«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР
МИНИСТРЛІГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ (Өскемен қаласы)»
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Кәсіптік даярлық мектебінің
2015 жылғы атқарған жұмысы туралы
ЕСЕБІ
Өскемен қ., 2015 жыл
«ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ Кәсіптік даярлық мектебінің
2015 жылғы атқарған жұмысы туралы
есебі
«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі кәсіптік даярлық мектебі (бұдан әрі – «ШҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ КДМ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 120 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының тактикалық-арнайы даярлығы, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің арнайы алғашқы оқудан өту ережелері мен шарттарына, 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 100 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің ӨСжАҚЖҚ» ММ кәсіптік даярлық мектептерінің оқу-тәрбие және әдістемелік қызметін ұйымдастыру тәртібін, ШҚО ТЖД бұйрықтары мен нұсқауларын және тақырыптық жоспарларды басшылыққа ала отырып, 2015 жылы 384 қызметкерді дайындап, шығарды, оның ішінде алғашқы даярлықтан 130 қызметкер:
өрт сөндірушілер – 65;
қарауыл бастықтары – 3;
өрттерді басқа ТЖ жоюға байланысты емес қызметкерлер – 11;
өрт сөндіру автоцистерналарының жүргізушілері – 41;
радиотелефоншылар – 8;
мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің қызметкерлері – 2. Біліктілікті жоғарылатудан 225 қызметкер өтті
бөлімше командирлері – 40;
қарауыл бастықтары – 18;
өрт сөндіру автоцистерналарының жүргізушілері – 112;
радиотелефоншылар – 26;
өрт сөндіру автосатыларының жүргізушілері – 29.
Оның ішінде КДМ оқытушылар құрамы Семей қаласына және Катонқарағай ауданына шығумен оқудан өткен:
бөлімше командирлері - 15;
өрт сөндіру автоцистернасы жүргізушілері – 24;
өрт сөндіру автосаты жүргізушілері – 8.
Қайта даярлаудан 17 автосаты жүргізушілері және 12 өрт сөндіруші-құтқарушылар өтті.
ГТҚҚ-ға рұқсатты 86 адам алды. Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша КДМ-ның 211 тыңдаушы (өрт сөндірушілер, қарауыл бастықтары, бөлімше командирлері, радиотелефоншылар) оқудан өтті. Кәсіптік даярдық мектебінің ауысым құрамымен сабақ кестесіне сәйкес 3-ӨСБ (126 адам) және «ПТС-Грот-К» контейнер түріндегі жылутүтінкамерасында (66 адам) тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарында практикалық сабақ өткізілді. Өскемен гарнизонының жауынгерлік жоспарына сәйкес тыныс алу және көру органдарының жеке қорғау құралдарында 3-ӨСБ жылу түтінкамерасында Кәсіптік даярлық мектебінің оқу өрт сөндіру бөлімінің (бұдан әрі – КДМ ОӨБ) жеке құрамымен 4 тәжірибелік сабақ, бір сабақ 3-ӨСБ психологиялық дайындық жолағында және таза ауада 12 сабақ өткізілді.
Тыңдаушылар негізгі пәндер бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде оқып, емтихан тапсыра алады, сондай-ақ тыңдаушылардың әрбір санаты үшін екі тілде мемлекеттік және орыс тілінде электронды тестілеу бағдарламасы әзірленген. Оқу топтарымен жаңа өрт сөндіру техникасымен және өрт-техникалық жарақтармен, өрт сөндіру бөлімдерінде қарауыл қызмет ұйымдастыруды таныстыру үшін Өскемен гарнизоны өрт сөндіру бөлімшелеріне 8 рет шығу ұйымдастырылды. Ауысым құрамымен отансүйгіштікке тәрбилеу мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің № 3 кітапханасында бейнематериал көрсете отырып дәріс өткізілді.
Тыңдаушылардың әрбір санаты үшін 26 оқу-тақырыптық жоспар әзірленіп, 26 сабақ кестесі және тыңдаушылардың 13 санаты бойынша емтихан билеттеріне түзету енгізілді.
«ӨС ж АҚЖҚ» ММ оқу-жаттығу кешенінде сынақ қабылдана отырып өрт-саптық және дене-күші дайындығы бойынша сабақтар ШҚО ТЖД жыл бойына өткізіледі. Өрт-саптық және дене-күші дайындығы бойынша 8 сынақ қабылдау хаттамасы ресімделді, 173 адам қамтылды.
Тыңдаушыларды оқыту кезінде КДМ оқытушыларынан басқа ШҚО ТЖД және «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлерімен 388 сағат өткізілді. КДМ-ға түсер алдында жауынгерлік даярлық деңгейін тексеру мақсатында 271 тыңдаушы электронды тестілеу арқылы кіру бақылаудан өтті, оның ішінде 37 адам қанағаттанарлықсыз бағаларын алды.
Оқытушылар құрамы өткен материалдарды бекіту үшін тыңдаушылармен бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде кеңестер өткізіледі. 18 кеңес беру кестесі әзірленіп, бекітілді. Оқыту процесінде туындаған мәселелерді шешу үшін 12 педагогикалық кеңес отырыстары өткізілді. КДМ басшылығы оқытушылар құрамын кестеге сәйкес педагогикалық бақылауды жүзеге асырады. Кестеге сәйкес мұрағатқа құжаттама тапсырылды.
КДМ қызметі бойынша бір шолу «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелеріне әзірленіп, жіберілді.
КДМ екі қызметкері Белорусь Республикасы ТЖМ Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтында және екі қызметкер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Шынайы жағдайында құтқару дайындығы бойынша дағдыларын өтеу үшін оқу-жаттығу жиынына «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкерлер тобы Глубокое ауданына далаға шықты.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор В.К. Божконың ҚР ІІМ 2015 жылғы 30 маусымдағы жедел кеңесінде берілген тапсырмасын орындау үшін бекітілген оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес өрттің туындау кезінде іс-әрекетіне Өскемен қаласының ІІБ қызметкерлерімен сабақ өткізілді. 93 қызметкер қамтылды, оның ішінде 69 адам әкімшілік полиция қызметкерлері, 24 адам полиция мектеп инспекторлары.
КДМ-да оқу барысында тыңдаушылар оқумен қатар оқу өрт сөндіру бөлімінде тағылымдамадан өтеді.
Оқыту өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру бөлімдеріне қарастырылған барлық жайлармен (екі автомобильге арналған гараж, қарауыл жайы, диспетчерлер жайы, жатын бөлмесі, кезекші қарауылға арналған жатын жайы және т.б.) жарақталған. Бөлімнің жауынгерлік есебінде тиістілік нормасына сәйкес жинақталған СЖА-40 (130) 127 А автомобилі бар.
КДМ оқу және материалдық базасын нығайту үшін 2016-2018 жылдарға сомасы 4 884 620 теңгеге бюджеттік тапсырыс берілді.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ аудандық бөлімшелерінің жеке құрамын кезекті аттестаттаудан өткізу үшін КДМ жайлары мен жабдықтары үнемі дайындыққа келтіріліп тұрды.
Командалық-оқытушылық құрамның бөлігі Шығыс Қазақстан облысы гарнизонының жүргізушілер құрамынан сыныптық біліктілігін беру бойынша біліктілік комиссиясы ретінде іссапарға шықты, бір емтихан комиссиясының хаттамасы жасалды, 30 жүргізуші-қызметкер қамтылды.
2015 жылғы 28 қыркүйектегі Жедел кеңестің № 65 шешіміне с»йкес (1.6.5-т.), 2015 жылғы 03 қараша және 05 қарашада 8 оқу сағатқа бекітілген оқыту-тақырыптық жоспарға сәйкес Өскемен қаласының «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің басшы құрамымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Оған 70 адам қамтылды.
Жаппай суға түсу орындарында бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес КДМ жеке құрамы патрульдеуге шықты.
КДМ бес оқытушысы өрт сөндіру кезекші қызметі жанында ӨСБ көмекшісі рөлінде машықтанудан өтті.
Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздеріне өскелең ұрпаққа оқыту, балалардың түрлі экстремальды жағдайларда әрекет етудің тәжірибелік дағдыларын үйрету, сондай-ақ кәсіптік бағдар беру, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын насихаттау, ҚР ІІМ ТЖК қызметінің бет-бейнесін жоғарылату мақсатында және «Жас құтқарушы» халықаралық қозғалысы шеңберінде КДМ базасында «Жігер» балалар жасөспірімдер клубы Өскемен бірлестігімен сабақтар өткізіледі.
ШҚО ТЖД оқу-жаттығу кешенінде өткізілетін барлық гарнизондық іс-шараларға, жылдамдықпен маневрлеу бойынша жарыстарға, қаланың мектептері арасында ЖӨЖ жарыстарына, облыстың өртке қарсы қызметі қызметерлерінің балалары арасында асфальтқа балалардың сүрет салу сайыстарына, сондай-ақ өрттердің туындауының алдын алу және салауатты өмір салтын кеңінен тарату жөнінде «Флешмоб» («Даниэль» супермаркеті жанындағы алаңда) өткізу кезінде оркестрдің күшімен музыкалық сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Мемлекеттік, кәсіптік және халықтық мерекелерді өткізу үшін репертуар жасалып, 14 концерт өткізілді. Оркестр тыңдаушыларға КДМ-дағы таңертеңгі тапсырма беру кезіндегі саптық дайындық өткізуді қамтамасыз етті.
Шаруашылық жұмысын жүргізу кезінде күн тәртібіне сәйкес КДМ аумағындағы газон шөбі қырқылды, КДМ жайларында шаруашылық жұмыстары және санитарлық торапқа жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимарат қасбетіне және ішкі жайларына, сондай-ақ КДМ ішкі сумен қамту жүйесіне жеңіл-желпі жөндеу жұмысы жүргізілді.
«ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ КДМ бастығы
Азаматтық қорғау подполковнигі Д.В. Вареников
Достарыңызбен бөлісу: |