Пән - қазақ тілі
|
Сынып - 4
|
Өтілетін мерзімі: 16.10.15
|
Тақырыбы:
|
Менің үйім
|
Мақсаты:
|
Алған білімдерін нығайту
Міндеттері: - тақырып бойынша сауатты жазып, сөйлеуге үйрету.
- топта, жұпта, жеке жұмыс жасауға үйрену.
- жауапкершілікке, табандылыққа, салауатты өмірге бейімделу.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылар:
Үйдегі бөлмелердің қазақша атауы туралы біледі;
http://sozdik.kz/ сайты арқылы жаңа сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аудармасын жасай алады;
тыңдалым және сұхбат барысында сөздер мен сөз тіркестерді қолданып сөйлем құрай алады.
|
Сабақта қолданылатын белсенді оқыту әдістері:
|
Миға шабуыл
Jigsaw (Жигсо)
«Жүгірме диктант»
Демонстрациялау
Жинақтау
Жобалау
«Ойлан, қосыл, бөліс»
«Ыстық орындық»
«2 жұлдыз, 1 тілек»
|
Сабақта қолданылатын модульдер:
|
Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану; Қалай оқыту керектігін үйрету; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Диалогтік оқыту; Талантты және дарынды балаларды оқыту; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Сабақ кезеңдері
Орындалатын тапсырмалар
|
уақыты
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурс
|
І. Қызығушылықты ояту.
«Миға шабуыл» әдісі
Тренинг «Дене мүшелерімен амандас...»
Мақсаты: топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
8 мин
|
Аудиториямен амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Топқа бөлуді ұйымдастырады.
Мақсаты: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға жағдай жасау.
Ұсынылған суреттер «Қонақ бөлме», «жатын бөлме», «Балалар бөлмесі», «Асхана» арқылы сыныпты 4 топқа және рөлдерге бөледі.
Топ ережесін еске түсіреді.
Әр топқа өз суреттеріне байланысты шығармашылық тапсырма береді. Орындауға 4 мин. екенін хабарлайды, электрондық сағатты қосады.
Мақсаты: оқушылардың тақырып мазмұнын ашуда өзіндік сыни ойлауын дамыту
Сабақ тақырыбын таныстырады, дәптерлеріне жаздырады.
Сұрақ-жауап арқылы сабақ тақырыбын ашады
|
Оқушылар суреттер арқылы 3 топқа және «хатшы», «баяндамашы», «көшбасшы», «уақыт төрешісі» рөлдерге бөлінеді.
Әр топ ережесін ескере отыра, өз суреттеріне байланысты шығармашылық тапсырмаларды (өлең, тақпақ, мақал-мәтел т.б.) дайындап, басқа топтарға таныстырады.
Оқушылар сабақ тақырыбын жазады
|
1слайд «Сәлем сөздің анасы», «Бөлме»суреттері,
http://www.muzalem.ru/
Ноутбук, электронды сағат,
2 слайд
3 слайд
4 слайд
|
ІІ. Мағынаны тану
Jigsaw (Жигсо);
«Жүгірме диктант»
Топтық жұмыс:
«Астана қаласы» мәтінімен жұмыс.
|
10 мин.
5 мин
2 мин
|
Тақтада, ноутбукте «Біздің үй» тақырыбы бойынша жаңа сөздер беріледі
Мақсаты: Оқушылардың есту және жазу қабілетін дамыту, мәтінді өздігінен аударуға бағыттау, топта сыныптастарының көмегіне жүгінуге, бір-бірінің пікірлерін тыңдауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
«мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» жағдайында қарым-қатынас жасау арқылы бірлесе жаңа тақырыпты меңгереді.
|
Әр топ мүшесі қабырғада ұсынылған мәтіннің сөйлемдерін есте сақтап, өз тобындағы сайланған хатшыға жеткізеді, хатшы мүмкіндігінше дұрыс түсініп, қатесіз дәптерге жазады, топ мүшелеріне көмектесуге мүмкіндік беріледі.
|
Мәтіндер
|
Мәтін мазмұны бойынша жобалау жұмысын береді. Топтардың, олардың ішінде А,В,С деңгейлі оқушыларды қадағалайды.
Тапсырманың нәтижесі тексеріліп, бағалау жұмысын дарынды оқушыларды тарту арқылы жүргізеді.
|
Әр топтың хатшысы өз мәтінін оқып, неше сөз жазып үлгергендерін санап, айтады, ұпайларын электронды бағалау парағына енгізеді (1 сөз 1 ұпай)
|
5 слайд
Ноутбук-Электронды бағалау парағы
|
Мәтіннен негізгі ұғымдарды анықтау тапсырмасын http://sozdik.kz/ сайты арқылы орындау жұмысын ұйымдастырып, қадағалайды.
|
Топтар мәтіннен негізгі ұғымдарды анықтайды, http://sozdik.kz/ сайты арқылы 3 тілде аударады.
|
Ұялы телефон
|
Белсенді тақтада (6 слайд) дұрыс жауаптарын ұсынады.
Тапсырманың нәтижесі тексеріліп, бағалау жұмысын дарынды оқушыларды тарту арқылы жүргізеді.
|
Топтар 6- слайдтағы дұрыс жауаптармен өз жауаптарын талдап, өзара бағалайды.
Топ көшбасшылары – дарынды оқушылар бағалау жүргізеді.
|
6 слайд
Ноутбук-Электронды бағалау парағы
|
Бірлескен жұмыс: Грамматикалық талдау. «Ойлан, қосыл, бөліс» стратегиясы
|
5 мин
|
Грамматикалық талдау жұмысын ұйымдастырады: Тәуелдеу
1-топқа Ұстаз
2-топ
3-топ Кітап
4-топ Мектеп
2. Берілген сөздермен сөйлем құру;
3. Осы сөздерге фонетикалық талдау жаса.
Мақсаты: Грамматикалық талдау арқылы тақырыпты меңгеру
Күтілетін нәтиже:
Грамматикалық компонентті меңгереді, жаңа ұғымдармен байланыс жасай алады, сөздік қорлары молаяды. Оқушыларды деңгейіне сай оқыту.
|
Әр топтар берілген тапсырма бойынша дәптерлеріне грамматикалық талдау жұмыстарын орындайды
|
|
|
|
Тапсырманың нәтижесі тексеріліп, бағалау жұмысын дарынды оқушыларды тарту арқылы жүргізеді.
|
Өзін-өзі бағалау оқушылар бағалау жүргізеді
|
Ноутбук
Электронды бағалау парағы
|
Жұптық жұмыс:
«Жинақтау» әдісі
«Үйде неше бөлме бар?» интеллектуалды ойын
|
4 мин.
|
Топтық ішіндегі жұптық жұмысты ұйымдастырады. «Астана сандары не айтады?» интеллектуалды ойынын ұйымдастырады. Оқушылардан белсенді тақтада берілген сандарды немен байланыстыруға болатынын сұрайды.
Мақсаты: Оқушылардың мәтін бойынша есте сақтау қаблетін анықтау
Күтілетін нәтиже:
Мәтінді меңгеру деңгейлері анықталады
|
Жұптағы оқушылар кезекпен белсенді тақтада берілген сандарды мәтінмен байланыстырып, жауап береді.
Топ көшбасшылары – дарынды оқушылар бағалау жүргізеді
|
7 слайд- негізгі;
8-15 слайдтар-қосымша
Ноутбук
Электронды бағалау парағы
|
ІІІ. Ой толғау
Жеке жұмыс
«Бос орынды толтыр» әдісі
|
4-5 мин.
|
Мақал-мәтелдерді толықтырып айту
Мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімдері бойынша қорытынды жасау. Күтілетін нәтиже:
Оқушылар қазақ тіліндегі өлең жолдарын зейін қойып тыңдайды және визуалды берілген мәтіннен керекті сөздерді таба біледі.
Тапсырманың нәтижесі тексеріліп, бағалау жұмысын дарынды оқушыларды тарту арқылы жүргізеді.
|
Берілген мәтіннен керекті сөздерді тауып, бос орындарды толтырады.
Топ мүшелері өзара жұмыстарын алмасып, өзара тексеріп, ұпай қояды
Топ көшбасшылары – дарынды оқушылар ұпайларды бағалау парағына енгізеді
|
Мақал-мәтелдер
Белсенді тақта
сайт
Ноутбук
Электронды бағалау парағы
|
Топтық жұмыс
«Жобалау» әдісі
«Менің қиялымдағы болашақ үйім» шығармашылық тапсырма
|
4 мин.
|
«Менің қиялымдағы болашақ үйім» шығармашылық жұмысты ұйымдастырады.
Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімдерін дамыта отыра, сабақта алған білімін ой-қиялдары арқылы жетілдіру
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін пысықтайды
|
Оқушылар «Дүниежүзілік EXPO – 2017» көрмесі туралы ақпаратты тыңдап, әр топ берілген қималардан 2 сөзден таңдап,
«active studio» бағдарламасы арқылы белсенді тақтаға жазады.
|
6 қима сөздер,
«active studio» бағдарламасы,
ноутбук
белсенді тақта
|
Бағалау
|
3 мин.
|
Тапсырманың нәтижесі тексеріліп, бағалау жұмысын дарынды оқушыларды тарту арқылы жүргізеді.
Электронды бағалау парақтарындағы ұпайлар бойынша қорытынды баға шығаруды ұйымдастырады.
e-learning- электрондық күнделікке бағалар түсіріледі.
|
Топтар бүгіншгі сабақ бойынша өзара «2 жұлдызша, 1 тілек» білдіреді.
Оқушылар электронды бағалау парақтарындағы ұпайлардан қорытынды баға шығару үшін көшбасшыға көмектесіп, әр оқушының бағасын шығарады.
|
Ноутбук -
Электронды бағалау парағы
e-learning- электрондық күнделік
|
Үй жұмысы:
|
V модуль: Сөздерді жаттау «Мен және болашақ үйім» тақырыбында эссе жазу
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілі, 4-сынып, Алматыкітап, 2014;
2.Ғаламтор көздері: kaztube.kz/ru/video/87018, www.youtube.com/watch?v=IuOc3NabPiM
|