Микрош емтихат 2 курс docx


Есеп № 65. Жұқпалы аурулар клиникасында "Нағыз шешек" диагнозы бар науқас болды



Pdf көрінісі
бет60/61
Дата17.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#191603
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Ìèêðîø åìòèõàò 2 êóðñ docx

Есеп № 65.
Жұқпалы аурулар клиникасында "Нағыз шешек" диагнозы бар науқас болды.
1. Нағыз шешектің қоздырғышын атаңыз. Вирустың таксономиясы мен құрылымын, антигендік
қасиеттерін көрсетіңіз.
Тұқымдастығы:Poxiviridea
Туыстығы:Orthopoxvirus
Түрі:Нағыз шешек
Поксвирустар - ең ipi вирустар: түрі сопақша пішінді (230×400 нм). Арнайы бояу тəсілін колданып
боялғанда (Морозов бойынша күмістеу əдісі) вириондары элементарлы Пашен денешіктері түрінде
көрінеді. Алғашқы рет вирусты сəулелі микроскопта 1906 ж. Е. Пашен тапкан. Вирионның
жүрекшесі гантель пішінді; ол екі бүйірлі дененің арасында орналасқан. Вирионның геномы
шеттері коваленттің тұйықталған (түйреуіштер немесе теломерлер) екі жіпшелі сызықшасы
ДНҚ-дан тұрады. Вирустың 30-дан астам құрылымдық нəруыздары бар жəне вириондык емес
гемагглютинині болады. Сыртқы мембрана цитоплазмада жүрекшенің айналасында
құрастырылады, ал кабыкшасы (ең сыртқы) жасушадан шығар кезде алынады.Вирустардың
нуклеопротеинді жəне ерігіш антигендері бар жəне вакциналык вируспен жалпы ортак антигендерi
болады.
Есеп № 66.
Рецидивті оппортунистік инфекциялары бар пациентке зертханалық тексеруден кейін
дəрігер "АИТВ-инфекциясы" диагнозын қойды.
1. АИТВ инфекциясының эпидемиологиясы жəне патогенезі.
Тұқымдастығы:
Retroviridae
Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары(аралық бақылау арналған).Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Изданиепятое.
F PRO WKMU703-08-2020.
Measuring instruments (for intermediate control)
. Fifthedition.


Туыстастығы:
Lentivirus
Шығу тегі жəне эпидемиологиясы.
АИВ-1 жəне АИВ-2 шығу тегі жөнiнде көптеген
айтыс-талқылаулар туындап отыр. Қазіргі кезде АИВ-1 жəне АИВ-2 шимпанзе жəне түтiн түстес
мангобейлерден адам популяциясына келген деп есептеледі. Вирустардың вириондары мен
геномдарының жалпы ортақ кұрлымы бар, дегенмен, РНК-ның реттілігі мен нəруыздардың едəуiр
айырмашылығы болады. Адам популяциясына вирус қашан жəне қалай ендi деген сұраққа жауап
ǝлi белгiсiз болып отыр. Ол вирустық геномның мутациялық өзгеруiнен емес, адамдардың кейбiр
топтарының сексуалдық тəртiбiнiң өзгеруi жəне миграциялануы жəне т.б. нəтижесінде жекеленген
вирус
популяциясының
берiлуiмен
байланысты
деген
болжам
бар.
Қазірге
кезде
АИВ-инфекциясының эпидемиясы əр түрлі дəрежеде бүкiл континенттi қамтыған. АИВ-1
эпидемиясының эпицентрі Шығыс Африка болып табылады, ал АИВ-2 көбінесе Батыс Африкада
таралған. ДДҰ мəліметі бойынша 2007 ж. соңында дүние жүзінде АИВ жұққан 40 млн астам адам
болған, олардың 3 млн астамы осы инфекциядан өлген. РФ-да АИВ эпидемиясының дамуы
жалғасуда. 2007 ж. соңында ауру жұққызғандардын саны 400 мың адамнан асты.
АИВ-инфекцияланғандардың санының өсуі дамыған елдерде де жалғасуда (АҚШ, Батыс Еуропа,
Канада, Австралия). Ол бір жағынан антиретровирусты терапияны кең қолданумен байланысты, ол
АИВ инфекциясын жұктырғандардың өмiрiн ұзартады, екiншi жағынан еркектер арасында қауiптi
секстiң (44%), қорғансыз гетеросексуалдық қатынастың (34%) жəне тамыр ішiлiк есiрткiлер
қолданудың
нəтижесiнде
(17%)
инфекцияның
жаңа
оқиғаларының
пайда
болуымен
байланысты.АИВ-инфекцияның берiлу жолдары барлық парентералды инфекциялар кезiндегi
сияқты жəне оған кiредi:гетеро жəне гомосексуалды жанасулар, қан жəне қан өнiмдерiң құю,
тамыр ішiлiк есiрткiлер қолдану, ағзалар мен тiндердi алмастыру, вертикалдык берiлу (жүктілік
кезiнде, туылған кезде, емiзгенде анасынан баласына берілу), кəсiби жұқтыру медициналық
инфекцияланған аспаптармен екпе жасағанда немесе кесiп алғанда жұқтыру. Табиғи берiлу
жолдарының əр түрлiлiгi,бұл инфекцияға адамдардың жалпы қабылдаушылығының жоғары болуы,
вирустың жоғары инфекциялылығы, инфекция жұқтырғандардың жұқпалы кезеңiнiң ұзақтығы,
сенiмдi емдеу əдістерінің жəне спецификалық профилактикасының болмауы АИВ инфекциясының
жылдам таралуының негiзгi себептері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет