Есеп № 20. Мал фермасының фельдшері бір айға жуық ауырады. Буындарының ауырсынуы, қызба, тершендік туралы шағымдар айтады. Дəрігер бруцеллезге күдік келтірді. 1. Адамдарда бруцеллез тудыратын бруцеллалардың түрлерін атаңыз. Бруцеллалардың
патогенділік факторлары, олардың маңызы.
Тұқымдас: Brusellaceae Туыстас: Brusella Түр: b. melitensis, b. abortus, b.suis, b.ovis, b.canis, b. neotomae Бруцеллалар континенттердiң бəрiнде кең таралған, əсіресе мал шаруашылығы дамыған елдерде.
Инфекция көзі - ауылшаруашылығы жəне үй жануарларының ауруы. Адамдар үшiн ең
эпидемиялық маңыздылары - B. melitensis, B. abortus жəне B. suis. Aypy адамнан жұкпайды, ол
биологиялык тұйық болып табылады. Ауру малдар бруцеллаларды сүтiмен, несебiмен, нəжiсiмен,
жатыр суымен жəне басқаларымен бөліп шығарады. Адамдарға негiзiнде алиментарлык жолмен
(шикі сүт, сүт өнiмдерi, ет жəне басқалары) жəне жанасу арқылы (ауру малдарға күтім жасағанда)
жұғады.Адамдарда бруцеллаларды қабылдаушылық өте жоғары.Кесел спорадикалық түрде немесе
жекеленген инфекция тұтыну ошағы(бұрқетпе) сипатында пайда болады,ол қоздырғыш түрлеріне
байланысты.Адамнан адамға ауру берілмейді.
Патогенділік факторлары. Бруцеллалар сүтқоректілердің факультативті жасушішілік паразиттері
болып табылады (соның ішінде адамдардың да). Инвазиялық кабілеттілігі жоғары, агрессиялық
фермент- гиалуронидазасы болады. Вирулентіліктің негізгі факторлары - эндотоксин жəне капсула.
Есеп № 21. Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары(аралық бақылау арналған).Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Изданиепятое.
F PRO WKMU703-08-2020.
Measuring instruments (for intermediate control)
. Fifthedition.