ЭҚҚ-на қойылатын талаптар:
• қорғау кездейсоқ көшіруден және ниеттенген қол жеткізуден сақтау керек;
• кілтті көшіру мүмкіндігінің болмауы;
• қорғау негізгі жүйе жұмысына кедергі келтірмейтіндей немесе басқа бағдарламалық құралдарды қолдануға қиындық тудырмайтындай болуы керек;
• бір уақытта әртүрлі қорғау кілттері бар бағдарламалық құрылғыларды қолдану мүмкіндігінің болуы.
Қорғаудың бірде-бір әдісі сенімді болып табылмайды.
ЭҚҚ-ның түрлері
Белсенді ЭҚҚ – бұл құрылған қисынды логикасы бар және энергияны пайдаланатын ЭҚҚ. Бұл кәдімгі - ұсақ сұлбалар(микросхемалар). Қазігі заманғы ЭҚҚ стандартты кристал таймерін ЭҚҚ бөлігі түрінде пайдаланады. Құлыпқа таймер тест жібереді, оның көрсеткішін берілген уақыт аралығында есептейді; ол ЭҚҚ қосқанда ғана дұрыс болады. Бұл бір деңгейлік қорғау жалғыз кілтті пайдалану арқылы жүреді.
Жұмыс барысында қорғалған бағдарламада бастапқы мән тұрады және ат беру барысында ЭҚҚ-на мән беріледі: ЭҚҚ-нан қорғау кілттері есептеледі. Осыған ұқсас қағиданы INTRA-LOKK қорғау жүйесі пайдаланады. ДК-дің бос слотына арнаулы плата қондырылып, оған әр пайдаланушыға арналған көпсанды қорғау қондырғысы қосылады. Плата – дешифрленген деректерді қамтиды.
Дербес компьютердің қосарлы портына жалғанатын ЭҚҚ өнімі бар. Плата драйвері құрылғымен бірге қойылады. ЭҚҚ – сын бір – бірімен жалғау әртүрлі бағдарламалық өнімдер үшін ЭҚҚ – сын жөңдеуге, пайдаланушы жұмысын реттеуге мүмкіндік береді;
Достарыңызбен бөлісу: |