Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не?


МӘМС заңнамасына ұсынылатын өзгерістер



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі212,85 Kb.
#123551
1   2   3
МӘМС заңнамасына ұсынылатын өзгерістер


2017

2018

2019

2020

2022

2023

Мемлекет жарнасы

Колданыстағы «МӘМС туралы» ҚР заңы бойынша

4%

5%

5%

5%

5%

6%

ҚР заң жобасы бойынша


3,75%

4%

4%

4%-дан 5%-ға дейін

4%-дан 5%-ға дейін

Төмендеу

 

0,75%

1%

1%

1%

1%

Жұмыс берушілер аударымдары

Колданыстағы «МӘМС туралы» ҚР заңы бойынша

2%

3%

4%

5%

5%

5%

ҚР заң жобасы бойынша

1%

1,50%

1,50%

2%

3%

3%

Төмендеу

2 есе

2 есе

2,66 есе

2,5 есе

1,66 есе

1,66 есе

Жеке кәсіпкерлер жарнасы

Колданыстағы «МӘМС туралы» ҚР заңы бойынша (1 ЕТЖМ-нен)

2%

3%

5%

7%

7%

7%

ҚРЗ жобасы бойынша (2 ЕТЖМ-нен)

5%

5%

5%

5%

5%

5%

Ұлғаю/төмендеу

2,5 есе

2%-ға

-

2%-ға

-

2%-ға

Енжар халық (1 ЕТЖМ-нен)

Колданыстағы «МӘМС туралы» ҚР заңы бойынша

-

-

-

-

-

-

ҚР заң жобасы бойынша


5%

5%

5%

5%

5%

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры деген не?


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) – медициналық қызметтерді сатып алу шарттында көзделген көлемі мен шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жасайтын аударымдар, жарналар жинайтын, қызметтерді сатып алу оларға ақы төлейтін коммерциялық емес ұйым.
Қор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңбері бойынша қаржылық оператордың және стратегиялық сатып алушы функцияларын атқаратын болады.

Азаматтың “сақтандырылғанын” қалай білуге болады?


Адамның сақтандыруы бар-жоғын анықтау үшін, медицина ұйымының жұмыскері бірыңғай электрондық деректер базасына оның ЖСН енгізгені жеткілікті.
Егер аударымдар жасалатын болса, жүгінген адам, сақтандыру тарапынан көрсетілетін барлық қызметтерді қолдануға құқылы.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушысы қалай бола алады?


Жеке кәсіпкерлер жергілікті салық органдарында тіркеуден өтуі керек.
Жұмыс болмаған жағдайда, жұмыспен қамту органдарында тіркеуден өтіп, жұмыссыз мәртебесін алу керек.
Жұмыссыз болып тіркелген азаматтар үшін жарна салуды мемлекет жүзеге асырады.

МӘМС жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қандай қызмет түрлері көрсетіледі?


-әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу (туберкулез, психикалық және т.б. аурулар);
-шұғыл жедел көмек;
-санитарлық авиация;
- вакцинация.
Бұл сақтандырудың бар-жоғына қарамастан ҚР барлық азаматтары үшін базалық қызметтер жиынтығы.

МӘМС жүйесінің қатысушысы қандай қызметтер түрлерін алуы мүмкін?


- Сақтандандырылған азаматтарды амбулаториялық-емханалық көмекпен, амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
- стационарлық медициналық көмек;
- жоғары технологиялық медициналық қызметтер;
- Стационарды алмастыратын медициналық көмек;
- ұзақ мерзімді мейірбикелік күтім;
- дәрілік препараттар.
ӘМСҚ кірістерінің өсімі бойынша халық үшін қолжетімді топтамасы кеңейтілетін болады.

ӘМСҚ- на мемлекет кім үшін жарна төлейді?


“МӘМС туралы” заңға сәйкес қорға жарна төлуден босатылады:
  • 1) балалар;
  • 2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен немесе бұрынырақ «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежедегі «Ана даңқы» ордендермен марапатталған көп балалы аналар;
  • 3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері;
  • 4) мүгедектер;
  • 5) жұмыссыз болып тіркелген тұлғалар;
  • 6) интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;
  • 7) орта, техникалық және кәсіптік, орта және жоғары білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары оқу орындардан кейінгі білімімен резидентура түрінде күндізгі оқу орындарында оқитын тұлғалар;
  • 8) бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) бала (қыз) етіп алуға, оған (оларға) үш жасқа жетуге дейін күтім жасауына байланысты демалыстағы тұлғалар;
  • 9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ баланы (балаларды) үш жасқа дейін тәрбиелейтін жұмыс істемейтін тұлғалар;
  • 10) зейнеткерлер;
  • 11) қауіпсізідігі ең төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазаларын өтеп жатқан тұлғалар;
  • 12) уақытша ұстау изоляторларда және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғалар;
  • Сонда, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарна төлеуден босатылады, бірақ медициналық қызметті ведомстволық мекемелерінде алуды жалғастырады.

ҚР заңында қарастырылған түзетулерге сәйкес, мемлекеттен жарна төлеушілер санаттарын кеңейту ұсынылады:
    • 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
    • Күндізгі нысан бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген тұлғалар, техникалық және кәсіптік оқу, орта білім орындарын, сондай-ақ жоғарғы оқу орнын бітірген соң оқу аяқталған айдан кейін үш күнтізбелік ай бойы;
    • Жұмыс істемейтін оралмандар (тіркеу күнінен бастап 1 жыл бойына);
    • ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар (Заңның 26-бабы 1 тармағында көрсетілген тұлғалар санаттары бойынша: балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, білімгерлер және т.б.).

Жарна төлеушілердің санаттық тізімін кеңейту
  • Сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі;
  • Денсаулық сақтау жүйесінің халық қажеттілігіне сай болуы;
  • Азаматтар денсаулығының жақсаруы және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы;
  • Амбулаторлық-дәрілік заттармен қамтамасыз ету топтамасының кеңейтілуі.

МӘМС жүйесін енгізудің халыққа тиімділігі:
Назар аударғандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет