Микрош емтихат 2 курс docx


Есеп № 49. Сары аурудың ауыр түрімен ауыратын науқас жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. 3 ай



Pdf көрінісі
бет46/61
Дата17.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#191603
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
Байланысты:
Ìèêðîø åìòèõàò 2 êóðñ docx

Есеп № 49.
Сары аурудың ауыр түрімен ауыратын науқас жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. 3 ай
бұрын ол тіс дəрігерінен ем алып, тісін алып тастағаны белгілі болды. Соңғы алты ай ішінде
басқа медициналық манипуляциялар жəне сарғаю мен ауыратын науқастар мен байланыс
болған жоқ.
1. Қандай вирустық гепатиттің парентеральды берілу механизмі бар? Осы топтан шыққан бір
қоздырғышты сипаттаңыз (морфология, құрылым, антигендер, өсіру).
Гепатит С.
Тұқымдастығы:Flaviviridae
Туыстастығы:Hepacivirus
Күрделі құрылған РНК-құрамды вирус, сфера пішінді, диаметрі - 55-65 нм.Капсиді куб типтес
симметриядан құралған, жүрекшенің (core)құрылымдық нəруызынан, НС-антигенінен жəне
құрылымсыз нəруыздардан (NS2, NS3, NS4, NЅ5) тұрады, олар вирустың репродукциялануы үшін
керекті ферменттер болып табылады. NS2-NS4 нəруыздар вирустық РНҚ полипептидінің
трансляциялануы нəтижесінде синтезделген NЅ ауданының процессингіне қатысады,нəруыз
протеолитикалық жəне хеликaзaлық белсенділігі бар, бифункционалды нəруыз болып табылады.
NS5 нəруыз РНҚ-тəуелді РНҚ-полимераза болып табылады.Капсид гликопротеинді gp EI жəне gp
E2/NS1 тікеншелері бар липопротеинді қабықшамен қоршалған.
Антигендік құрылымы.
Вирустың антигендері: НС-антиген (core-антиген); құрылымдық емес
NS2-NS5 нəруыздар; гликопротеинді gpЕ1 жəне gpЕ2/NS1 қабықшалар.Геномы плюс-тізбекті РНҚ
тұрады. Геном жылдам өзгеріп отыруға бейімді. В-эпитопқа ие, E1 жəне Е2 гликопротеиндердің
синтезін детернирлейтін аудан ерекше гипермутабелділікке ие жəне сол жерде вирусты
бейтараптаушы антиденелер өндіріледі. Гликопротеиндерде аминқышқылының ауысуы вирустың
антигендік қасиеттерін өзгертеді,ол оған антиденелердің бейтараптанушы əсерінен құтылуға
мүмкіндік береді. Вирустың 14-тен астам генотиптері болады. Ең кең таралған 1-3 генотиптері, ең
вирулентті генотипі 1b болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет