Министерство здравоохранения рк



бет1/2
Дата07.05.2017
өлшемі1,42 Mb.
#15847
  1   2

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА





Патофизиология – 2. «АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ» модулі

Асқорыту жүйесі бойынша оқыту бір кезеңде өткізіледі.


Модулдің мақсаты: іргелі және клиникалық пәндерді біріктіру негізінде студенттерді асқорыту жүйесі дерттерінің патофизиологиялық тетіктерін түсініуге үйрету.

Патофизиология -2 модулінің міндеттері: асқорыту жүйесі бүліністерінің негізгі әйгіленімдері және синдромдарының патогенезін түсіндіруге үйрету

ДӘРІС ЖИНАҒЫ

1 тақырып. «Асқазандық және ішектік диспепсиялардың этиологиясы және патогенезі. Балалардағы ерекшеліктері.»


Мақсаты: Асқазандық және ішектік диспепсиялардың этиология және патогенезін меңгеру

Дәріс жоспары:

  1. Асқазандық диспепсия синдромының себептері және даму тетіктері. Асқазанның сөлденістік, қимылдық қызметтерінің бұзылуы.

  2. Ішектік диспепсия синдромы дамуының себептері және тетіктері.

  3. Ішектің қимылдық қызметінің бұзылуы.

  4. Мәлабсорбция синдромы

  5. Балаларда асқорыту бұзылыстары


Дәріс тезистері

АІЖ (асқазан - ішек жолы) дертін туындатушы себепкер ықпалдар екі түрге бөлінеді: асқорыту ағзаларын тікелей және жанама зақымдайтындар.

Асқорыту ағзаларын тікелей зақымдайтын жайттар:

  • Химиялық (темекінің жану өнімдері, уыттар, дәрілер, тағамдық қоспалар, әлкогөл)

  • Физикалық (қатты тағам, өте ыстық немесе суық тағам, бөтен денелер, радиация)

  • Биологиялық (микробтар, вирустар, құрттар ж. т.б.)

Асқорыту ағзаларын жанама зақымдайтын жайттар:

  • Басқа ағзалар және физиологиялық жүйелердің бүліністері: қанайналымы, бүйрек, ішкі сөлденіс бездері, бауыр

  • АІЖ реттеу тетіктерінің бұзылыстары (ББЗ тапшылығы немесе артықтығы - гормондар,простагландиндер, биогендік аминдер, пептидтер; симпатикалық немесе парасимпатикалық әсерлердің тапшылығы немесе артықтығы).

Қауіп-қатерлік жайттар



Себепкер ықпалдардың әсерін жүзеге асыруға септесетін жағдайларға (қауіп-қатерлік жайттар) көптеген жайттар жатады.
Организм реактивтілігінің бұзылыстары (асқорыту жүйесінің бүліністері жиі жоғары әсерленістік жағдайлар кезінде байқалады, мысалы, сезімталдықтың жоғарылау немесе ұзақ эмоциялық күштену болмысында).
Жыныс (мысалы, асқазан және ұлтабардың ойық жара ауруы жиі еркектерде байқалады).
Жас шамасы (асқорыту бұзылыстары есейген және қартайған шақта өте жиі байқалады).
Тұқым қуалауға бейімділік (мысалы, асқазанның жегілік ойық жарасына отбасылық бейімділік жиі анықталады).







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет