40 жастағы науқастан зерттелетін материал алынды: бубонның құрамы. Ет-пептонды агарға (ЕПА) себу жүргізілді. +28 °C температурада инкубация жасалынды. 18-20 сағаттан кейін колониялар R-пішінді колониялар өсіп шықты, олардың ортасы мөлдір, айнала шеті шілтерлі орамал тəріздес болды. Колониядан жасалған жағындыда грам-теріс, полиморфты, биполярлы боялған таяқшалар көрінді. 1. Жоғарыда аталған белгілер қандай қоздырғышқа тəн? Қоздырғыштың таксономиялық жағдайын
сипаттаңыз жəне оның патогендік факторларын атаңыз.
Тұқымдас:Enterobacteriaceae Туыстас:Yersinia Түр:Y. pestis,Y. pseudotuberculosis,Y. enterocolitica Ү. pestis овал пішінді, анилиндік бояғыштармен биполярлы боялатын, пішіні бойынша
ағылшындық түйреуішке ұқсас,қозғалысы жоқ, мөлшері 1,5х0,7 мкм таяқша. Нəзік капсуласы
болады.
Патогенділігі: У.лреѕtis-тің көптеген патогенділік факторлары бар,олардың генетикалық
детерминирленуі хромосомамен жəне үш плазмидалармен аткарылады. pҮV плазмида ТТСС (Ysc-
Yops) синтезделуін,антифагоцитарлық белсенділігі бар эффекторлық нəруыздардың өндірілуін
детерминирлейді. Антифагоцитарлық белсенділік жəне патоrенділік факторларымен - жасушадан
тыс аденилатциклазамен, супероксиддисмутазамен жəне pH6 нəруызбен қамтамасыз етіледі,
олардың гендері хромосомада орналасқан.Ірі плазмида pҒra Fl-антигеннің, микробтық
фагоциттермен жұтылуына кедергі жасайтын капсулалык нəруыздың жəне оба патогенезінде рөл
атқармайтын, бірақ бүрrе іnіегінде колонизациялау процесіне қажетті тышқандық токсиннің
F2-фракциясының синтезделуін детерминирлейді.
Патогендік ферменттердің — плазмокоагулазаның (комплементтің əсеріне резистенттілікті
қамтамасыз ететін), фибринолизиннің жəне пестициннің синтезделуі рРѕt кіші плазмидамен
реттеледі.
Есеп № 23. Жұқпалы аурулар ауруханасына "Обаның бубондық түріне" күдікпен эндемиялық оба