Дәрістердің тірек конспектісі «__»______ 200 ж. бекітілген жұмыс жоспары негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында қарастырылды
“______” _____________200__ж. Хаттама №_________ Кафедра меңгерушісі _______ Ж.К.Нұрбекова “______” _____________200__ж. Хаттама №_________ ӘК төрағасы _______________А.З.Даутова
Тақырып 1. Ақпарат қорғау жүйесін жобалау негіздері.
Қарастырылатын сұрақтар:
Ақпараттық қауіпсіздік: негізгі ұғымдары.
Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері.
1. Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ саласында жеке адамның қүқықтары мен мүдделері қорғалуының жай-күйі .
Ақпаратты қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезі қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық қауіпсіздік режімін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, бағдарламалық, техникалық шаралар қажет.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.
Достарыңызбен бөлісу: |