Министерство здравоохранения рк


Асқазан сөлі сөлденісінің бұзылуы



бет2/2
Дата07.05.2017
өлшемі1,42 Mb.
#15847
1   2

Асқазан сөлі сөлденісінің бұзылуы


Бұзылу түрлері және көріністері

Пайда болу тетіктері

  1. Гиперсекреция

  • Асқазан, ішек ауруларының дамуында маңызы жоғары (ойық жара ауруы, шырышты қабықтың жалағы, гипертрофиялық гастрит ж.көпт.б.).

  • төс астында жиі ауыру сезімімен, жүрек айну,қайталанған құсу, асқазаннан ішекке тағамның өтуі баяулауымен көрінеді, сөйтіп ішектік асқорытудың бұзылуын туындатады.

  • іргелік немесе энтерохромафиндік жасушалар массасының, тұқым қуалайтын, ұлғаюында.

  • кезбе жүйкесі межеқуаты жоғарылағанда.

  • асқазанның шыға беріс бөлігінің созылуында (босатылуының бұзылуы).

  • Золлингер-Эллисон синдромы кезінде.

  • қабынуға қарсы стероидтық емес дәрілер, кортизон және б. әсері кезінде.

  1. Гипосекреция

  • асқазан сөлінің қышқылдығы және ыдырату күші төмендейді, бұл жеткіліксіз өңделген тағам жентегінің асқазаннан ішекке түсуінің жылдамдауына және іш өтуі дамуына әкеледі. Жұқпалық сипаттағы сыртқы жайттардың ішекке өтуіне жағдай жасалады, бұл дисбактериоз және ішек-қарын жолы ағзаларының жұқпалық-уыттық бүлінісін туындатады.

  • организмнің арып-тозуы жиі байқалады.

  • дизэритропоэздік анемиялар қалыптасады.

  • асқазанның бездік құралының айқын құрылымдық өзгерістері (атрофиялық гастрит, полипоз, асқазанның қатерлі өспесі).

  • тамақтану тәртібінің бұзылуы.

  • тағамда нәруыз, витаминдер жеткіліксіздігі.

  • жұқпалы аурулар кезінде.

  • қызба кезінде.

  • гипотиреоз кезінде.

  • ОЖЖ қызметінің бұзылуы кезінде.



Асқазанның қимылдық белсенділігінің бұзылуы





Бұзылу түрлері және негізгі көріністері

Пайда болу тетіктері немесе клиникалық мысалдар

  1. Қимылдық белсенділіктің жоғарылауы

  • ауыру сезімімен, тағам жентегінің асқазаннан өтуінің баяулауымен қабаттасады.




  • ойық жара ауруы, гастриттер кезінде.

  • дерттік висцеро-висцералдық рефлекстер кезінде.

  • асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезінде.

  • пилороспазм кезінде.

  • кезбе жүйкені түрткілеген кезде.

  1. Қимылдық белсенділіктің төмендеуі

  • тамақ ішкеннен соң төс астында ауырлықтың пайда болуымен қабаттасады. Асқазанда іркілген тағам жентегі ашу және шіруге ұшырайды, бұл асқорыту жолының жұқпалық-уыттық зақымданулары, асқорыту жүйесінің толық, қатты бұзылулары үшін алдын ала жағдай жасайды.




  • отадан кейінгі кезең (кезбе жүйкені кесуден кейінгі синдром).

  • жұқпалы аурулар.

  • ауқаттық дистрофия.

  • асқазанның төмен түсуі.

  • қымылдың жүйкелік реттелуінің бұзылуы (асқазанның идиопатиялық салдануы, жүйкелік анорексия).

  • диабеттік нейропатия.

  • симпатикалық жүйке жүйесінің түрткіленуі.
Салдарлары.

  • Ерте (жылдам) тояттану синдромы. Асқазанның шығаберіс бөлімінің межеқуаты және қимылы төмендеуінен болады. Тағамды аз мөлшерде қабылдаудың өзі ауырлық және асқазанның артық толу сезімін тудырады.

  • Қыжылөңештің төменгі бөлігінде күйдіруді сезіну (асқазанның өңеш жақтағы қысқышы, өңештің төменгі қысқышы межеқуатының төмендеуінен, сөйтіп асқазанның қышқыл ішіндегісінің түсуінен).

  • Жүрек айну, құсу. Даму тетіктері: асқазан қабырғасының күшейген кері толқи жиырылуы, көкет және құрсақ қабырғасы бұлшықеттерінің жиырылуы, асқазанның өңеш жақтағы бөлігі және өңеш тегісеттерінің босаңсуы, сопақша мыйдың құсу орталығының қозуы.

  • Демпинг‑синдром — асқазан ішіндегісінің аш ішекке жылдам өтуінен дамитын дерттік жағдай. Әдетте, асқазан бөлігін алып тастағаннан соң дамиды. Демпинг‑синдромы патогенезінің негізгі тізбектері:

  • Аш ішек ішіндегісінің гиперосмолялдығы

  • Қантамырларынан ішек қуысына сұйықтың қарқынды тасымалдануы (осмостық қысымның градиенті бойынша).

  • Гиповолемия дамуы.

  • ББЗ түзілуі және жасушааралық кеңістікке шығуының белсенділенуі, олар жүйелік қан тамырлардың кеңеюін (серотонин, кининдер, гистамин ж.б. әсері салдарынан) және артериялық гипотензияны, соның ішінде коллапсты туындатады.

  • Ішекте қанттың қарқынды сіңірілуі, сөйтіп гипергликемияның дамуы.

  • Инсулин түзілуі және сөлденісінің түрткіленуі.

Асқазанда сіңірілудің бұзылуы

Қалыпты жағдайда асқазанда су, әлкогөл, электролиттер сіңіріледі. Кездейсоқ немесе саналы түрде қабылдауда уытты заттар сіңірілуі мүмкін. Асқазан қабырғасының құрылымдық өзгерістері кезінде (соның ішінде, тосқауылдық қызметтің бұзылыстары кезінде) организмнің ішкі ортасына нәруыз түсуі мүмкін, бұл иммундық дерттік үрдістердің дамуымен қауіпті: аллергиялық әсерленістер және иммундық аутоозбырлық жағдайлардың.

Асқазанның тосқауылдық және қорғаныстық қызметтерінің бұзылуы

Шырыштық-бикарбонаттық тосқауыл шырышты қабықты қышқыл, пепсин және басқа зақымдауға әлеуетті ықпалдардың әсерінен қорғайды.
Тосқауылдың бұзылуы:

Жағымсыз жағдайлар кезінде тосқауыл бірнеше минөттің ішінде бұзылады, эпителий жасушалары өледі, шырышты қабықтың меншік қабатында ісіну және қан құйылу болады. Тосқауылды қолдауға жағымсыз жайттар болады, мысалы, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (аспирин, индометацин), этанол, өт қышқылдарының тұздары.

  • Helicobacter pylori —асқазанның қышқыл ортасында аман қалатын грам теріс бактерия, ол, шырыштың қорғаныстық қабатын бұзатын еріткіш ферментерді өндіреді, энтероциттерді тікелей зақымдаушы әсері бар жасуша уыттандырғыштарды өндіреді, эпителиоциттерді зақымдауға асқазандық Т-лимфоциттерді түрткілейді, қабыну және фагоцитоздық әсерленісті туындатады, олар қабыну дәнекерлері (интерлейкиндер, лизосомалық гидролазалар,өспе тіршілігін жоятын жайт) арқылы эпителиоциттерді зақымдайды. Бұл микроорганизм асқазанның ойық жара ауру бар науқастардың 70% және ұлтабардың ойық жарасы бар науқастардың 90%-да немесе антралдық гастриті бар науқастарда табылған.

  • Асқазан сөлінің сөлденісі және қышқылдығының жоғарылауы

  • Іргелік жасушалар саны көбейгенде

  • Тұз қышқылының сөлденісі артық түрткілену кезінде, мысалы, кезбе жүйкенің межеқуаты жоғарылаған кезде, гастринома кезінде (Золлингер-Эллисон синдромы, түрткілегіштердің әсеріне іргелік жасушалардың сезімталдығы жоғарылаған кезде)

  • Тұз қышқылының сөлденісі жеткіліксіз тежелген кезде: секретин тапшылығы (ішектің шырышты қабығының семуі), соматостатин тапшылығы, пепсиногеннің өзіндік реттелу тетігінің жеткіліксіздігі, ол тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады, симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты жоғарылаған кезде, никотин әсер еткенде.)

  • Асқазан мен ішек қан тамырларының және тегісетінің ұзақ жиырылуы.

  • Шырышты қабықтағы дистрофиялық үрдіс.

  • Асқазанда қышқылдықтың төмендеуі көптеген микробтардың тіршілігі және өсіп-өнуі үшін жағымды жағдай жасайды, мысалы, тырысқақ вибрионы, шигелдер, амёбалар. Сондықтан, асқазандық ахилиясы бар науқастар жұқпалы аурулармен жиі ауырады (ауыз–нәжістік жолмен берілетін), уыттануларға ұшырайды, асқазан өспелерінің даму қатері аса жоғары.

Ішектік диспепсия

Ішектік асқорыту бұзылыстарының түрлері:



  1. Ахолия немесе гипохолия кезінде.

  2. Ұйқыбездік ахилия кезінде.

  3. Іргелік (мембраналық) асқорытудың бұзылыстары кезінде.

  4. Ішектің қимылдық белсенділігінің бұзылыстары кезінде.



Гипохолия кезінде асқорытудың бұзылуы



Ішекке өт түсуінің азаюы



Ұйқыбез ферменттері-нің (трипсиннің, амил-азаның) белсенділігінің

төмендеуі



Майды майдалап бір-келкі қалқытудың, липаза белсенділігінің төмендеуі

Ішекке өт нілдері

түсуінің азаюы



Ішектің толқи жиырылуының және өттің бак-териостатикалық әсерінің төмендеуі

Нәруыз, көмірсудың қуыстық және іргелік қорытылуының бұзылуы



Май және майда еритін витаминдердің сіңірілуінің бұзылуы

Шіру үрдістерінің күшеюі

Тоқ ішектің толқи жиырылуының әлсіреуі

Жүдеу


Стеаторея

Гиповитаминоз

Нәжістің түссізденуі

Іш қату

Іргелік (мембраналық) асқорытудың бұзылуы



Энтероциттер бүрлерінің мәсуақты жиегі аумағының құрылымдық өзгерістері

Ішектік ферменттердің жеткіліксіздігі

Аш ішек және (немесе) уақ бүрлердің қимылдық бүліністері




Тағам өнімдері организммен пайдаланылмайды, олар бактериялық алмасуға ұшырайды, сөйтіп уытты өнімдерге айналады

Организмнің қалжырауы



Ішектік аутоуыттану





Ішектің қимылдық қызметінің бұзылуы


Бұзылыстар түрі

Пайда болу тетіктері

Толқи жиырылудың жылдамдауы

  1. Іш өтумен қабаттасады. Ұзаққа созылған кезде сусыздануға , ауыр электролиттік бұзылыстарға және асқорытудың жеткіліксіздігіне әкеледі.

Іш өтудің түрлері:




  1. Сөлденістік

  • тамырбелсенді ішектік пептидтің (ВІП) көбеюі

  1. Осмостық

  • ішек ішіндегісінің осмостық қысымының жоғарылауы (мәлабсорбциялық синдром, тұздық іш өткізгіштер)

  • әдеттегіден тыс дерттік тітіркендірудің әсері

  1. Гиперкинезиялық

  • жүйкелік реттеудің бұзылыстары кезінде

  1. Жалқықтық

  • қабынулық жалқық (жіті және созылмалы ішектік жұқпалар), антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау

  1. Әдеттен тыс

  • тоғышек саңылауының өспемен тарылуы кезінде, теңгерулік гиперсекреция нәжістің өтуін жеңілдетеді

Толқи жиырылудың баяулауы

    • іш қатуға әкеледі




Іш қатудың түрлері:




  1. Ауқаттық

  • тағамда өсімдіктік торшаның жеткіліксіздігі

  1. Дағдылық

  • кейбір ахуалдық жағдайлар кезінде (асығу, нашар санитариялық-тазалықтық жағдайлар)

  1. Нейрогендік:

а. түйілулік,
б. атониялық




  • тоғышектің түйілулік жиырылуы

  • мый және жұлынның әртүрлі зақымданулары кезінде

  1. Желішектік

  • көтен-желішектік аймақтың аурулары кезінде

  1. Уыттанулық

  1. Ішектің құрылымдық зақымдануының салдарынан – өршуі кезінде ішек бітелуін туындатуы мүмкін




  • ұзын тоғышек, алып тоғышек, өспелер, тарылулар, бүйірқалталар



Сіңірілу жеткіліксіздігі синдромы


немесе мәлабсорбция синдромы (франц. мal – ауру).


  1. Асқорыту бұзылысының кез-келген түрі және кезеңі кезінде




кейбір асқорытулық ферменттердің жеткіліксіз өндірілуі кезінде өтетін ауру: созылмалы панкреатит, ұйқыбез обыры, ұйқыбез фиброзы, холестаз, асқазан бөлігін кесу, бүйірқалталықтық және б.


  1. Ашішектің шырышты қабығы эпителийінің зақымдануы кезінде

целиакия, амилоидоз, ішек лимфомалары, Уиппл ауруы, эозинофилдік гастроэнтерит, Крон ауруы, қысқа ілмек синдромы, вирустық, бактериялық жұқпалар және құрт аурулар ж.б.

Мәлабсорбция


Стеатореясы бар іш өту



Көмірсу сіңірілуінің азаюы

Аминқышқылдары

сіңірілуінің азаюы


Май сіңірілуінің азаюы


Витаминдер сіңірілуінің азаюы


Гипокалиемия



Гипоәлбуминемия

Темір тапшылығы

В12 витам.тапшыл.

Бұлшықет әлсіздігі

Ісінулер

Анемия

Д витамин тапшыл.

В1 витамин тапш.

В2 витамин тапш.


Ұрттық стоматит



К витамин тапш.

Қанағыштық диатез

Дене массасын жоғалту

Сүйек ауыруы, тырысу



Сезімнің бұрмалан.


Балаларда асқорытудың бұзылуы


Ерте жастағы балаларда негізгі клиникалық түрі

Клиникалық мысалдар немесе пайда болу тетіктері

  1. Қарапайым (ауқаттық) диспепсия:

  • Нәресте организмінің физиологиялық мүмкіндігіне тағам көлемі және құрамы бойынша сәйкес келмеуі салдарынан асқорытудың жедел бұзылуы.




  • артық тамақтандыру.

  • жасқа сәйкес емес қоректену.

  • Қолдан қоректендіруге көшу ж.б.

  1. Құрғаумен қабаттасатын ішектік уыттану:

  • Ішекке, жұқпасы бар тағам немесе жасқа сәйкес емес тағамның түсуі кезінде дамиды. Сілеймеге әкелетін, зат алмасудың барлық түрінің және барлық ағзалар және физиологиялық жүйелер қызметінің ауыр бұзылуы.

Негізгі тетіктері болып табылады:

  • уыттану (тосқауылдардың жетілмеуінен).

  • Газдық емес ацидоз.

  • гипокалиемия.

  • барлық реттеуші жүйелердің тежелуі.



Балалардағы мәлабсорбция синдромы





Түрлері

Клиникалық мысалдар немесе пайда болу тетіктері

  1. Алғашқы (туа біткен):

  • бірқатар тұқым қуалайтын аурулар кезінде дамиды.




  • целиакия немесе глютен ауруы (дәнді дақылдар жақпаушылығы)

  • лактоздық мәлабсорбция (сүт жақпаушылығы).

  • сахарозалық және изомальтозалық мәлабсорбция (крахмал және сахароза жақпаушылығы).




  1. Салдарлық (жүре пайда болған)

  • Көптеген дерттік жағдайлар кезінде дамиды.

  • гастроэктомиядан соң.

  • энтероколиттер кезінде.

  • панкреатит кезінде.

  • өт түзілуі және өт шығарылуы бұзылыстары кезінде.

  • іш құысы ж. б. көптеген ағзаларда қанайналымы және лимфа айналымы бұзылыстары кезінде.



4. Көрсетілімдік материал: дәрістердің мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиеттер

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж.

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.398-405, 408-410

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 475-484, 486-490

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И.

  5. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С 327-344, 361-383

  6. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 143-

151

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 545 – 554, 562-573

  3. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 239-243, 250-259, 266-271.

  4. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. -287 с.

6. Бақылау сұрақтары
1. Асқазанның шырышты тосқауылын зақымдайтын жайттарды атаңыз
2. Іргелік (мембраналық) асқорыту бұзылуының себептері
3. Мәлабсорбция синдромы деген не?

4. Патогенезі бойынша диареяның түрлері.

2 Тақырып. Ұйқы безінің сыртқы сөлденістік жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі

Мақсаты: Ұйқы безі қызметі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі туралы сұрақтарды меңгеру

Дәріс жоспары:


1. Ұйқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері.

2. Ұйқы безінің ахилиясында асқорыту бұзылысының патогенезі

3. Жедел және созылмалы панкреатиттердің этиологиясы және патогенезі



Ұйқы безінің экзокриндік қызметі бұзылуының себептері:

  • Ұйқы безі массасының азаюы (мысалы, өліеттену, оның бөлігін алып тастау, өспемен бүліну, склероз, панкреатиттер, іш қуысының жарақаттары кезінде, химиялық заттардың – әлкогөл, фосфор, қорғасын, кобальттың әсерінен).

  • Без өзектерінің бітелуінен (тас, өспе ж.б.) немесе өзектердің қысылуынан (мысалы, өспемен немесе тыртықпен), ұлтабар қабынуы кезінде оның сөлінің ұлтабарға өтуінің бұзылуы.

  • Без өзектерінің дискинезиясы (межеқуаты төмендеуі немесе, керісінше — өзектерінің тегісеттік жасушаларының (ТЕЖ) жиырылуы салдарынан).

  • Жүйкелік және сұйықтық реттелудің бүлінісінен без қызметінің бұзылуы

  • Артық тамақ ішу

  • Асқазан сөлінің артық өндірілуі (ұлтабарда рН төмендейді ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі төмендейді)

Ұйқыбездің экзокриндік қызметінің бұзылуы ұйқыбездік ахилияға әкеледі.




Дене салмағын жоғалту (90%)

Мальабсорбция → катаболизм үрдісінің жоғарылауы

Диспепсиялық анорексия



Стеаторея (48%)

липазаның белсендігі төмендеген→майлы нәжіс

Диарея

Ішек кеңістігінде осмостық қысымның жоғарылауы,гидроксилденген май қышқылдарының тітіркендіргіштік әсері

Гипокәлциемия, гипофосфатемия, тетания, остеопороз

D витаминінің тапшылығы, тағамдағы кәлцийдің май қышқылдарымен байланысуы

В12 витаминінің тапшылығы (40%)

Ұлтабарда вит. В12+ R протеин кешенінің ыдырауы бұзылады → гастромукопротеинмен байланысуының бұзылуы → В 12 витаминінің ішекте сіңірілуі бұзылуы

Ұйқы безінің жеткіліксіздігінің жиі себебі болып панкреатит есептелінеді.



Жіті панкреатит – жіті қабыну және ұйқы безінің өзін-өзі және айналасындағы тіндерді ыдыратуы. Жіті панкреатиттің 70% жағдайдағы себебі болып өт –тас ауруы және маскүнемдікке салыну болып табылады.

Әлкогөл немесе оның бөлшегі алкогольдегидрогеназа:



  • Жасушаішілік трипсинді әсерлендіретін лизосомалық ферменттердің әсерленуіне әкелетін ұйқы безінің ацинустарына тікелей улы әсер етеді;

  • Одди қысқышының қабынуын тудырады → ұйқы безінің өзектері мен ацинустарында гидролиздік ферменттердің ұсталуына әкеледі

  • Ацинустық жасушалардың күшейткіш әсерлерге сезімталдығын арттырады.

  • Холецистокининнің әсерленуін арттырады




  1. Өт – тас ауруы және өт жолдарының дискинезиясы → ұйқы бездік өзектің қысылуы, өттің ұйқы безінің өзегіне шығуы →ұйқы безі тінінің зақымдануы

  2. жұқпалар (паротит, А гепатиті , ВИЧ вирусы , коксаки-вирусы, цитомегаловирустар, гемолиздік стрептококк, салмонелдер)

  3. іш қуысының жарақаттары

  4. айқын гиперкәлциемия (гиперпаратиреоз, D гипервитаминозы, миеломдық ауру) → ұйқы безі өзегінде кәлцийдің жабысуы → өзектің бітелуі, трипсиногеннің әсерленуі

  5. Гиперлипидемия (гиперхиломикронемия) → липопротеидлипаза әсерінен БМҚ артуы→ ұйқы безінің қабынуы

  6. Дәрілік заттар (кортикостероид, тиазиндік зәр айдағыштар, иммунодепрессанттар, химиотерапевтік заттар)

  7. Тұқымқуалауға бейім панкреатит трипсиноген тегінің мутациясымен байланысты, ол трипсиногеннің әсерленуін күшейтеді және белсенді трипсиногеннің тежелуін төмендетеді

Жіті панкреатиттің патогенезі

Патогенездің негізгі тізбегі трипсиногеннің әсерленуі, ол өз алдына химотрипсинді, эластазаны, А2 фосфолипазаны ж.б. әсерлейді.



Этиологиялық жайттар

Ацинарлық жасушалардың зақымдануы



Трипсиннің әсерленуі


липаза


Эластаза әсерленуі

Химотрипсиннің әсерленуі

калликреин-кинин жүйесінің әсерленуі

фосфолипаза А2

әсерленуі

Ісіну, тамырлардың зақымдануы

Қан ұйығыштығының артуы, некроз

некроз

Тамырлардың зақымдануы геморрагиялар

Ісіну, қабыну

Әсерленген ферменттер қанағымына түсіп, жүйелі әсер етеді:


  • Фосфолипазалар сурфактантты бүліндіреді →РДС

  • Липаза → май тінінің некрозы

  • Қабынуда бөлінетін ӨТЖЖ-альфа, ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-8, интерферон-гамма, жүйелі қабынулық жауап тудырады және көпағзалық жеткіліксізлікті дамытады




Клиникалық көріністері

Патогенезі

Эпигастр аймағында арқаға және мықынға берілетін қауырт айналмалы ауыру сезімі

Ісіну әсерінен ұйқы безі қапшығының керілуі, ыдырау өнімдері іш арты кеңістікке шығып, іштің тітіркенуін тудырады

Жүрек айну, құсу және ішек өтпеуі

Қапшықтың керілуі, іштің тітіркенуі, электролиттік бұзылыстар (гиперкалиемия)

Қызба

Қабыну дәнекерлері Ил-1, Ил-6, ӨТЖЖ. 5 күннен артық ұсталатын қызба, немесе дене қызымының 400С артық көтерілуі жұқпалық асқынулар туралы мәлімдейді

Сарғыштану ( 20% жағдайда)

Ұйқы безінің басы ісінуінен өт өзегінің қысылуы

Гиповолемия

Іш арты кеңістігіне экссудация және қан құйылу, немесе ішек өтпеуінен ішекте сұйықтықтың жиналуы

Гипотензия

Гиповолемия, калликреин-кинин жүйесінің, протеолиздік ферменттердің әсерленуі →тамырлардың кеңеюі

Сілейме

Гиповолемия, цитокиндер, протеолиздік ферменттер

Қанда амилаза мен липазаның жоғарылауы

Ұйқы безі зақымданғаннан соң амилаза мөлшері 10-20 есеге артады және 48-72 сағат сақталады

Липаза мөлшері симптомдар пайда болғаннан 72 сағаттан кейін артады және қалпына ұзақ келеді (диагноз қою үшін жақсы)



Қан ұйығыштығының жоғарылауы

Тіндердің ауқымды зақымдануы, протеолиздік ферменттердің әсерленуі→ ТШҚҰ

Гипокәлциемия, жүйке-бұлшықеттік қозғыштықтың артуы, тетания

Май тінінің липолизі →қанда БМҚ↑→ Ca2+ мен байланысуы

Гипергликемия (25% жағдайда)

Қабынудан инсулоциттердің зақымдануы, глюкокортикоидтар мен адреналиннің деңгейінің артуы

СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ



Негізгі себептері: созылмалы маскүнемдік және ұйқы безі сөлінің шығуының қиындауы.







Созылмалы панкреатит дамуындағы патогенездік тетіктері:

  • Өттің ұйқы безі өзегіне түсуі

  • Одди қысқышының бітелуі

  • Протеиндер гиперсекрециясы және тұтқырлықтың жоғарылауы

  • литостатиндердің азаюы (ұйқы безі сөліне бөлінетін және протеиндік конгломераттың түзілуін, кәлций карбонаттары кристалдарының жабысуын тежейтін пептидтер. Литостатиннің азаюы әлкогөлдің әсерінен дамиды, сонымен бірге тұқымқуалауға бейім болуы мүмкін)

  • кәлцийдің гиперсекрециясы

  • трипсин тежегіштерінің түзілуі азаюы

  • протеиндер агрегатының түзілуін дамытатын лактоферриннің артуы

  • Фиброз дамуына әкеледі:

  • жіті панкреатит → ұйқы безі өзегінің бітелуі→ацинус жасушаларының некрозы

  • ацинустардың зақымдануы (улы өнімдер, бос радикалдар лейкоциттермен зақымдану, лизосомалық ферменттер белсенділігінің жоғарылауы, холинергиялық әсерлену)

  • МАТ әсерленуі (ұйқы бездік P450 цитохромының шектен тыс әсерленуі (әлкогөлмен) → МАТ әсерленуі → фиброз)

Ұйқы безінің созылмалы қабынуы → бездің экзокриндік тінінің зақымдануы→ ферменттер түзілуінің төмендеуі→мәлабсорбция




4. Көрсетілімдік материал: дәрістің мультимедиялық қойылымы
5. Әдебиеттер

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж.

  2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. – 484-486

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И.

  4. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С.-357-361

  5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 153-154

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 560-562

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. С– 256-257.

  3. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С.-197-224


6. Бақылау сұрақтары
1. Ұйқы безінің сөлденістік қызметінің бұзылысын туындататын себептері
2. Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылыстарының патогенезі
3. Панкреатиттің негізгі себептері

3 тақырып. Бауыр патофизиологиясы.



Мақсаты: Бауыр қызметтері бұзылыстарының этиологиясы және патогенезін меңгеру

Дәріс жоспары:

1. Бауыр жеткіліксіздігінің жалпы этиологиясы, патогенезі

2. Бауыр жеткіліксіздігі синдромы кезінде организмнің зат алмасу бұзылыстары.

3. Бауырдың тосқауылдық, усыздандыру қызметінің бұзылысы.



    1. Бауырлық команың патогенезі.

    2. Қақпалық гипертензияның түрлері мен даму тетіктері

    3. Жаңа туылғандарда бауыр қызметі жетілмеуінің көріністері


Дәрістің қысқаша нұсқасы
Бауырдың алғашқы және салдарлық зақымдануының себептері

  1. Биологиялық жайттар:

- вирустар (А, В, С, D, F,G гепатиттердің; жұқпалық мононуклеоздың)

  • бактериялар (туберкулез, мерез қоздырғыштары)

  • қарапайымдылар (лямблиялар, амебалар)

  • уақ саңырауқұлақтар, актиномицеттер

  • құрттар

  1. Химиялық жайттар (гепатотроптық улар): - әлкогол, өндірістік улар (төртхлорлы көміртек, ауыр металдар, хлороформ, күшала,

  2. фосфорорганикалық инсектицидтер);

- өсімдіктік улар (афлатоксин, мускарин);

- тіндердің ыдырау өнімдері, бұзылған зат алмасудың өнімдері;

- дәрі-дәрмектер (ПАСК, сульфаниламидтер, биомицин, тетрациклин, ж.б.).


  1. Физикалық жайттар: иондаушы сәулелену, механикалық жарақат

  2. Ауқаттық жайттар: нәруыздық, витаминдік ашығу, майлы тағам

  3. Басқа ағзалар мен жүйелер қызметтерінің бұзылысы:

  • қанайналымының жеткіліксіздігі

  • ішкі сөлденістік және алмасулық аурулар

  • өспелер, аллергия

  • бүйрек жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігіндегі зат алмасу бұзылыстары


  1. Көмірсу алмасуының бұзылысы:

гликогеногенез, глюконеогенез бұзылған

гликогеннің мөлшері  қанда глюкозаның деңгейі тұрақсыз,  гипогликемияға бейімділік

бауырдың зиянсыздандыру қызметі

(глюкурон қышқылы

түзілуінің бұзылуы)


  1. Май алмасуының бұзылуы

  • холестерин әтірлері түзілуінің төмендеуі (бос холестериннің);

  • фосфолипидтер түзілуінің төмендеуі;

  • кетондық денелер түзілуінің жоғарылауы;

  • бауырдың майлық сіңбеленуі.

Бауырдың майлық сіңбеленуінің патогенезі:

  • майдың бауырға көп түсуі;

  • фосфолипидтер түзілуі және ҮГ(үшацилглицериндер) түзілуі;

  • липолиздің және май қышқылдары тотығуының;

  • липопротеидтер түзілуі бұзылуынан бауырдан майлар шығуының бұзылуы.

  1. Нәруыз алмасуының бұзылуы:

  1. Әлбуминдер түзілуінің төмендеуі  гипоәлбуминемия 

гипоонкия  ісінулер;

  1. Қан ұю жайттары түзілуінің төмендеуі (протромбиннің, фибриногеннің, тромбопластиннің, Y, YII, IX, X, XII, XIII жайттардың)

Қанағыштық синдром


3) гамма-глобулиндер түзілуінің, альфа- және бета-

глобулиндер түзілуінің, сапасы өзгерген нәруыздар түзілуі

гипопротеинемия, диспротеинемия, парапротеинемия




  1. Аминоқышқылдарының дезаминдеу және қайта аминдеуінің бұзылуы,

зәрнәсіл түзілуінің төмендеуі

аминацидемия, аминацидурия, қанда аммиактың,



өндірулік гиперазотемия

Зақымданған гепатоциттерден жасушаішілік ферменттердің (АСТ, АЛТ, ЛДГ5, -глутамилтранспептидазаның, сілтілік фосфатазаның) шығуы



  1. Витаминдер алмасуының бұзылуы

  • майда еритін витаминдердің ішекте сіңірілуінің төмендеуі;

  • гепатоциттердің провитаминдерді белсенді витаминдерге айналдыру қабілетінің төмендеуі (каротин  А вит.);

  • витаминдерден коферменттер өндірілуінің тежелуі (В1 вит.  пируваттың кокарбоксилазасы);

- бауырда витаминдердің (А, Д, К, РР, Е, В1, В2) қорға жиналуының төмендеуі

гиповитаминоздар



  1. Гормондар алмасуының бұзылысы

Т3, Т4, инсулин, глюкагон, СТГ, ДҚГ, әлдостерон, эстрогендер, андрогендер

әсерсізденуінің бұзылуы, ( салдарлық әлдостеронизм, гинекомастия, қантамырлық

жұлдызшалар ж.б.).


  1. Бауырдың «тосқауылдық», усыздандыру қызметінің бұзылуы

1) гепатоциттерде зиянсыздандыруы бұзылады:

  • ішектік улардың ( фенол, индол, скатол, кадаверин, путресцин,

тирамин, аммиак);

2) купфер жасушаларының фагоцитоздық белсенділігі төмендейді (қаннан микроорганизмдерді, уыттарды, иммундық кешендерді, май тамшыларын, бүлінген эритроциттерді жұтуы)

Бауыр жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері, олардың патогенезі


Көріністері

Патогенезі

- бұзылған қоректену синдромы

  • тәбеттің нашарлауы, жүрек айну, ішінің ауыруы, тұрақсыз нәжіс, жүдеу

- сарғыштану синдромы


Зат алмасуының бұзылуы
Бауырдың өт шығару қызметінің бұзылуы, қанда билирубин мен өт қышқылдарының артуы


- эндокриндік бұзылыстар синдромы

  • либидоның төмендеуі, ата бездерінің атрофиясы, бедеулік

  • гинекомастия

  • етеккір оралымының бұзылуы

  • салдарлық әлдостеронизм

- бұзылған гемодинамика синдромы

  • жайылмалы вазодилатация

  • ісінулер, іш шемені




Әсерсізденуі бұзылуынан эстрогендердің артуы, гипофиз қызметінің бұзылуы

стероидтық гормондардың әсерсізденуінің бұзылуы


Гистаминнің ж.б. вазобелсенді заттардың жоғарылауы


Гемодинамикалық, онкотикалық, нейроэндокриндік жайттар




- Геморрагиялық диатез,

жиі қан кетулер, ТШҚҰ-синдромының дамуы


- Асцит, «медузаның басы», өңеш және тікішек көктамырларының кеңеюі, спленомегалия


Қанның ұйыту жүйесі жайттарының түзілуі бұзылуы

Қақпалық гипертензия





ҚАҚПАЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ

- бауыр көктамырында немесе төменгі қуыс көктамырында және қақпа көктамыры жүйесінде қысымның көтерілуінен қақпа тамырларында қанағымының бұзылуымен көрінетін бұзылыстар кешені

Түрлері:

  1. бауырішілік (бауыр беріштенуінде (циррозда))

  2. бауырдан тыс (қақпа көктамырының тромбозы,қақпа көктамырының өспемен қысылуы, бауыр көктамырының тромбозы, жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігі, төменгі қуыс көктамырының тромбозы)

Қақпалық гипертензия →қақпа-кавалдық анастомоздардың түзілуіқан кетулер

Іш шемені, спленомегалия



Бауырлық кома

Патогенезі бойынша түрлері:



  1. бауырлық – жасушалық

  2. қосылымдық ( қақпа-қуыс көктамырлық)

  3. аралас

Бауырлық – жасушалық кома:

Бауыр үлпасының ауқымды өліеттенуі

Бауырдың барлық қызметтерінің бұзылуы



қанда мыйды уыттандыратын заттардың (аммиак, фенолдар, скатол, аминдер, кіші молекулалы май қышқылдары (май, капрон, валериан), тура емес билирубин, зақымданған гепатоциттер шыққан уыттардың жоғарылауы;



  1. гипогликемия;

  2. гипокалиемия (салдарлық әлдостеронизм);

  3. ацидоз.

Қосылымдық бауырлық кома

Қақпа көктамырлық гипертензия  қақпа-қуыс көктамырлық қосылымдар дамуы (тікішектік, өңештік, кіндіктік көктамырлар арқылы)  қан бөлігінің, бауырға соқпай, жалпы қанағымына құйылысы  ішектік улар және алмасу өнімдерімен уыттану.


Жаңа туылғандарда бауыр қызметі жетілмеуінің көріністері

Бауырдың қызметтік белсенділігі төмен болады:



  • нәруыз түзу қызметінің жетіліксіздігі

  • бауырлық ферменттердің төмен белсенділігі

  • гормондар алмасуы төмендеген

  • глюкуронилтрансферазаның төмен белсенділігі


Бауырдың қызметі жетілмеуінің ерекше тән көріністері болып табылады:

  • барлық балаларда өмірінің алғашқы күндерінде өткінші гипербилирубинемияның дамуы

  • кетоз (кетондық денелердің алмасуы төмендеген)

  • теріс азоттық тепе-теңдік (нәруыз түзілуі төмендеген)

  • гипер- немесе гипогликемиялық жағдайлар (гликогеногенез және глюконеогенез үрдістері төмендеген)

  • ҚСҮ бұзылыстары

4. Көрсетілімдік материал: дәрістердің мультимедиялық қойылымы


5. ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж.

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 411-420

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009

  4. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 494-516

  5. Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 155-172

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2 С. 273-291

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С.576 - 595

  4. Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 С.539-547.

  5. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 165-195


6. Бақылау сұрақтары

1. Бауыр жеткіліксіздігінің негізгі көріністері

2. Бауырлық команның патогенезі (қосылымдық, бауырлық-жасушалық)
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
1. тақырып «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқазан және ішек қызметтерінің бұзылуы. Балаларда асқорыту бұзылысының ерекшеліктері»

Сабақ мақсаты:


  • жұтыну бұзылуы, асқазандық ішектік диспепсия синдромының даму себептері және тетіктерін меңгеру


Оқыту міндеттері:

Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:

  • жұтыну бұзылуы, асқазандық ішектік диспепсия синдромының даму себептері және жағдайына сипаттама беруді

  • жұтыну бұзылуы, асқазандық ішектік диспепсия, синдромының патогенезіне сипаттама беруді

  • ситуациялық есептерге қортынды жасауды

  • асқазан сөлденісінің көрсеткіштерінің өзгерістерін талдауды


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.

  2. Жұтыну бұзылуы синдромының даму себептері және тетіктері.

  3. Асқазандық диспепсия синдромының даму себептері және тетіктері. Асқазанның тағам қоймалық, сөлденістік, қимылдық, сіңірулік, шығарулық,тосқауылдық және қорғаныстық қызметінің бұзылыстары

  4. Асқазанның шырышты қабатының зақымдануының себептері және дамуы

  5. Қуыстық асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

  6. Іргелік асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

  7. Мәлабсорбция туралы түсінік, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.

  8. Ішектің қимылдық және тосқауылдық-қорғаныстық қызметінің бұзылуы. Іш қату және іш өту, себептері, даму тетіктері, салдарлары. Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.

  9. Балаларда қарапайым және уыттық диспепсиялардың этиологиясы мен патогенезі.


Үйрету мен оқытудың әдістері:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: ситуациялық есептерді шешу, «мылқау» кестелерді толтыру.


Машықтық жұмыс

1-тапсырма




Асқорыту жеткіліксіздігі патогенезінің көріністері бойынша кестені толтыру.


Ас қорыту жеткіліксіздігінің көріністері

Патогенезі

Арықтау




Жалпы әлсіздік




Ісінулер




Анемия




Геморрагиялар




Сүйектердегі ауыру сезімі




Шеткері невриттер




Парестезиялар, тетания






2- тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп.

32 жастағы ер адам, дәрігерге мынадай шағыммен келді: 4 жыл бұрын пайда болған жұтудың қиындауы. Ол қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 сек. соң төстің жоғары жағында қысу сезімінің пайда болуын айтады. Алғашқыда бұл сезімдер сирек болатын, бірақ соңғы жылы олар тұрақты және әрбір тағам қабылдаған кезде пайда бола бастады. Сұрау барысында анықталғандай, жылдан аса науқасты кеудеде «бүлкілдеу» және оянғаннан кейін жөтел мазалайды. Бұл бұзылыстар ол су ішкеннен соң азаяды. Науқас тағам ішкен кезде тұншығу сезімі немесе шаршау сезімінің, мұрын және ауыз арқылы кері лықсудың, тамағы ауыруының, қыжылдың, дене массасы төмендеуінің, қарын-ішектік қан кетудің болмайтынын айтады. Науқаста бұлшықеттердің жоғары ауырсынғыштығы, қыжыл жоқ, онда да, оның туыстарында да жүйелік коллагеноздар болмаған. Айғақты тексерудің, сонымен қатар, зерттеуханалық тексерулерге кіретін қанның жалпы талданымының деректері, ЭТЖ, қанттың, креатининнің, бауыр және қан ферменттерінің, деңгейі қалыпты мөлшерде.



    1. Жұтудың бұзылуы неге байланысты: жұтқыншақ немесе өңеш қызметінің бұзылуына?

    2. Ары қарай қандай тексеру жүргізу керек?

    3. Рентгенограмма нені анықтайдайды? (деректерді оқытушыдан сұраңыз)

    4. Осы науқастағы жұту бұзылуының патогенезі қандай?

2 есеп. А., Б., науқастарда, кестеде келтірілген көрсеткіштер бойынша, асқазан сөлденісінің патофизиологиялық талдамасын жүргізу.







Қалыпты жағдай

Көлемі мл

Жалпы қышқылдық

Бос НСl

Байланысқан НCl

Пепсин мг%

Титрациялық бірліктер




Ашқарында (Н)

50- ден көп емес

40-қа дейін

20-ға дейін

-

0 -21

Негізгі секреция (ТС)

50 -100

40 -60

20 - 40

10 -15

20 -40

Түрткілік секреция (КС)

50 -100

40 -60

20 - 40

10 -15

21 -45

Науқас А

Н

10

30

-

10

10

НС

-

-

-

-

-

ТС

20

35

10

10

5

Науқас Б



Н

100

60

30

20

15

НС

120

80

60

10

30

ТС

140

100

50

30

50




НС

120

60

30

15

-




ТС

10

10

-

5

-

1. А және Б науқастарында асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылысының қай түріне жатады?

2.Берілген науқастарда асқазанның эвакуациялық қызметі қалай өзгереді?

3.Берілген науқастарда анықталған асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары ішектегі

асқорытуға қалай әсер етеді?


3 есеп.

35 жастағы науқас төс асты аймағында мезгіл-мезгіл тағам ішкеннен соң 2-3 сағаттан соң пайда болатын қатты ауыру сезіміне (күйдіретін), соңғы кездері жүрек айну мен құсатындығы қосылғандығын, құсқаннан соң жеңілденетіндігін, ауыру сезімі түнде болатындығын, тамақ ішкен соң басылатындығына шағымданды.

Науқас ашушаң, мазасыз, шылымды көп шегеді, ішімдік қабылдайды.

Шағымын еске алып және тексеру нәтижелерінің негізінде науқасқа он екі елі ішектің ойық жарасы деген аңғарым қойылып, сәйкес емшара қолданылды.



  1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер жүргізілді?

Науқаста қандай зақымдану жайттар ойық жараны тудырды? Олардың зақымдаушы әсерінің негізінде қандай тетіктер жатыр?

  1. Эпигастр аймағында күйдіру сезімі мен ауырудың даму себептері қандай?

  2. Науқасты емдеу үшін сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

4 – есеп.

52 жастағы науқас соңғы кездері көкірегінің сол жағына және семсер тәрізді өсіндіге жайыла берілетін эпигастр аймағының сол бөлігіндегі тесіп ауыру сезіміне шағымданды. Ауыру сезімі стенокардия әсерінен деп ойлап, валидол қабылдағанда, басылмады. Ауыру сезімі тамақтан соң жарты – бір сағаттан соң қышқылмен, іш кебумен қабаттасатындығына көңіл бөлді. Нәжісі – тұрақты емес, көбіне іші өтеді. Ұйқысы нашар, жұмысқа қабілеті төмендеп, тез шаршағыштық, ашуланғыш, көңіл-күйі төмен, кейде тұнжыраулық жағдай да болады.

Қарап тексергенде: дене құрылымы қалыпты, нормостениялық, тері асты шел қабаты қалыптағыдай. Тілі жабынмен қапталған, бүрлері жазылып кеткен. Аузынан жағымсыз иіс шығады, эпигастр аймағын сипап тексергенде орталық сызықтың сол жағында ауыру сезімі анықталды. ҚҚ -140/80 мм с.б., ЖСЖ - 70, тыныс жиілігі - 16, Нв - 115 г/л, Л - 8 х109/л. Зәр мен нәжіс анализі қалыптыдан ауытқымаған. Негізгі және түрткілік секреция тез азайған. Асқазан сөлінде уреазаның болуы оң. Асқазан сөлінің потеолиздік белсенділігі жоғары. Асқазан сөлінде фруктоза мен N-ацетилнейрамин қышқылының мөлшері төмендеген. Рентгенологиялық суретте асқазанның кардиалды бөлігінің жоғары бөлігінде «үңгір» симптомы анықталады.

1. Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады? (Асқазанның ойық жарасы)

2. Асқазан сөлінде уреазаның оң болуы не туралы мәлімдейді?

3. Ащымен кекірудің себебі не?
5 есеп.

55 жастағы ер кісіде 4 ай бұрын кемпингтегі демалыс кезінде нәжісі тәулігіне 2-3 ретке дейін жиіледі. Диарея бірнеше ай бойы үдеп, сұйықталып, тәулігіне 4-6 ретке дейін жиіледі. Ол сұйықтық қабылдауды шектеп, іш қатыратын дәрі ішіп ,өздігінен емделгенмен көмектеспеді. Диарея үдей берді, аяқ-қолы әлсіреп, дене массасы азайды. Науқаста жүрек айну, құсу, қара нәжіс болмады. Бұған дейін колитпен немесе диареямен азап шеккен емес. Жаз бойы ол бір-ақ рет синуситтен ампициллинмен емделді, бірақ соңғы кездері ешқандай дәрі қабылдамады. Науқас ауруханаға жіберілді.

Тексергенде айқын гиповолемия, гипотензия анықталды. Дене қызымы 370С, тамыр соғуы минөтіне 110 рет, тынысы минөтіне 20 рет, АҚ 85/45 мм с.б. Ауыз қуысының шырышты қабығы қүрғақ, бауыры ұлғайған. Зерттеуханалық деректер: гемоглобин 190 г/л, гематокрит -55%, лейкоциттер – 11 х 109/л, лейкоциттік өрнек қалыптыдан ауытқымаған, Na+ -135 ммоль/л, К+ НCО3- -8 ммоль/л, зәрнәсіл -15,7 ммоль/л, креатинин – 0, 17 ммоль/л, қант – 8, 21 ммоль/л, кальций – 3, 55 ммоль/л, нәруыз – 84 г/л, АЛТ мен АСТ белсенділігі жоғарылаған, жалпы билирубин – 12 мкмоль/л.

Нәжістің көлемі – тәулігіне 6л, лейкоциттер, қарапайымдылар жоқ, құрттар жұмыртқасы анықталмады. Рентгенографиялық тексеруде дерт анықталмады. Эзофагогастродуоденоскопия да асқазанның антралды бөлімінде эритема анықталды, ойық жара жоқ. Гастрин деңгейі 124 пг/мл.



  1. Тағы қандай қосымша зертеулер жүргізу қажет?

  2. Оқытушыдан қажетті деректерді сұраңыз.

  3. Болжамдаған аңғарым?

6 есеп

Науқас М., 20 жаста, клиникаға әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентік, аяқ-қолдағы жалған сезім шағымдармен түсті. Сыртартқыдан, оның, ашішегінің бөлігі, ішек тесілгендіктен, алынып тасталғаны белгілі болды (ішектің бейнақты ойық жара - Крона ауруының асқынуы). Қан талдамасы: гемоглобин мөлшері 100 г/л, қан жағындысында диаметрі 12 мкм эритроциттер, анизоцитоз, пойкилоцитоз, алып көп бөлшектенген нейтрофилдер анықталады. Осы науқаста қандай анемия дамуы мүмкін? Жауабыңызды дәлелдеңіз.


  1. Бета-таласемия

  2. Фолий тапшылықты анемия

  3. В12 тапшылықты анемия

  4. Темір тапшылықты анемия

  5. Орақ тәрізді жасушалы анемия

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі:

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж.

  2. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. –С. 392-411.

  3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2т., 2009.- С 327-344, 361-383

  4. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 471-483; 486-490

  5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 143-

154

Қосымша:

  1. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 199-211.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 538 – 574.

  3. Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000. - С. 514 - 538.

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 239 – 256, 259-271

  5. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. С. 23 - 164с.

БАҚЫЛАУ


(сынамалық тапсырмаларды орындау)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б- 365-381 б. жинағының негізінде құрылды


2 тақырып. «Ұйқы безІНің сөлденістік қызметінің бұзылыстары. Балалардағы ерекшеліктері»

Сабақ мақсаты:

1.Ұйқы безінің сыртқы сөлденістік қызметі бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін

меңгеру.

Оқыту міндеттері:

Берілген тақырыпты оқыған студент орындай алады:



  • Ұйқы бездің қызметі бұзылуы кезінде асқорыту бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін түсіндіре алуды.

  • Жіті және созылмалы патнкреатиттің патогенезін айтып беруді

  • Балаларда ұйқыбездің қызметі бұзылыстарының этиологиясы және патогенезінің ерекшеліктерін түсіндіре алуды.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ұйқы бездің экзокриндік қызметі бұзылуының этиологиясы.

  2. Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылуының патогенезі.

  3. Жедел және созылмалы панкреатиттің этиологиясы және патогенезі.

  4. Балаларда ұйқы безі қызметі бұзылуының ерекшеліктері.

Үйрету мен оқытудың әдістері:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтарда жұмыс істеу: ситуациялық есептерді шешу.


Машықтық жұмыс

2 тапсырма.

Ситуациялық есептерді шешу.

1 есеп.
46 жастағы Науқас В. аңғарымы «ұйқы безінің обыр деген күдікпен» ауруханаға түсті. дене массасы 59 кг, бойы 179 см; соңғы жылы 14 кг арықтады. Үлкен дәретке тәулігіне 3–4 рет барады, мөлшері көп. Іші кебеді. Тілі өңезденген, тәбеті айтарлықтай төмендеген. Іші ауырмайды, дене температурасы қалыпты.
Тарихы: науқас әлкоголді 15–20 жыл бойы көптеп ішеді; 10 жыл бұрын соң кезекті әлкоголдік ұстамсыздықтан жедел панкреатитті бастан кешті (ауруханаға түсті); осыдан кейін тағы 2–3 рет ішінде,қатты ауыру оқиғалары болды, бірақ дәрігерге қаралмады, емделмеді, емдәмді сақтамады, әлкогол ішуді жалғастыра берді.
Клиникада жүргізілген талдамаларда: гипергликемия 20,6 ммоль/л (371 мг%), глюкозурия 4% (тәуліктік диурез 3–4 л болған кезде), айқын стеаторея, ұлтабарды, түрткілік сынаманы,яғни   көктамырға секретин және панкреозиминді енгізуді қолдана отырып, сүңгімен зерттеген кезде, трипсиннің барынша белсенділік көрсеткіші, қалыптымен салыстырғанда 5 рет төмендеді.
Ұйқы безінің УДЗ және компьютерлік томографиясының нәтижелері: бездің таралған тығыздалуы және құрылымының әркелкілігі, онда кальцификаттардың болуы.
  1. Науқаста ұйқы безінің қызметтік жағдайын, қажетті дәлелдерді (клиникалық деректер, зерттеуханалық талдамалардың және құралдық зерттеулердің нәтижелерін) келтіре отырып, бағалаңыз.
  2. Ұйқы безінің қызметтерін бағалау негізінде, ұйқы безде қандай дерттік үрдістер дамығаны және олардың мүмкіндік себептері қандай екені туралы болжам айтыңыз?
  3. Науқаста алғашқы аңғарымды, аса жоғары дәрежелі мүмкіндікпен құптау (немесе қабылдамау) үшін, қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?
  4. Сіз болжаған дерттік үрдістер, ұйқы безінде, бір біріне тәуелсіз дами ала ма? Ал талданып отырған жағдайда  —олар өзара байланысты бола ала ма? Егер солай болатын болса, онда олардың пайда болуның аса мүмкіндік бірізділігі қандай?
  5. Науқас, Сіздіңше, қандай аурумен (немесе қандай аурулармен) азап шегеді.
  6. Науқастың соңғы кезде, сонша айтарлықтай жүдеуін қалай түсіндіруге болады?

2 Есеп.

56 жастағы науқас дене массасын жоғалтқанға, қойыртпақты үлкен дәретке шағымданады. Тексеру мезетінде ішінде ауыру сезімі жоқ, бірақ тарихынан белгілісі мынау: осыдан екі ай бұрын науқас іші ауырғанын, оның жотасына таралғанын атап көрсетеді. Осындай ауыру сезімі, шамамен жеті күнге созылып, соңғы бес жылда жүйелі түрде, жылына екі рет болатынын айтады. Үлкен дәреті, әдетте, қойыртпақты, кейде майлы. Ауыру сезімі кезінде науқаста қан кету, қызба және қалтырау болмаған. Науқастың тәбеті жақсы, емдәм ұстанбайды. Бірнеше жыл бұрын қантқа төзімділіктің бұзылуы анықталған. Дәріні тұрақты қабылдамайды. Үйленген, меншік фирмасында жұмыс істейді, соңғы 20 жылда күніне бір қорап сигарет шегеді. Тамақ ішкенде күн сайын бір стақан шарап және демалыс күндері 200 мл виски, 6 банкі сыра ішеді. Айғақтар: науқас біршама арықтау, самай аймағында майдың және бұлшықет көлемінің азаюы байқалады, шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Жүрек және өкпені тексеруде өзгерістер анықталмады. Қолмен сипағанда іші жұмсақ, кебімеген. Бауыр аздап үлкейген, шеті тегіс. Талақ қол ұшымен білінбейді. Желішектік тексеруде дерт анықталмады. Жасырын қан сынамасы теріс.

Зерттеуханалық зерттеулер деректері:

Электролиттер қалыпты, қант деңгейі – 7 ммоль/л, АСТ – 800 ХБ/л, АЛТ – 600 ХБ/л (қалыпты жағдайда 400 ХБ/л); билирубин қалыпты; амилаза және липаза мөлшері жоғарылаған, альбуминдер – 30 г/л, Нв – 130 г/л, эритроциттер көлемі ұлғайған, тромбоциттер 135х109

Науқас тәулігіне 100 г май қабылдаған кезде 600 г нәжіс шығарады, онда 15 г май бар (қалыпты жағдайда май 7% аз бөлінеді).

Іш қуысының рентгенограммасында ұйқыбезде кальцификаттар анықталмайды. Бауырды УДЗ кезінде жаңғырықтық жайылмалы өзгерген, бұл майлық дистрофияның дамуын дәлелдей алады. Кері бағыттық холецистопанкреатография кезінде обыр және тас болуы анықталмады. Ұйқы бездің өзектері өзгерген: кеңею және тарылудың кезектесуі байқалды («моншақ әйгіленімі»)


  1. Науқаста қандай ауру бар екенін ойлауға болады?

  2. Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай?

  3. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

  4. Науқасты емдеу туралы сіздің ұсынысыңыз

ӘДЕБИЕТТЕР:



Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж.

  2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. – 484-486

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И.

  4. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С.-357-361

  5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 153-154

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 560-562

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. С– 256-257.

  3. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С.-197-224

БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды орындау)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқалары «Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар»./ Т.П. Ударцева және Н.Н. Рыспековалардың редакц. -Алматы, 2007.- 365-381 б. жинағының негізінде құрылды
3 тақырып. «БАУЫР ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

Сабақ мақсаты:

1. Бауыр жеткіліксіздігі синдромының этиологиясы мен патогенезін меңгеру.

Оқытудың мақсаттары:

Берілген тақырыпты оқыған студент орындай алады:



  • бауыр қызметтері жеткіліксіздігінің этиологиясын сипаттап беруді

  • бауыр жеткіліксіздігінің патогенезін түсіндіруді

  • холемия көріністерін тәжірибеде анықтау және түсіндіру

  • балаларда бауыр қызметі бұзылыстары патогенезінің ерекшеліктерін сипаттау


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бауыр жеткіліксіздігі, түрлері, этиологиясы.

  2. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасудың және физиологиялық жүйелер функцияларының өзгерістері.

  3. Бауырдың уытсыздандырулық қызметі, тәжірибеде зерттелуі

  4. Бауырлық кома, патогенезі.

  5. Қақпалық гипертензияның түрлері және даму тетіктері.

  6. Балаларда бауырдың қызметтік жетілмеуінің көріністері.

Үйрету мен оқытудың әдістері:

Ауызша сұрау, сынамалау, шағын топтармен жұмыс істеу: тәжірибені орындау, ахуалдық есептерді, сөзжұмбақты шешу.



Машықтық жұмыс

1- тапсырма.

Бақа организміне өттің жалпыуыттық әсерін зерттеу.




Тапсырма

Тапсырмаға нұсқау

1-2 мл өтті бақаға енгізгеннен кейін, беті жабылған шыны ыдысқа отырғызу.

15-20 минөттен кейін қимыл белсенділігін, бұлшық ет тонусын, қимыл-қозғалыс тепе-теңдігін, ауыруға сезімталдығын тексеру.



Өтті бақаның арқа терісінің астындағы лимфа қуысына салады. Ол үшін терісін қысқышпен қыса көтеріп, инені жоғарыдан төменге қарай кіргізіп өтті енгізеді.

Бақаны шалқасынан жатқызып, оның қимылдық және координациялық мүмкіндіктерін тексереді. Кәдімгі қалпына өз еркімен келе ала ма жоқ па? cоны тексереді. Ауыруға сезімталдығын бақайларына ине

шаншып тексереді.



2-тапсырма. Бақа жүрегінің соғу ырғағына өттің әсерін зерттеу.

Әдісі: Тәжірибе 2 бөлімнен тұрады а) Бақа жұлынын инемен шаншып жансыздандырып, тақтайшаға бекітеді. Кеуде қуысын ашып, жүректі перикардтан босатады. Минөтіне жүректің соғу жиілігі есептелінеді. Сосын жүрекке 2-3 тамшы өт тамызылып, бірнеше рет 5 минөт бойы жүрек соғуының жиілігі есептелініп отырады. Мәліметтер хаттамаға толтырылады.

Б) Жүрек ырғағы қайта қалпына келген соң жүрек соғу жиілігі есептелінеді. Бақа жүрегіне 2-3 тамшы атропин және 2-3 минөт өткеннен кейін тағы да өтпенен әсер етіп,қайтадан жүрек, ЖСЖ анықталады. Нәтижелерін түсіндіріп, тұжырым жасау керек.

Хаттама сызбанұсқасы

Жануар

Жүректің соғу жиілігі


Бастапқы жағдай

2 мин кейін

3 мин кейін

5 мин, кейін

Бақа 1.

Бақа 2.















3тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп.

Науқас, 31 жаста, клиникаға «Жедел жәрдем» көлігімен әкелінген. Түскен кезде: енжар,тежелген,селқос,сұрақтарға жауабы бірден емес және сәйкессіз. Тілі өңезделген. Дене қызуы 36,5 °С. Тері және шырышты қабықтар сарғайған, денесінің жоғарғы жағындағы терісінде телеангиэктазиялар бар, алақанында қызару байқалады.

Шемендік сұйық жиналғандықтан іші үлкейген, бұл бауырды қол ұшымен тексеруді қиындатады. Аяқтарының ісінуі байқалады. жүректің сол қарыншасының көлемі аздап ұлғайған. АҚ 160/95 мм рт.ст., ЖСЖ 90, тамыр соғуының ырғағы қалыпты.
Қанды зертханалық зерттеудің нәтижелері:

Қанның жалпы талданымы:

Нb 108 г/л; эритроциттер 4,0´1012/л, лейкоциттер 4,8´1012/л; ЭТЖ 35 мм сағ

Қанның биохимиялық зерттелуі:

Жалпы билирубин 7,1 мг%; қант 80 мг%; КД (кетондық денелер) қалыптыдан жоғары

Зәрнәсілдің мөлшері азайған; протромбиндік индекс төмендеген;

холинэстеразаның белсенділігі төмендеген

Австралиялық Аг табылмады


  1. Науқас алақандарының көрсетілген өзгерістерінің, яғни тері қан тамырларының құрылымының және тұрақты қызарудың даму тетіктері қандай? Осындай әсерлерге тағы қандай әйгіленімдер байланысты?

  2. Қақпалық гипертензия және шемен патогенезінің түрлері қандай? Организм қызметтерінің салдарлық бұзылыстарында шеменнің маңызы қандай?

  3. Бауыр жеткіліксіздігінің белгілері бар ма? Егер бар болса, онда олардың даму тетігі қандай?

  4. Клиникалық және зертханалық деректерді ескере отырып, көбінесе не туралы ойлауға болады: қантты диабет, бауырдың жедел қабынулық зақымдануы, бауыр беріштенуі туралы? Не себепті?

  5. Соңғы екі сұраққа дәл жауап беру үшін Сізге қандай қосымша деректер қажет?

3 тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.


Тігінен.

  1. Сарғыштану кезінде қанда жоғарылайтын биохимиялық көрсеткіш.

  2. Азоттық өнім –

  3. Ішекке өттің түспеуі.

  1. бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қандағы биохимиялық өзгеріс.

5. Экканың тура фистуласын салғаннан кейінгі жануарлардың өлуінің себебі

  1. Бауырдың қорғаныстық қызметі.

  2. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі май алмасуы бұзылуының салдары.

  3. Тура билирубиннен ішектерде түзілетін зат.

  4. Бауырда тура емес билирубинмен байланысатын қышқыл

  5. Оң жақ жүрекшеге құятын көк тамыр.

  6. Стеркобилин - бұл.

  7. Бауырлық команың түрі.

  8. Холемия кезінде дамитын аритмия.

  9. Гепатотропты у

15. Бауырға құятын ірі көк тамыр.

Көлденеңінен:

1.Бауырды бүліндіретін жәндік,

2.Бауыр жеткіліксіздігі кезінде витаминдер алмасуы бұзылуының салдары.

3.Эритроциттердің ыдырауы нәтижесінде дамитын сарғыштану түрі.



4.Тікелей гепатоциттердің бүлінуі нәтижесінде дамитын сарғыштану түрі.

  1. бауырға бүліндіруші әсер ететін дәрілік препарат.

  2. Нәжіс және несеп пигменті.

  3. Бауыр жеткіліксіздігінде прокоагулянттар түзілуі азаюынан дамитын құбылыс.

  4. Ішекте майлар сіңірілуі бұзылуы кезінде пайда болатын симптом.

  5. Ішектік у

  6. Алғашқы тура фистуланы салған ғалым.

  7. Тері мен кілегей қабықтардың сары түске боялуы.

  8. Ішекке өт түсуінің азаюы

  9. Қанда өт қышқылдарының болуы

  10. бауыр жеткіліксіздігінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары

  11. өт өзегінде бөгет болуынан дамитын сарғыштану түрі .

  1. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі майлар алмасуының бұзылуын көрсететін зат.

  2. Эритроциттер ыдырауы кезінде пайда болатын билирубин түрі.

  3. Гепатотропты у.



Сөзжұмбақ




































































































































































































































































































































































































5

























































































































8










































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































8. ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. Б. 505-519.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред.

А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 - 221.

  1. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 494-516

  2. Патологическая физиология. Учебник п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого,

Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова.-М.Триада Х, 2000 С.539-547.

5. Патологическая физиология. Учебник, п/р А.Д.Адо, В.В.Новицкого, Томск, 1994г., стр. 377 -381.



Қосымша:

6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 273 - 291.

7. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 576 - 595.

8. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 165-195


БАҚЫЛАУ

(сынамалық тапсырмаларды орындау)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 365-381 б. жинағының негізінде құрылды
СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА ӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
1 тақырып. Асқазан-өңештік кері лықсу ауруының патофизиологиясы

Мақсаты:


  1. Асқазан-өңештік кері лықсу ауруының этиологиясы және патогенезін өз бетінше оқу.

Тапсырмалар:

1) Сұрақтар бойынша оқу материалын талдау:



  1. Асқазан-өңештік кері лықсу ауруы (АӨКЛА) пайда болуының себептері.

  2. АӨКЛА кезіндегі бұзылыстардың патогенезі.

  3. АӨКЛА асқынулары

  4. АӨКЛА патогенездік емдеудің ұстанымдары

2) Сынамалық тапсырмаларды шешу. Қойылған сұрақтарға жауап беру.

СӨЖ орындау түрі:

Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, ашық сынамалық тапсырмадарды орындау, қойылымдар, эссе құру, реферат жазу



Орындалу және бағалау критерийлерін «Білімді бағалау ережелері мен критерийлері»

2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі

«Асқорыту жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау.


Тапсырма: Сынамалық тапсырмаларға жауап беру

  1. Өңештің қызметі бұзылуының негізгі себептері A)….. B)…….C)……..

  2. АӨКЛА патогенезінің негізгі тізбегі ……..

  3. Өңештің төменгі қысқышының межеқуатын төмендететін жайттар,

A)….. B)…….C)……..D)………E)……..Ғ)……..

  1. Өңештің төменгі қысқышының межеқуатын мынадай гормондар және ББЗ төмендетеді……..

  2. Өңештің төменгі қысқышының межеқуатын мынадай жүйкелік дәнекерлер төмендетеді……..

  3. Өңештің төменгі қысқышының межеқуатын мынадай тағам өнімдері төмендетеді……..

  4. АӨКЛА сипаттайтын бастапқы әйгіленімдер ……..

  5. АӨКЛА қандай асқынулары аса қауіпті?……..

  6. АӨКЛА емдеуде негізгі болып табылады……..

  7. Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету үшін қандай дәрі-дәрмектерді пайдаланады?……..

ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. Б. 505-519.

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.- С. 397-398

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009.- С. 324-327

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 543-545

  2. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 29 -42

2 тақырып Әртүрлі сарғыштануларда билирубин алмасуының бұзылуы.



Мақсаты: Сарғыштанудың әртүрінің этиологиясы және патогенезін өз бетінше оқып-үйрену.

Тапсырмалар:

1) Сұрақтар бойынша оқу материалын талдау:

1. Сарғыштану,анықтамасы, түрлері. Гемолиздік сарғыштану, себептері, даму тетіктері, көріністері, билирубин алмасуының бұзылуы.

2. Механикалық сарғыштану, себептері, даму тетіктері, көріністері, билирубин алмасуының бұзылуы. Холемия және ахолия, салдарлары.

3. Ұлпалық сарғыштану, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі, билирубин алмасуының бұзылуы.

4. Жаңа туғандардың физиологиялық сарғыштануы, патогенезі.

5. Тұқым қуатын энзимопатиялық сарғыштанулар, патогенезі.
2) Ситуациялық есептерді шешу

3) Сынамалық тапсырмаларды шешу



СӨЖ орындау түрі:

Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды өз бетінше оқып-үйрену, тақырыптың мультимедиялық тұсаукесерімен жұмыс істеу, сынамалық тапсырмадарды орындау, ситуациялық есептерді шешу, қойылымдар, рефераттар, эссе құрастыру



Орындалу және бағалау критерийлерін «Білімді бағалау ережелері мен критерийлері»

2.11 бөлімінен қараңыз

СӨЖ тапсыру мерзімі

«Асқорыту жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылауда


1 тапсырма. Есептерді шешу

1 есеп

Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. ҚҚ 95/65 мм с.б., ЖСЖ 98 рет мин. Қан анализі: эритроциттер – 2,5 х 1012/л, гемоглобин -80 г/л, ретикулоциттер -5%. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ- 0,4 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,31 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,36 мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
2-есеп.

Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,8 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,5мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.


3 - есеп.

Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы, қышыну әсерінен қасыну іздері анықталды. Қан плазмасында жалпы билирубин – 39 мкмоль/л, тура билирубин 17 мкмоль/л, жалпы белок – 56 г/л, альбуминдер – 25 г/л, глобулиндер – 31 г/л, протромбиндік индекс – 68%, холестерин – 3 ммоль/л, фосфолипидтер – 1,1 ммоль/л, қант – 3,1 ммоль/л, қалдық азот – 30 ммоль/л, аммиак – 55 мкмоль/л, зәрнәсіл - 2,5 ммоль/л, АСТ-0,52 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,68 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза – 0,2 мкмоль/л. зәрі қоңыр, әлсіз боялған. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.



Сау адамның бауыр қызметінің көрсеткіштері

Жалпы билирубин – 8,0 - 20,0мкмоль/л

Тура емес билирубин – 16 мкмоль/л

Тура билирубин – 0,5 - 5,0 мкмоль/л

АСТ – 35 МЕ/л ( 0,45 ммоль/сағ ˙ л)

АЛТ – 40 МЕ/л ( 0,68 ммоль/сағ ˙ л)

Сілтілік фосфатаза 0,14–0,36мколь/л



Зәрнәсіл – 3,5 - 8,5 ммоль/л


Жалпы холестерин –5,0ммоль/л дейін

Фосфолипидтер – 1,95 – 4,9 ммоль/л

Қалдық азот -14,28 – 28,56 ммоль/л

Аммиак 21,4 - 42,8 мкмоль/л




Сынамалық тапсырмаларды орындау. Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 390-396 б. жинағының негізінде құрылды
ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Патофизиология: Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы: Оқулық: Алматы, «Эверо» баспасы-2007 ж. Б. 505-519.

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 414-418

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009.- С. 408-420

  4. Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 505-514

  5. Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 167-172

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 217 – 221

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 589 - 595

  3. Джозеф М. Хендерсон. Патофизиология органов пищеварения. Пер. с англ. – М. – СПб.: Бином – Невский диалект, 1997. – С. 165-195


«Асқорыту жүйесі» модулі бойынша МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  1. Аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстың өтілген тақырыптары бойынша студенттердің білімін бағалау

Бақылаудың міндеттері:

  1. Өтілген материал бойынша білімді нығайту

Студенттердің білімін бақылаудың сұрақтары:

  1. Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік.

  2. Жұтыну бұзылуы синдромының даму себептері және тетіктері. Гипер - және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары. Шайнау және жұтынудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

  3. Асқазандық диспепсия синдромының даму себептері және тетіктері. Асқазанның тағам қоймалық, сөлденістік, қимылдық, сіңірулік, шығарулық,тосқауылдық және қорғаныстық қызметінің бұзылыстары

  4. Асқазанның шырышты қабатының зақымдану себептері және тетіктері. Асқазанның және 12-елі ішектің ойық жара ауруы туралы түсінік.

  5. Асқазан-өңештік кері лықсу ауруы (АӨКЛА), этиологиясы, патогенезі.

  6. Ұйқы бездің экзокриндік қызметі бұзылуының этиологиясы.

  7. Ұйқы бездік ахилия кезінде асқорыту бұзылуының патогенезі.

  8. Жедел және созылмалы панкреатиттің этиологиясы және патогенезі.

  9. Балаларда ұйқы безі қызметі бұзылуының ерекшеліктері.

  10. Қуыстық асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

  11. Іргелік асқорытудың бұзылуы, себептері, салдарлары.

  12. Мәлабсорбция туралы түсінік, түрлері, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі.

  13. Ішектің қимылдық және тосқауылдық-қорғаныстық қызметінің бұзылуы. Іш қату және іш өту, себептері, даму тетіктері, салдарлары. Ішектік аутоуыттану, себептері, көріністерінің патогенезі.

  14. Балаларда қарапайым және уыттық диспепсиялардың этиологиясы және патогенезі.

  15. Бауыр жеткіліксіздігі, түрлері, этиологиясы.

  16. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасудың және физиологиялық жүйелер қызметтерінің өзгерістері.

  17. Бауырдың уытсыздандырулық қызметі, тәжірибеде зерттелуі

  18. Бауырлық кома, патогенезі.

  19. Қақпалық гипертензияның түрлері және даму тетіктері.

  20. Сарғыштану,анықтамасы, түрлері. Гемолиздік сарғыштану, себептері, даму тетіктері, көріністері, билирубин алмасуының бұзылуы.

  21. Механикалық сарғыштану, себептері, даму тетіктері. Холемия және ахолия, салдарлары, билирубин алмасуының бұзылуы.

  22. Ұлпалық сарғыштану, себептері, негізгі көріністерінің патогенезі, билирубин алмасуының бұзылуы.

  23. Жаңа туылғандардың физиологиялық сарғыштануы, патогенезі.

  24. Тұқым қуатын энзимопатиялық сарғыштанулар, патогенезі.

  25. Балаларда бауыр қызметі жетілмеуінің көріністері.

СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР



Асқорыту жеткіліксіздігі. Асқазандағы асқорытудың бұзылуы

1. Гиперсаливация байқалады

  1. сілекей бездерінің өспесінде

  2. сиалолитиазда

  3. кезбе жүйкенің межеқуаты жоғарылағанда

  4. кезбе жүйкенің межеқуаты төмендегенде

  5. күшті эмоцияларда

2. Гиперсаливация әкеледі

    1. асқазан сөлі түзілуінің күшеюіне

    2. ксеростомияға

    3. көптеген тіс жегінің дамуына

    4. ауыз қуысында қабыну үрдістерінің дамуына

    5. жұтынудың қиындауы

3. Гипосаливация байқалады

  1. стоматитте

  2. ішек құрт ауруында

  3. сиалолитиазда

  4. сопақша мыйлық салдануда

  5. жүктіліктен уыттану (гестоздар)

4. Гипосаливация қабаттасады

  1. ксеростомиямен

  2. сілекейдің көп бөлінуімен

  3. птиализммен

  4. терінің сыдырылуымен

  5. асқазан сөлінің бейтараптануымен

5. Толастамайтын құсу кезінде пайда болады

А) гиперкәлиемия

В) гипернатриемия

С) гиперхлоремия

Д) метаболизмдік алкалоз

Е) толық және шала салдану



6. Асқазан сөлі бөлінуі төмендеуінің себебі

  1. асқазанды артық парасимпатикалық түрткілеу

  2. секретиннің өндірілуінің төмендеуі

  3. гастрин өндірілуінің азаюы

  4. гистамин шығуының жоғарылауы

  5. Золлингер-Эллисон синдромы

7. Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы әкеледі

  1. асқазанда ашу мен шіру үрдістерінің дамуына

  2. астың асқазаннан ішекке өтуінің баяулауына

  3. асқазаннан түскен астың ұлтабарда өндірілетін заттармен тез бейтараптануына

  4. іш өтуіне

  5. асқазан қалтқысының ашық болуы

8. Асқазандық ахилия – бұл

  1. асқазан сөлінде тұз қышқылының болмауы

  2. ішекке өттің түспеуі

  3. асқазан сөлінде ферменттердің көбеюі

  4. асқазан секрециясының мүлде болмауы (тұз қышқылы мен ферменттердің)

  5. аш ішекте сөл бөлінуінің болмауы

  1. Гипохлоргидрияға әкеледі

  1. гастрин өндірілуінің жоғарылауы

  2. асқазанның шырышты қабығының іргелік жасушаларының көбеюі

  3. кезбе жүйкенің межеқуатының жоғарылауы

  4. атрофиялық гастрит

  5. соматостатиннің тапшылығы

10. Асқазан сөлі қышқылдығының төмендеуі әкеледі

  1. асқазанда тағамның тұрып қалуы

  2. іш қатуына

  3. іш өтуіне

  4. пепсиннің белсенділігінің артуы

Е) асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

11. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі

  1. асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы

  2. кілегей қабатының қанмен жеткілікті қамтамасыз етіледі

  3. Helicobacter pylori

  4. бикорбанаттардың және шырыштың өндірілуі

  5. асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

12. Асқазанның шырышты қабығында ойық жара пайда болуына әкеледі

  1. асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы

  2. простагландиндердің өндірілуінің белсенденуі

  3. кілегей қабатының қанмен жеткілікті қамтамасыз етіледі

  4. асқазанның шырышты қабығының тез регенерациясы

Е) бикорбанаттардың және шырыштың өндірілуі

13. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының патогенезіндегі «қорғаныстық себепшарттарына» жатпайтыны

    1. шырыш пен бикарбонаттардың сөлденісі

    2. гиперкортизолизм

    3. простагландиндердің белсенді сөсденісі

    4. қанмен жеткілікті қамтамасыз етілу

    5. шырышты қабықтың белсенді регенерациясы

14. Қуыстық асқорыту бұзылыстарының көріністеріне жатпайтыны

    1. гипорексия

    2. гиперрексия

    3. іш кебу

    4. мол іш өту

    5. стеаторея

15. Мәлабсорбция синдромы сипатталады

  1. өттің ішекке түсуінің күшеюімен

  2. ұйқы безінің ішкі сөлденіс қызметінің бұзылуымен

  3. мәлтоза сіңірілуі күшеюімен

  4. аш ішекте қоректік заттардың сіңірілуі бұзылуымен

Е) асқазанда сіңірілу үрдісінің күшеюімен

16. Алғашқы мәлабсорбцияға әкеледі

  1. лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығы

  2. гипохолия

  3. панкреатиттер

  4. гипохлоргидрия

  5. гастриттер

17. Салдарлық мәлабсорбция дамуы байланысты

  1. глютен айырылуының тұқым қуалайтын бұзылысына (глютен ауруына)

  2. созылмалы панкреатитке

  3. лактазаның тұқым қуалайтын тапшылығына

  4. целиакияға

  5. дисахаридазаның тұқым қуалайтын тапшылығына

18. Мәлабсорбция көрінісіне жатпайтыны

  1. газдық емес алкалоз

  2. гиповитаминоздар

  3. нағыз гиперпротеинемия

  4. қорытылмаған тағам қалдықтары бар мол нәжіс

  5. осмостық іш өту

19. Панкреатиттік ахилияның жиі кездесетін көрінісіне жатады

    1. дене салмағының төмендеуі

    2. В12 витаминінің жетіспеушілігі

    3. стеаторея

    4. остеопороз

    5. нефролитиаз

20. Панкреатиттік ахилия кезіндегі В12 витаминінің жетіспеушілігінің патогенезі

А) В12 витаминін R нәруызымен бұзылуының зақымдалуы

В) В12 витаминінің тамақпен түсуінің бұзылуы

С) Гастромукопротеидтің өндірілуінің бұзылуы

D) ішекте темірдің сіңірілуінің бұзылуы

Е) В12 витаминінің қабылдағышының болмауы

21. Жіті панкреатиттің жиі себебі болып табылады


  1. іш қуысының жарақаты

  2. жұқпалар

  3. аутоиммундық зақымдалулар

  4. әлкөгөл ішу

  5. гиперкәлциемия

21. Сөлденістік іш өту дамиды

  1. вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі артқанда

  2. ішек ішіндегінің осмостық қысым жоғарылағанда

  3. қуыстық және іргелік асқорытудың бұзылуында

  4. ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

  5. гипертиреозда

22. Жіті панкреатитті анықтауда маңызы бар фермент

  1. АСТ

  2. ЛДГ

  3. Сілтілік фосфатаза

  4. Липаза

  5. АЛТ

23. Жіті панкреатиттің негізгі тізбегінің дамуына мынаның белсенденуі әкеледі

  1. трипсиннің

  2. эластазаның

  3. калликреин-кинин жүйесінің

  4. қан ұю жүйесінің

  5. фибринолитикалық жүйенің

24. Стеаторея, мынаның жеткіліксіздігінің салдары болып табылады

  1. панкреатикалық липазаның

  2. липопротеидлипазаның

  3. панкреатикалық амилазаның

  4. трипсиннің

  5. эластазаның

25. Сөлденістік диарея дамиды

  1. вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі көбейгенде

  2. ішек ішіндегінің осмостық қысымы жоғарылағанда

С) қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында

D) ішек қимылының әлсіреуінде



Е) гипертиреозда

26. Қатты қимылдық іш өту дамиды

  1. вазобелсенді ішектік пептид (ВІП) өндірілуі көбейгенде

  2. ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда

  3. ішек ішіндегінің осмостық қысымы жоғарылағанда

  4. ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

  5. гипотиреозда

27. Осмостық диарея дамиды

  1. ішек қуысына су және электролиттер сөлденісі жоғарылағанда

  2. қуыстық және іргелік ас қорытудың бұзылуында

  3. ішектердің толқи жиырылуы күшейгенде

  4. гипертиреозда

  5. стрессте

28. Түйілулік (қатты қимылдық) іш қату пайда болады

  1. дизентерияда

  2. ахлоргидрияда

  3. гипокинезияда

  4. ахилияда

  5. асқазан сөлденісі жоғарылағанда

29. Атониялық (аз қимылдық) іш қату пайда болады

  1. отадан соңғы кезеңде ішектің шала салдануында

  2. ішек түйілуінде

  3. қорғасынмен уыттануда

  4. гиперхлоргидрияда

  5. ішек ішіндегі осмостық қысым жоғарылағанда

30. Ауқаттық іш қату пайда болады

  1. тағамда өзек аз болғанда

  2. дәретке отыру шартты рефлексінің бұзылуында

  3. көтенішек аймағының ауруларында (көтенішектің тілінуі, парапроктит, көтеу)

  4. гипотиреозда

  5. Гиршпрунг ауруында (алып тоғішек)

31. Гастро-эзофагалді рефлюкс ауруының даму патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

  1. азот тотығының өндірілуінің төмендеуі

В) ВІП өндірілуі көбейгенде

  1. төменгі өңеш қыспағының межеқуаты төмендегенде

  2. сұйықтық және электролиттерді жоғалту

  3. кезбе жүйкесінің межеқуатының артуы

32. Ішектік аутоуыттану уыттық ықпалына байланысты

  1. ішекте нәруыз іріп-шіру өнімдерінің және биогендік аминдердің

  2. тура емес билирубиннің

  3. кетондық денелердің

  4. өт қышқылдарының

  5. тура билирубиннің

33. Алғашқы бауыр жеткіліксіздігін шақыруы мүмкін

  1. А, В, С, Д, Е ж.б. гепатит вирустары

  2. лейкоздар

  3. жүрек жеткіліксіздігі кезінде

  4. сілеймеде

  5. қант диабетінде

34. Салдарлық бауыр жеткіліксіздігін дамытады

  1. хлороформ

  2. механикалық жарақат

  3. саңырауқұлақ улары

  4. бауыр эхинококкозы

  5. жүрек жеткіліксіздігі

35. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде көмірсу алмасуының бұзылыстары сипатталады

  1. бауырда гликоген мөлшерінің жоғарылауымен

  2. гиперлактатацидемия және тамақтану арасында гипогликемияға бейімділікпен

  3. глюконеогенездің белсенділенуімен

  4. гликогенолиздің бәсеңдеуімен

  5. гликогеногенездің белсенділенуімен

36. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі нәруыз алмасуының бұзылыстарының көріністеріне жатады

  1. геморрагиялар

  2. палмарлы эритема

  3. сарғыштану

  4. холемия

  5. ахолия

37. Гепатоциттердің зақымдалуының алғашқы көрінісіне жатады

  1. сілтілік фосфатазаның жоғарылауы

  2. сарғыштану

  3. қанда аммиак деңгейінің артуы

  4. Қанда АЛТ және АСТ-ның белсенділігінің артуы

  5. Кетоз

38. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде геморрагиялық синдром, бұзылуына байланысты

  1. протромбин мен фибриноген түзілуінің

  2. протеин С түзілуінің

  3. протеин S түзілуінің

  4. тура билирубин түзілуінің

  5. антитромбин III өндірілуінің

39. Бауыр жеткіліксіздігі кезінде гормондар алмасуының бұзылыстары сипатталады

  1. эстрогендер белсенділігінің төмендеуімен

  2. алғашқы әлдостеронизм дамуымен

  3. салдарлық әлдостеронизм дамуымен

  4. қанда глюкокортикоидтар мөлшерінің төмендеуімен

  5. алғашқы гиперпаратиреоз дамуымен

40. Бауырда уытсыздандырылатын ішек уы

  1. биогендік аминдер (кадаверин, путресцин)

  2. тура билирубин

  3. тура емес билирубин

  4. кетондық денелер

  5. зәрнәсіл

41. Организмге айқын уытты әсер ететін қосынды

  1. тура билирубин және глюкоза

  2. тура емес билирубин және өт қышқылдары

  3. уробилиноген

  4. стеркобилиноген

  5. эстерифицирленген холестерин

42. Қосылулық (шунттық) бауырлық кома патогенезінің көрсетілмеген тізбегі :

Бауыр беріштенуі® ? ® қақпа-қуыс көктамырлық және қуыс-қуыс көктамырлық анастомоздар дамуы ® қанның біраз бөлігінің бауырға бармай жалпы қан ағымына түсуі ® ішектік улар және алмасу өнімдерімен уыттану



  1. қақпалық гипертензия

  2. бауыр ұлпасының көлемді өліеттенуі

  3. өт түзілуінің бұзылуы

  4. өт жолдарының дискинезиясы

  5. ацидоз

43. Бауырлық шунттық команың патогенезіндегі негізгі тізбек

  1. гипогликемия

  2. ацидоз

  3. организм аутоуыттануы

  4. гипербилирубинемия

  5. гипергликемия

44. Бауыр үсті сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі

  1. организм дегидратациясы

  2. жүрек жеткіліксіздігі

  3. инсулиннің жеткіліксіздігі

  4. өт ағып кетуінің бұзылуы

  5. эритроциттер гемолизінің күшеюі

45. Гемолиздік сарғыштану кезінде байқалады

  1. қарқынды боялған нәжіс

  2. стеркобилин және уробилин мөлшерінің жоғарылауына байланысты қою түсті несеп

  3. қанда тура билирубиннің жоғарылауы

  4. холемия и ахолия

  5. зәрде тура емес билирубиннің жоғарылауы

46. Ұлпалық сарғыштану байқалады

  1. тобы сәйкессіз қан құюда

  2. уыттық гепатитте

  3. ана организмі және ұрық арасындағы резус сәйкессіздікте

  4. гемолиздік улармен уланғанда

  5. безгекте

47. Бауырлық сарғыштану патогенезінің негізгі тізбегі

  1. эритроциттердің күшейген гемолизі

  2. өт ағып кетуінің бұзылуы

  3. гепатоциттердің зақымдануы

  4. өт жолдарының дискинезиясы

  5. ахилия

48. Ұлпалық сарғыштануға тән

  1. қанда АСТ және АЛТ белсенділігі жоғарылауы

  2. қою қоңыр түсті нәжіс

  3. гипергликемиялар

  4. несепте тура билирубиннің пайда болуы

  5. ахилия

49. Холемия әйгіленімдері дерттік әсеріне байланысты

  1. холестериннің

  2. тура емес билирубиннің

  3. май қышқылдарының

  4. өт қышқылдарының

50. Холемия кезіндегі брадикардияның тетігі байланысты

  1. жүрекке парасимпатикалық әсерлердің белсенділенуіне

  2. жүректің өткізгіштік жүйесі бойымен серпін өткізілуінің бөгелуіне

  3. синустық-жүрекшелік торапқа өт қышқылдарының тікелей әсеріне

  4. синустық-жүрекшелік торапта серпіннің қайтадан ену тетігінің белсенділенуіне

  5. миокардта эктопиялық қозу ошақтарының пайда болуымен

51. Бауыр асты сарғыштанулар патогенезінің негізгі тізбегі

  1. гепатоциттердің зақымдануы

  2. сиалолитиаз

  3. уролитиаз

  4. эритроциттердің күшейген гемолизі

  5. өт ағып кетуінің бұзылуы

52. Ішекке өт түспегенде дамымайтыны

  1. ішек қимылының әлсіреуі

  2. А, Д, Е, К витаминдері сіңірілуінің азаюы

  3. В тобындағы витаминдер және С витамині сіңірілуінің төмендеуі

  4. ішекте нәруыздар шіруінің күшеюі

  5. қан ұйығыштығының төмендеуі

53. Механикалық сарғыштану кезіндегі қанағыштық байланысты

  1. Виллебранд жайтының тапшылығына

  2. тромбоцитопенияға

  3. антикоагулянттардың артықтығына

  4. тромбоцитозбен

  5. ішекте К витамині сіңірілуінің бұзылуына

54. Қақпа көктамырлық гипертензия пайда болуы мүмкін

  1. сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігінде

  2. қансырауда

  3. бауыр беріштенуінде

  4. гиповолемияда

  5. организмнің сусыздануында

55. Өт-тас ауруы патогенезінде маңызы жоғы

  1. өт жолдары қабынуының

  2. өт іркілуінің

  3. жұқпаның

  4. өтте өт қышқылдарының азаюына және холестериннің көбеюіне әкелетін холаттық/холестериндік коэффициент (өт қышқылы/холестерин) төмендеуінің

  5. өтте өт қышқылдарының көбеюіне және холестериннің азаюына әкелетін холаттық/холестериндік коэффициент (өт қышқылы/холестерин) жоғарылауының


  1. МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

      1. Ситуациялық есептерге қортынды жасауды және талдауды білу (сарғаюдың әр-түрлерінде нілдік алмасудың, асқорыту жеткіліксіздігінің биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістерін анықтау)

Оқыту құралдары

  1. Дәрістің барлық тақырыптарын қазақ, орыс және ағылшын тілінде мультимедиялық таныстыру:

  2. Сабақтарға арналған көрсетілімдік материал

Тақырыптар №

Тақырып

Көрнекті құралдың түрі

кестелер және папкілердің №№

1

2

3


4

5

6



Жұтыну бұзылуы және асқазандық диспепсия синдромдарының этиологиясы және патогенезі (дәріс)

Ішектік диспепсия синдромының этиологиясы және патогенезі (дәріс)

Бауыр патофизио-логиясы (дәріс)

Жұтыну бұзылуы және асқазандық диспепсия синдромдарының этиологиясы және патогенезі (сабақ)

Ішектік диспепсия син-дромының этиологиясы және патогенезі (сабақ)

Бауыр патофизиологиясы (сабақ)



CD дискідегі мультимедиялық көрсетілім

CD дискідегі мультимедиялық көрсетілім


Таратылатын материал

Кестелер

ЖМ 4-ТЖ
26.1 Асқорытудың реттелуі

26.2 Тәбеттің бұзылуы

26.3 Анорексияның түрлері

26.4 Асқазанның ойық жара ауруының патогенезі

28.1 Экка және Экк-Павлов фистуласы

28.2 Сарғыштану

28.3 Суреттер -көрсетілімдер




Ситуациялық есептердің жауаптары

Тақырып: «Асқорыту жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Асқазан және ішек қызметтерінің бұзылуы. Балаларда асқорыту бұзылуының ерекшеліктері»

1-тапсырма Асқорыту жеткіліксіздігі патогенезінің көріністері бойынша кестені толтыру.



Ас қорыту жеткіліксіздігінің көріністері

Патогенезі

Арықтау, жүдеу

Нәруыз, май, көмірсу сіңірілуінің бұзылуы, организмге калория түсуінің азаюы.

Жалпы әлсіздік

Анемия, сүйық жоғалту, гипокалиемия.

Ісінулер

Амин қышқылдары сіңірілуінің бұзылуы, гипопротеинемия.

Анемия

Нәруыз, витаминдер, микроэлементтер сіңірілуінің төмендеуі.

Қанағыштық

К витамині сіңірілуінің бұзылуы.

Сүйектердегі ауыру сезімі

Нәруыз және кәлций сіңірілуі бұзылуынан сүйек боркеміктігі және жұмсаруы.

Шеткері невриттер

В тобындағы витаминдердің тапшылығы.

Парестезии, тетания

Кәлций және магний иондары сіңірілуінің бұзылуы.

2-тапсырма Есептерді шығару

1 есеп



  1. Жұтынудың бұзылыстары неге байланысты: жұтқыншақ немесе өңеш қызметінің бұзылуына ма? (Өңеш қызметінің бұзылуына байланысты, себебі тұлғалық сезім жұтудан соң 2-3-сек кейін пайда болады, тамақта ауыру сезімі және кері лықсу жоқ)

  2. Ары қарай қандай зерттеулер жүргізу керек? (рентгенографиялық)

  3. Рентгенограмма нені анықтайды? (деректерді оқытушыдан сұраңыз). Өңештің айқын кеңеюі анықталды, өңеште тағам қалдықтары, өңеш және асқазанда жергілікті ақаулар болмай, өңештің шеткері бөлігінің тегіс тарылуы көрінеді.

  4. Осы науқаста жұтыну бұзылуының патогенезі қандай? Науқаста, негізінен, өңештің босаңсымауы болуы ықтимал. Патогенезінің негізінде, мый бағанасы, кезбе жүйкенің, интрамуралдық жүйке түйіндері жасушаларының және өңештің шеткері бөлігі тегісетінің бүлінісі бар, алғашқы жүйкелік бұзылу жатады. Бұлшықеттік босаңсу үшін қажетті нейротрансмиттердің тапшылығы дамыйды: ТБІП және азот тотығы

2 есеп.

  1. А. және Б. науқастарда байқалған ауытқулар асқазанның сөлденістік қызметі бұзылыстарының қандай түріне жатады? (А. – гипосекрециялық нұсқа; Б. – гиперсекрециялық нұсқа)

  2. Осы науқастарда асқазанның шығарулық қызметі қалай өзгереді? ( А. – жылдамдайды, Б - баяулайды)

  3. Осы науқастардағы байқалған асқазан сөлденісінің бұзылысы ішектегі асқорытуға қандай әсер көрсете алуы мүмкін? (А. –ішектік асқорытудың бірталай нашарлауы, ішек қимылының артық белсенділенуінен іш өтудің пайда болуы мүмкін; Б. – ішек қимылының белсенділігі әлсіреген, іш қатулар болады)

3 есеп

  1. Науқасқа аңғарым қою үшін қандай зерттеулер белгіленген? (Рентгенография, эндоскопия, Helicobacter pylori анықтау)

  2. Осы науқаста ойық жара ауруын қандай озбырлық жайттар туындата алуы мүмкін? Олардың зақымдаушы әсері негізінде қандай тетіктер жатады? ( Шылым шегуден – ұйқы безінің бикарбонаттарды бөлуі тежеледі, асқазанның босауы жылдамдайды, простагландиндер түзілуі және эпителийдің регенерациясы тежеледі; ішімдік – асқазанның шырышты қабатының қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне және шырыш бөлінуінің тежелуіне әкеледі; Психикалық – эмоциялық стресстен – қан тамырлары жиырылады; Helicobacter pylori уреаза мен протеазаны бөледі, қабыну туындатады).

  3. Қарын үсті аймағында ауыру және күйдіру сезімі дамуының себептері қандай? (Күйдіру сезімі – ноцицепциялық хеморецепторлардың қышқылмен тітіркендірілуі немесе асқазан қабырғасының тегісеттерінің жиырылуынан болады)

  4. Осы науқасты емдеу бойынша сіздің ұсынысыңыз. (шылым шегуді, ішімдікті доғару, антацидтер, Н2 –рецепторларының және Н+, К+ -АҮФаза тежегіштерінің антагонистерін, простагландиндердің аналогтарын белгілеу).

4 есеп

  1. Осы жағдайда қандай ауру бар екенін жорамалдауға болады? (Асқазанның ойық жара ауруы)

  2. Асқазан сөлінде уреазаның бар екеніне білдіретін оң сынақ нені дәлелдейді? (helicobacter pylori бар болуын)

  3. Ащымен кекірудің себебі қандай? (Ащымен кекіру ұлтабарлық-асқазандық кері лықсу дамуының салдары болуы мүмкін. Өт те асқазанның шырышты тосқауылын бүлдіреді)

5 есеп

  1. Қосымша қандай зерттеу жүргізу керек? Барлық деректер сөлденістік диареяны көрсетеді. Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясын және ТБІП анықтауды жүргізу қажет

  2. Оқытушыдан компьютерлік томография және ТБІП деңгейі бойынша деректерді сұраңыз (ұйқыбездің құйрығында және бауырда өспе түйіндері білінеді. Өспе түйіндерінің биопсиясы кезінде –шығу тегі жүйкелік – ішкі сөлденістік өспе жасушалары байқалды)

  3. Жорамал аңғарым - ТБІП өндіретін өспе. (КІСӨ синдромы - көптеген ішкі сөлденістік өспе)

6 есеп С -жауабы.
2 тақырып «Ұйқыбезінің сөлденістік қызметінің бұзылуы. Балалардағы ерекшеліктері»

1 есеп


1. Науқаста ұйқыбездің мынадай қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады:

а) сөлденістік (белгілері: трипсин белсенділігінің айқын төмендеуі, стеаторея, үлкен дәреттің бұзылуы, іш кебуі, тәбеттің айтарлықтай төмендеуі, арықтау, әлсіздік);

б) инкрециялық (инсулин азаюының белгілері: гипергликемия, глюкозурия, полиурия, жүдеу, әлсіздік).


2. Аса ықтималды жорамал: әлкогөлдік себепті созылмалы қабынулық үрдіс және әлкогөлдік
уыттанумен де, сонымен қатар аралшықтық құралдың қабынулық (салдарлық)
әлтерациясымен де туындатылған бездің аралшықтық жасушалары қызметінің жеткіліксіздігі.
3. Осы мақсатпен аңғарымдық лапароскопияны (УДЗ және компьютерлік томографияға қосымша ретінде), ұйқыбездің биопсиялық сол немесе басқа бір тәсілін, ұйқыбезі сөлінің жасушалық зерттеуін ж.б. ұсынуға болар еді.
4. Ұйқыбездің сөлденістік және инкрециялық құралының жеткіліксіздігі, әртүрлі себептердің әсерінен, бір біріне тәуелсіз дамуы мүмкін. Бірақ талданып отырған жағдайда бұл үрдістер өзара байланысты. Созылмалы маскүнемдік кезінде сөлденістік құрал аса сезімтал болып көрінеді, өйткені ол қабынулық үрдістің даму барысында алғашқы және салдарлық әлтерациямен жауап береді. Бұл кезде аралшықтық құралдың бүлінісі, әдетте, кейінірек —созылмалы қабынулық үрдіс үдеген кезде дамыйды, ол безде қанайналмының бүлінісіне, оның фиброзына әкеледі ж. т.т. Екінші жағынан, салдарлық түрде пайда болатын инсулиндік жеткіліксіздік қабынулық үрдістің өтуін, без тінінің нәрленісін, оның регенерациялық қабілетін ж. с.с. бұза отырып, ауырлатуы мүмкін.
5. Мынадай аңғарымдық жорамал аса ықтималды болып көрінеді: алғашқы (әлкогөлдік), салдарлық ҚД пайда болуымен асқынған, созылмалы панкреатит.
6. Науқастың айтарлықтай арықтауы негізінен екі себеппен туындатылған: а) қорытудың, және, демек, тағамның негізгі құрамбөлшектері —нәруыз, май, көмірсу сіңірілуінің бұзылуымен (ұйқыбездің айқын сөлденістік жеткіліксіздігі салдарынан);

ә) көмірсу, ал салдарлық түрде — сонымен қатар нәруыз және май алмасуының бұзылуымен (науқаста ҚД дамуы салдарынан).

2 есеп.



  1. Осы науқаста қандай ауру бар екені туралы ойлауға болады? Созылмалы панкреатит (клиникалық көріністер, холецистопанкреатография кезінде«моншақ» әйгіленімі)

  2. Ауру дамуының мүмкіндік себебі қандай? Ішімдікті ұзақ үздіксіз қабылдау

  3. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз.

  • Осы науқаста дене массасын жоғалту, ішекте заттардың қорытылуы және сіңірілуінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін, соның салдарынан осмолялдық диарея дамиды.

  • Стеаторея липазаның жеткіліксіздігімен байланысты

  • Бауыр көлемінің ұлғаюы, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, гипоәлбуминемия, УДЗ бауырдың майлық дистрофиясы дамуын көрсетеді (ішімдікке салыну)

  • Эритроциттер көлемінің ұлғаюы витамин В12 және фолий қышқылының тапшылығына байланысты (ішімдікке салыну)

  1. Науқасты емдеу туралы сіздің ұсынысыңыз. Созылмалы маскүнемдікті емдеу, емдәм, ұйқыбездің ферменттерімен орын басарлық емдеу.

Тақырып: «Бауыр патофизиологиясы»

1 есеп


1. Алақандарының қызаруы ұсақ қан тамырлар қабырғасының құрылымының өзгеруіне, соның ішінде қылтамырлардың кеңеюіне, венулалар аймағында адвентицияның қалыңдауына және олардың тарылуына байланысты (телеангиоэктазиялар). Құрылымдық өзгерістер, негізінен, эстрогендердің артықтығына байланысты. әдетте бұл әйгіленімдер бауырдың дистрофиялық бүліністері кезінде пайда болады, себебі, бауыр жасушалары стероидты, соның ішінде бүйрек үсті бездерінен шығатын гормондарды әсерсіздендіру қасиетін жоғалтады.
2. Қақпалық гипертензия және іш шеменінің себептік жайттары болуы мүмкін:

а) жүйелік көктамырлық қысымның жүректің оң қарыншалық жеткіліксіздігі кезінде ұзақ мерзімдік жоғарылауы. Бауырдың көктамырлық толыққандылығы онда дистрофиялық өзгерістерге және ұсақ қан тамырларының құрылымдық бүлінісіне әкеледі, бұл склероз (беріштену) дамуына байланысты;

б) ұлпаның тікелей бүлінісі (вирустық, уыттық, әлкогөлдік) гепатоциттердің едәуір санының құрылымдық бұзылыстарымен және беріштену дамуымен аяқталуы мүмкін. Бұл қанның бауыр қылтамырлары арқылы қалыпты өтуіне мүмкіндік бермейді, сөйтіп ішектің іркілулік көктамырлық гиперемиясы дамуына әкеледі. Қылтамыр арқылы алмасудың бұзылуы сұйықтың ұсақ қан тамырлардан шығуына және іш қуысында   оның жиналуына— іш шеменінің дамуына әкеледі.

Кейінгі салдарлары: айналымдағы қанның жалпы көлемінен сұйықтың бөлігін басқа жаққа аудару, іш қуысы ағзаларын механикалық қысу, қақпалық гипертензия салдарынан қақпалық‑қуыстық қосылымдарды қалыптастыру, жүрек қызметінің бұзылуы, өкпе гиповентиляциясының. рестрикциялық түрі

3.Бауыр жасушаларының зақымдануын және бауыр жеткіліксіздігінің болуын көрсететін белгілер:

• нәруыз алмасуының бұзылуы (гипоәлбулинемия, қанның гипоонкиясы, онкотикалық ісінулер);

• протромбин деңгейінің төмендеуі (қан ұюының бұзылуы);

• холестерин және холинэстераза түзілуінің төмендеуі,

• қанда зәрнәсіл деңгейі төмен,

• қанда билирубин мөлшерінің жоғарылауы (тура және тура емес),

• теңгерілген газдық емес ацидоз болуы.


4. Көмірсу алмасуының ,қантты диабетке байланысты, жүйелік бұзылуын есепке алмауға болады, себебі, оның бірде бір түбегейлі белгісі жоқ. Кетондық денелердің көбеюі бауыр жасушаларында олардың алмасуының бұзылуына байланысты. Сонымен қатар, бауырдың жедел қабынулық бүлінісін де есепке алмауға болады: қызба, лейкоцитоз жоқ, қалыптасқан қақпалық гипертензия, іш шемені бар; сонымен қатар бауыр жасушаларының қабынулық емес сипаттағы зақымдану белгілері бар.Бұл басқа деректермен дәлелденеді: бауырдың ұлғаюы және тығыздалуы, қақпа көктамырының, өңеш көктамырының кеңеюі, бауырдың тосқауылдық қызметінің төмендеуі, бұл беріштенуге тән. жалпы, жүйкелік өзгерістерді де еске ала отырып, кома алдылық жағдайдың дамуы туралы айтуға болады.
5. Жауапты нақтылау үшін қосымша деректер қажет. Олар арнайы зерттеу кезінде алынды:

қан талдамасы: лимфоцитоз, тромбоцитопения;

қанның биохимиялық талдамасы: тура емес билирубин 5,1 мг%, жалпы нәруыз 7,8 г%, әлбуминдер 3,0 г%, холестерин мөлшері төмен, АСТ 88 ХБ, АЛТ 60 ХБ;

несеп талдамасы: диурез 1200 мл/с, менш. салм. 1,021, түсі әдеттегідей, нәруыз 0,05%, қант — жоқ, уробилиноген табылмады;

ҚСҮ: рН 7,34; рСО2 40 мм с.б.б.; СБ 19 ммол/л; НА –3,5 ммол/л;

УДЗ: бауыр ұлғайған, жайылмалы тығыздану ошақтары байқалады. Қақпа көктамырының диаметрі ұлғайған. Іш қуысында сұйық бар;

эзофагоскопия: өңештің көктамырлары керіліп кеңейген,



сыртартқыда: науқас созылмалы маскүнемдіктен зардап шегеді.

Сынамалық тапсырмалардың жауаптары:

1-C

7-B

13-A

19-A

25-A

31-C

37-D

43-C

49-D

55-E

2-A

8-D

14-B

20-A

26-D

32-A

38-A

44-E

50-C




3-C

9-D

15-D

21-D

27-B

33-A

39-C

45-B

51-E




4-A

10-C

16-A

22-D

28-E

34-E

40-A

46-B

52-A




5-D

11-C

17-B

23-A

29-A

35-B

41-B

47-C

53-E




6-C

12-A

18-C

24-A

30-A

36-А

42-A

48-A

54-C




Сөэжұмбақ жауаптары
















































































































































































































ж




г


















































































ұ

и


























































т

п

















































а

п

у

д

о

м

а

















































к











































5

а

х

л

о

р

г

и

д

р

и

я








































и

н

7





































8

к

а

р

б

о

к

с

и

п

е

п

т

и

д

а

з

а


































а




е

з




н




























ұ

л

т

а

б

а

р




р




т

р

а

с

и

л

о

л

































к

о

л

и

т




с







х

л

о

р

и

д





































и




е




е


































п

а

н

к

р

е

а

т

и

н




к

г

а

с

т

р

и

к

с

и

н

























р




э

с

т

р

о

г

е

н




с






















с

е

к

р

е

т

и

í





е










а

м

и

л

а

з

а




























и




ц

э




я


































н




п

е

п

с

и

н

о

г

е

í



































и




я




т

























г

и

п

о

ч

о

л

и

я







м

е

т

е

о

р

и

з

м































о







р


































г

и

п

е

р

о

р

е

к

с

и

я




м

о

т

и

л

и

н





































о




к





































м

а

л

ь

а

б

с

о

Р

б

ц

и

я




в

и

п

о

м

а








































п







н





































л

и

п

а

з

а




э

л

а

с

т

а

з

а








































з







з








































м










а


















































































Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет