құрылымдық
детерминанттарына
жауапты
вирус
геномының
учаскелеріндегі
нүктелі
мутациялармен байланысты. Нəтижесінде вирустар популяциясында жаңа антигендік варианттар
тұрақты пайда болып отырады, олар анда-санда тұмау эпидемиясын қоздыруға себепкер болады.
Өйткені, кез келген тұмау вирусының штамдары бірнеше жыл бойы адамдар арасында айналымда
болғаннан кейін оның беткейлік протективті антигенінің құрылымының өзгергені соншалықты,
бұрын пайда болған иммунитет ауруға шалдығудан шамалы деңгейде ғана қорғайды.
Антигендік шифт ( – бұл гемагглютининнің жəне нейраминидазаның жаңа түрінің пайда болуы, ол
гемагглютининнің немесе нейраминидазаның тиісті түрлерін кодтайтын геномның қайта
сұрыпталуымен жəне оның бір жасушаға, бір туыстастыққа жататын екі түрлі вирус (мысалы,
адамдардың жəне жануарлардың вирустары) жұққаннан кейін пайда болатын рекомбинациялардың
нəтижесі болып табылады.
Дақылдандыру.
Тұмау вирустары тауық эмбриондарында жəне жасуша дақылдарында өсіріледі.
Оңтайлы орта тауық эмбриондары болып табылады, олардың амниотикалық жəне аллантоикалық
қуыстарында вирус 36-48 сағат бойы көбейеді.Тұмау вирусына ең сезімтал адам эмбрионының
жəне кейбір жануарлардың бүйрек жасушаларының біріншілік дақылдары.
Достарыңызбен бөлісу: