді құрайтын көбейту және бөлу команділерінен басқа барлық команділері бір немесе екі машиналық циклде орындалады. Fг арқылы берілген генератордың жиілігін белгілейік. Онда машиналық циклдің ұзақтығы 12/Fг тең немесе берілген генератор сигналының 12 периодын құрайды. Еңгізу-шығару логикасы Р0-Р3 еңгізу-шығару порттары арқылы 12/Fг ішкі құрылғыларымен ақпарат ауыстыруды қамтамасыз ететін сигналдарды шығару және қабылдау үшін арналған.
  • Команда регистрі орындалатын команданың 8 разрядты операция кодын жазуға және сақтауға арналған. Код операциясы, командалар дешифраторы және ЭЕМ басқару логикасының көмегімен командаларды орындайтын микропрограммаға түрленеді.
  • Электр тұтынуды басқаратын регистр (PCON) қуат көзін тұтыну азйып кеткенде және микроконтроллер тарапынан болатын бөгеттер деңгейінің төмендеп кеткенде микроконтроллердің жұмысын тоқтатуға мүмкіндік береді.
  • Арифметика-логикалық құрылым (ALU) арифметикалық және логикалық операцияларды орындауды қамтамасыз ететiн параллел сегiз разрядты құрылымнан тұрады.
  • Бағдарламаның күй регистрі (PSW) бағдарламаны орындау кезіндегі арифметика-логикалық құрылымның күйi туралы ақпаратты сақтау үшiн арналған.
  • Командалар счетчигі (Program Counter) берілген 16 разрядты адресті ішкі бағдарлама жадысына және 8/16 разрядты адресті сыртқы бағдарлама жадысына қалыптастыру үшін арналған.
  • Мәліметтер жадысы (RAM) бағдарламаны орындау кезінде қолданылатын мәліметтерді уақытша сақтауға арналған.
  • P0, P1, P2, P3 порттары екіжақты бағытталған енгізу-шығару квазипортына жатады. Ол 32 енгізу-шығару сызығын бейнелей отырып, ЭЕМ мен оның ішкі құрылғыларымен ақпарат алмасуын қамтамасыз етеді.
  • Бағдарлама жадысы (EPROM) құрамына тұрақты есте сақтау жүйесін қосқан және бағдарламаларды сақтауға арналған. Микросұлба түріне қарай ТЕСҚ өшірілетін және тазаланатын түрлері қолданылады.
  • Мәліметтерді көрсету регистрі (DPTR) 16 разрядты адресті сыртқы жадыға немесе бағдарлама жадысына сақтауға арналған.
  • Стек көрсеткіші (SP) кұрамына сегізразрядты регистрді қосқан, кез келген жады ұяшығына мәліметтерді уақытша сақтай алатын жадының ерекше аймағын қалыптастыруға арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет