Дәрігерлік құпия - Дәрігерлік құпия
- 1. Әрбір пациент жеке құпиясының сақталу құқығына ие, медициналық көмек көрсетуге қатысатын дәрігер, басқа да тең дәрежелі тұлғалар, науқаспен басқаша қарастырылмаған жағдайда, дәрігерлік құпияны пациент өлімінен кейін және де медициналық көмекке жүгіну дерегін сақтауы тиіс.
- 2. Құпия науқастың медициналық көмекке жүгіну дерегіне және емделу процесінде алынған барлық мәліметтерге (диагноз, емдеу тәсілдері, болжам және т.б.) таратылады.
Пациент туралы медициналық анықтама мына жағдайларда жариялануы мүмкін: Пациент туралы медициналық анықтама мына жағдайларда жариялануы мүмкін: - пациенттің анық айтылған өз келісімімен;
- тергеу, прокуратура және сот органдарының негізделген талаптарымен;
- құпияның сақталуы маңызды түрде пациенттің және (немесе) басқа тұлғалардың денсаулығы мен өміріне (қауіпті инфекциялы аурулар) қауіп төндіргенде;
- ақпарат кәсіби қажеттілік болып табылып, емдеуге басқа мамандарды тарту жағдайында;
- Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауы тиіс.
- Медициналық ақпараттарды алуға рұқсатқа ие тұлғалар пациент туралы алынған барлық мәліметтерді құпия сақтауға міндетті.
- Ғылыми зерттеулер, студенттерді үйрету және дәрігерлерді қайта даярлау кезінде дәрігерлік құпиясы сақталу тиіс.Науқасты туралы ақпаратты жаиялау тек оның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |