Микрош емтихат 2 курс docx


Есеп № 38. Клиникаға сол қолдың білегінің сыртқы бетіндегі қызба, қалтырау, бас ауруы, карбункул



Pdf көрінісі
бет36/61
Дата17.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#191603
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61
Байланысты:
Ìèêðîø åìòèõàò 2 êóðñ docx

Есеп № 38.
Клиникаға сол қолдың білегінің сыртқы бетіндегі қызба, қалтырау, бас ауруы, карбункул
жəне бүкіл білектің қатты ісінуі туралы шағымдармен аң терісі фабрикасында жұмыс
істейтін науқас түсті. Алынған карбункулда жағынды микроскопиясы кезінде бамбук
таяқшасына ұқсайтын тізбектерде орналасқан грам-оң таяқшалар табылды. Дəрігер
болжама "Күйдіргі". Терілік формасы"диагнозын қойды.
1. Дəрігер диагнозын қою үшін микробиологиялық диагностиканың тағы қандай əдістерін қолдану
керек? Олардың біреуін егжей-тегжейлі сипаттаңыз.
Тұқымдас:Bacillaceae
Туыс:Bacillus
Түр:B.anthracis(B. subtilis,B. cereus,B.licheniformis)
Зерттеу үшін алынады: карбункула жəне күлдіреуік бөлінділері, какырык, нəжіс, қан жəне несеп.
Патолого-анатомиялық зерттеу кезінде ағзалардың кесінділерін немесе бүтін ағзаларды алады.
Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша сырткы ортаның əр түрлі нысандарын зерттейді жəне
жануарлардың жүнін жəне қылшықтарын зерттейді. Сынамаға алынған заттардың бəрін арнайы
герметикалық ыдыстарға салады, мұқият жабылған бокстарға немесе ағаш жəшіктерге салып,
пломбылап, аса қауіпті инфекциялар зертханасына жеткізеді.Микробиологиялық диагноз қою аса
қауіпті инфекциялар кезіндегідей қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтап жүргізіледі.
Диагноз қою үшін микробиологиялық əдістердің бəрін қолданады.Ең алдымен зерттеу заттарынан
жағынды дайындап Грам жəне Poмановский – Гимза əдісімен жəне капсуланы анықтау үшін
метилендік кокпен бояйды. Жағындыларда капсуламен қоршалған ірі грам-оң стрептобациллалар
болуы алғашқы болжамдау диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Люминисценттік микроскопта
қарау күйдіргі диагнозын қоюдың қосымша əдісі ретінде қолданылады, бұл кезде күйдіргілік
бациллалар(люминисцентті сарысумен өңделген) айнала шеті көкшілдеу болып,жарқырап
көрінетін таяқшалар сияқты көрінеді.Таза дақылмен бөліп алу үшін зерттеу заттарынан ЕПА жəне
ЕПС-ға себеді жəне зертханалық жануарларға (ақ тышқандар, теңіз шошқалар) жұқтырады.
Бөлініп алынған таза дақылды келесі тесттер бойынша сəйкестендіріледі: ЕПА жəне ЕПС-да өсу
сипаты, желатинді «төңкерілген шырша» тəрізді сұйылту, қозғалысының (талшықтарының)
болмауы, «інжулік алқа» тесті, ВА-9 жəне «Саратов» күйдіргілік бактерио- фагтарымен лизистенуі.
Қосымша лецитиназалық жəне гемолитикалык белсенділігін анықтайды.
Биосынама бойынша паталогиялық материалды немесе сыналатын дақылды теңіз шошқаларының
шап терісінің астына, ақ тышқандардың құйрығының өзегіне енгізеді. 10 күндей жануарлар
байкауда болады. Өлген жануарлардың бауырын, көкбауырын, лимфа түйіндерін, бүйректерін,
жүрегінен
алынған
қанды
зерттейді.
Күйдіргі
қоздырғышының
болуына
тəжірибелік
жануарлардағы айқын патолого-анатомиялық өзгерістер дəлелдейді: материал енгізген жерде
ісіну,қою ұйымайтын кан, шелмайларда қан құйылу, борпылдақ көкбауыр,қатты қызыл бауыр.
Ағзалардан жəне қаннан дайындалған таңба жағындыларда капсуламен қоршалған грам-оң
таяқшалар болады.
Серологиялық диагноз қою материалдарда қоздырғыш табылмаған жағдайларда жүргізіледі.
Науқастың қан сарысуындағы антиденелерді анықтау үшін агглютинациялық латекстік реакцияны
немесе протективті күйдіргілік антигенмен ПГАР қоюды пайдаланады.Күйдіргілік антигендерді
ИФР, ИФТ, КБР, ЖГАР, гельдегі РП жəне Асколи бойынша термопреципитциялық реациялармен
анықтайды. Жануарлардың шіріген немесе мумифицирленген өліктерінде,теріде (балғын,
кептірілген, өңделген) немесе одан жасалған заттарда, жүндерінде т.б. күйдіргілік антигендердің
Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары(аралық бақылау арналған).Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Изданиепятое.
F PRO WKMU703-08-2020.
Measuring instruments (for intermediate control)
. Fifthedition.


болуы Асколи əдісімен термопреципитациялық реакцияның көмегімен анықталады. Бірақ оның
тірі кезде диагноз қоюда, бактериологиялық жəне серологиялык əдістерге қарағанда артықшылығы
жоқ.
Ретроспективті диагноз қою үшін (эпидемиологиялық зерттеу негізінде) антраксинмен
тері-аллерегиялық реакция қояды. Антраксинді 0,1 мл көлемінде тері ішіне енгізеді, нəтижесінде
24-48 сағаттан кейін тіркейді. Теріде диаметрі 16 мм-ден үлкен қызару (гиперемия) жəне
инфильтрат пайда болса сынама оң нəтижелі деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет