Микрош емтихат 2 курс docx


Есеп № 40. № 24 мектепте профилактикалық тексеру кезінде флюорографияда тубдиспансерге тексеру



Pdf көрінісі
бет38/61
Дата17.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#191603
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61
Байланысты:
Ìèêðîø åìòèõàò 2 êóðñ docx

Есеп № 40.
№ 24 мектепте профилактикалық тексеру кезінде флюорографияда тубдиспансерге тексеру
үшін жіберілген
оқушысының оң жақ өкпесінің жоғарғы жағында қараю ошақтары
анықталды. Бактериоскопиялық зерттеу жəне ПТР деректері негізінде "Өкпе туберкулезі"
диагнозы қойылды.
1. Қоздырғыштың таксономиясын, осы микроорганизмнің морфологиялық жəне биологиялық
қасиеттерін сипаттаңыз.
Бұл-туберкулез.
Тұқымдас:Mycobacteriaceae
Туыстастығы:Mycobacterium
Түрлері:M.tuberculosis, M.bovis, M.africanum,М. microti,М. canettii, М. pinnipedii,М. сарrае
Морфологиясы
.Туберкулез қоздырғыштары айқын полиморфизмдiлiгiмен сипатталады. Олардың
пішiндерi ұзын, жіңішке (М. tuberculosis,M. africanum) немесе қысқалау, жуан (М. bovis) тiке
немесе иілген таяқшалар. Цитоплазмасы гомогенді немесе дəнді болып келеді,құрамында
бактериялардың метаболизмiнде манызды рөл атқаратын липидтер немесе метафосфаттардан
тұратын көлемi əр түрлi 2-ден 12-ге дейiн дəндер болады. М. bovis-тiн дəндiлiгi айқын емес.
Микробактериялар - грам-оң боялады, талшықтары жоқ, спора түзбейді.
Микробактериялардың жасуша қабатынын кұрылысы өте күрделі.Жасуша қабатынын бiрiншiлiк
қабықшасы айқасып байланысқан пептидогликаннан тұрады.Оны салыстырмалы түрде құрамы
тұрақтылығымен
сипатталатын,
жасушанын
полисахаридтi
стромасын
қалыптастыратын
арабиногалактонды қабаты қайталайды. Онын пептидогликанмен, микол қышқылы жəне оның
өнiмдерiмен байланысу нүктелері бар. Сыртқы қабаты негiзiнде липидтерден тұрады жəне
химиялық курамы өзгеріп отырады. Микол қышқылдары бос сульфо-липидтер жəне корд-фактор
ретiнде кездеседі, соның нəтижесiнде микобактерия өрілген бұрым немесе арқан тəрiздi өсiндi
береді. Микол кышкылынын болуы олардын химиопрепараттарға нысана болуын қамтамасыз
етедi. Гликолипидтердiң беткейлік қабатын микозидтер деп атайды. Ол микобактериялардың
антигендік касиеттерін анықтайтын түрспецификалык кұрамы болып табылады. Корд-фактор жəне
суль-фолипидтер сиякты олар уытты жəне гранулемалар пайда болуды қоздырады. Жасушалық
қабатынын маңызды компонентi липоарбиноманан болып табылады. Ол цитоплазматикалық
мембранаға зəкiрленген(заякорен), жасуша қабатын тесiп өтiп сырткы беткейiне шығады.Оның
терминалды фрагменттері, дəлірек айтсак, маннозды радикалдар Т-лимфоциттердiң белсендiлiгiн
басып тастайды, ол микобактерияларға қарсы иммунды жауаптың бұзылуына əкеледі. Жасушалық
мембранада жəне жасуша кабатының қабыршықтарында заттектер тасымалдауын
қамтамасыз ететiн арналар мен қуыстар болады.
Құрамында микол қышқылы бар жасуша қабатында көп мөлшерде липидтер болуына байланысты
олар анилиндiк бояғыштарды нашар қабылдайды. Қышқылға, спиртке жəне сiлтiлерге төзiмдi
бактерияларды
бояу
үшiн
Циль-Нильсен
əдiсiн
қолданады. Ол препаратты жоғарғы
температурамен жəне қышқылмен өңдеуге негізделген. Препаратта микобактериялар ашық-қызыл
түске боялған, шашыранды немесе шамалы топтасып V-рим цифры сияқты орналасқан таяқшалар
түрінде табылады.
Туберкулез коздырғыштарының полиморфизмдiлiгi əр түрлі морфологиялық варианттарының
пайда болуымен көрініс береді:Филтрлiк, ультрамайда, дəн тəрiздес, шар жəне жiпше тəріздес
жəне де L-пішінді бактерия түрлерi. Олардың метаболизмдiк белсендiлiгi төмен
жəне ұзақ уақыт макроорганизмнiң макрофагтарының ішінде персистенциялау қабiлеттiлiгi бар.
Олар туберкулезге қарсы қолданылатын препараттарға сезімтал емес. Осындай варианттарының
вирулентті бациллярлық түрге айналуы рецидивтер пайда болуына жəне кеселдiң
асқынуына əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет