Есеп № 32.
Науқаста бірнеше апта бойы жоғары температура бар. Аурудың өршу кезінде розеолезді,
содан кейін розеолезді-петехиальды бөртпе пайда болды. Қанды қоректік ортаға себу кезінде
өсім алынған жоқ. Тауық эмбрионын сарысу қапшығына жұқтырған кезде, кейіннен
жағынды дайындау кезінде жасушаішілік грам-теріс полиморфты микроорганизмдер
табылды. Дəрігердің алдын-ала диагнозы: "Бөртпе сүзегі".
1.Жағындыларда қандай микроорганизм табылды? Қоздырғышты анықтау үшін зертханалық
зерттеудің тағы қандай əдістері қолданылады.
Тұқымдастық: Rickettsiaceae
Туыстастық: Rickettsia
Түрі: Rickettsia sibirica, Rickettsia conorii
Бөрітпе сүзек — іш сүзегіне ұқсас ауру, бірақ одан айырмашылығы бар. Оның инфекциясы биттің,
кененің, егеуқұйрықтың немесе бүргенің тістеп-шағуынан тарайды.
Диагноз қою үшін көбінесе серологиялық əдістерді (АР, КБР, ЖГАР, ЖИФР, ИФТ) қолданылады;
қоздырғышын бөліп алу тек қана арнайы риккетсиологиялық зертханаларда (патогенділігі
бойынша II топ) жұргізіледі. Тасымалдаушыларды зерттеу үшін экспресс-əдістерді ИФТ, БС
тобының риккетсияларын анықтау үшін иммундыглобулинді диагностикуммен ЖГАР қолдануға
болады. Қоздырғыштың ДНҚ-н ПТР-мен анықтауға болады, соңынан ампликонның нуклеотидтік
реттіліктерін анықтау жолымен сəйкестендіріледі.Казірге кезде көбінесе Брилль ауруының
спорадикалық окиғалары кездеседі, инфекция тұтанулары Брилль ауруына шалдыққан наукаста
жəне оның айналасындағыларда киімдік биттер табылғанда (педикулез) болуы мүмкін.
Есеп № 33.
Ауыл дəрігеріне 55 жастағы əйел иық аймағында диаметрі 18 см тұрақты емес пішінді
сақина түрінде эритемаға шағымданды. Сақинаның ортасында терісі ашықтау. Науқас үш
апта бұрын орманға барып, оны кене шағып алғанын айтты. Бастапқыда тістеу аймағында
қызару аз болды, бірақ уақыт өте келе қабыну аймағы мөлшері күрт өсті. Дəрігердің
Достарыңызбен бөлісу: |