Микрош емтихат 2 курс docx


Есеп № 29. 18 жастағы қыз, саяжайдағы кіреберісті жуу кезінде саусағына жаңқа енгізіп алған



Pdf көрінісі
бет27/61
Дата17.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#191603
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Байланысты:
Ìèêðîø åìòèõàò 2 êóðñ docx

Есеп № 29.
18 жастағы қыз, саяжайдағы кіреберісті жуу кезінде саусағына жаңқа енгізіп алған.
Жаңқаны толығымен алалмаған жəне жараны зарарсыздандырмаған. 2 аптадан кейін
аурудың алғашқы белгілері пайда бола бастады: шайнау бұлшықеттерінің спазмы, жұтылу
қиындықтары түрінде пайда болды. Дəрігерге жүгінген кезде клиникалық белгілері
негізінде «Сіреспе» болжама диагнозы қойылды.
1. Патогенділіктің қандай факторы патогенездің спецификалығын жəне сіреспе ауруының
клиникалық көрінісін анықтайды? Оның қасиеттерін сипаттаңыз.
Тұқымдастығы:
Clostridiсеа
Туыстығы:
Clostridia
Түрі:
Clostridium tetani
Сіреспе қоздырғышынын ен сипатты ерекшелiгi онын экзотоксиндер ендiру қабiлеттiлiгi болып
табылады, олар сіреспелік инфекция патогенезінiн де жəне клиникалық көрінісінін спецификасын
Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары(аралық бақылау арналған).Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Изданиепятое.
F PRO WKMU703-08-2020.
Measuring instruments (for intermediate control)
. Fifthedition.


аныктайды. Сіреспелік токсин екі фракциядан тұрады: нейротоксин немесе тетаноспазмин, ол
жүйке жүйесіне əсер етiп келденен салалы бұлшықеттің тырысуын қоздырады, нəтижесінде
сіреспенің спецификалык симптомдык кешені пайда болады (16.8-сурет, түрлі-түсті беттi
караныз); тетаногемолизин эритроциттерді ерітіп жібереді.Тетаноспазмин 2-3 тəуліктен кейін
дакылдарда табылады, ал максималды жинақталуы 5-7 тəуліктерден кейін байкалады. Кəдімгі
зертханалык жағдайда сақтаған кезде ол жарык сəуленің жəне оттегінің əсерінен жəне
жоғарылығы шамалы температурада (55-56 °С) жылдам бұзылады, кептірілген жағдайда жаксы
сакталады. Тетаногемолизин микроб дакылында 8-10 сағ кейін табылады, оның максималды
жинакталуы 20-30 сағ кейін аяқталады. Сіреспелік нейротоксин 13 аминқышқылдарынан тұрады
жəне өте күшті улы əсер етеді: 1 мл дакылдык сұйықтықтың құрамында 100 мыңнан 1-4 млн-ға
дейін массасы 15-18 г ак тышкандар үшін елім туғызатын дозасы болады.Теңіз шошқасы үшін
минималды елім туғызатын дозасы тышқандарға қарағанда шамамен 8-10 есе аз болады.
Сіреспелiк токсин ішектің шырышты қабаттары арқылы сіңбейдi, сондыктан ауыз аркылы
енгiзгенде жануарларда елiм турызбайды.Сіреспенің клиникалык көрiнiсi зертханалык майда
жануарларда көтерілетін (восходящий) cipеспе деп аталатын сiреспе типі бойынша дамиды.
Тышқанның артқы аяғы терiсiнiң астына токсин енгiзген кезде алғашқыда жергiлiктi сiреспе
кұбылысы көрініс береді тышканныҢ аяғы сiресiп калады жəне бүгілмейді, құйрығы катая түседі.
Бұлшықетке енгiзiлген тырысу токсины кеудесінің бұлшықеттеріне тарай бастайды да, денесi
кайкая бастайды. Сонында тырысу барлық бұлшықеттерге таралып, жануар жалпы жайылмалы
сіреспеден өледі.Адамдар мен iрi жануарларда бұлшыкет закымдануы токсиннің алғашқы енген
жерiмен байланысты емес жəне төменгі түсетін (нисходящий) cipеспе типі бойынша дамиды.
Процесс шайнау жəне мимикалық бұлшықеттерден басталады, сонан сон бүкіл дененiң жəне
кол-аяктардың бұлшықеттеріне тарайды.Инфекцияның жұғу көзі - жануарлар жəне адам олар
клостридияларды нəжісімен топыракка шығады. Сіреспе клостридияларынын споралары
зерттейтін топырақтың 50-60%-да, ал кейбір топырақтарда 100% жағдайда табылады. Əсіресе,
тезек тасталған топырак спораларга бай болады. Споралар шанмен таралып тұрғын үйлерге,
сырткы киiмдерге,аяк киiмге жəне баска нысандарға түсуі мүмкін.Ауырғандардың 2/3 бөлiгi ауыл
шаруашылығының жұмысшылары,1/3 1-ден 15 жасқа дейінгі балалар. Сіреспе ауруының
жартысынан астамы егiн жайында немесе мал кораларында жұмыс аткару кезінде күрекпен,
шегемен, тікенектермен аяктарының жарақаттануы нəтижесінде пайда болады. Жаңа туылған
нəрестелерге қоздырғыш кіндік өзекшесі аркылы, ал босанған əйелдерге жатырының шырышты
кабаттары аркылы енуi мүмкiн.Жарақатқа түскен микроб міндетті түрде көбеймейді жəне ауру
қоздырмайды, тек қана токсин пайда болуына жағдай жасалғанда ғана (құрамында ұйытылған
жəне өлі тіндер бар кең жыртылған жаракат болғанда) ауру пайда болады. Сіреспе кезінде
жасырын кезен 3 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Оның ұзақтығы ең бастысы токсиннiн
жылдам жəне жеткілікті мөлшерде пайда болуымен жəне оның орталы жүйке жүйесіне (ЦНС) түсу
жылдамдығымен байланысты.Сіреспенің алғашқы симптомдары бұлшықеттердің ауырсынуымен
оның жарақаттанған жерде қатаюымен көрініс береді, содан кейін шайнау жəне мимикалық
бұлшықеттерінің қатайып тырысуы басталады. Науқастың бет əлпеті өзгеріп, сардоникалык кулкі
(сардоническая улыбка) кезiндегiдей көрінеді. Кеудесінің, ішінің жəне кол-аяқтарының
бұлшықеттерінің катаюы, тырысуы біртіндеп күшейе бастайды (төменге түсетін сіреспе
нисходящий). Бұлшықеттерінің барлығы тырысады,денесi сiресiп калады, қозғалмайды, осыған
байланысты aypy «cіреспе>> деп аталады.Бұлшықеттердің түйілуімен қатар олардың сiресуi
дамиды, олар əр түрлі нəрселердің (дыбыс, жарык, жел самалы жəне т.б.) əсерінен пайда болады.
Дене температурасы 39-42 °С-қа дейін көтеріледі. Көбінесе асфиксия зардабынан өлiммен
аякталады. Сіреспенің негізгі симптомдары жұлын жəне бас миының қозғалтқыш жуйке
орталықтарының тiкелей закымдануынан болады. Сіреспелік токсин пайда болған жерде
шеткейлік (перифериялық) қозғалтқыш жүйкелердің өзекті цилиндрмен, периневралдык жəне
эндоневралдық қуыстарымен жылжи отырып, орталық жүйке жүйесіне түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет