Міржақып Дулатұлының «Жастарға» өлеңі турасында Ғұмыр шіркін қысқа болса да аты өшпей қалып қоятын адамдар бар болатындығы секілді «Серке газеті» де қазақ тарихында өзіндік орнын ойып тұрып шегеледі десек болады. Серке көшбасшы. Қазақтың басына қараңғы түнде жарқ еткен еткен үміт сәулесі еді. Бірақ Серкенің ғұмыры ұзақ болмады.. Зерттеушілердің сөзінше оған себеп газеттің соңғы саны. Турасын айтқанда ондағы жастарды оятуға, ерлікке ұмтылуға шақыратын «ұран» іспеттес Міржақып Дулатұлының мақаласы.
«Жастарға»деп аталатын бұл мақала қазақтың қалың ұйқыда жатқан көзін ашуды, рух сыйлауды, жастық шақта жарқылдауды, ата-баба арманын орындауды көздеді. Жарияға «Қазағым»-деп жар салғанда елдің бір тудың астында бірігуін мақсат тұтты. Көп жыл отаршылдардың аяусыз қанауынан жол табуға күш болардай еді. Халқымызды қажытқан бірқатар мәселердің бетін ашып, көп адамның ішін жеп бара жатқан дүниені айқын көрсете алғандай. Атап айтатын болсақ жерімізге мұжықтарды қоныстандыру, дінге шектеу қою, мал-мүліктерінен айыру мұның бәрі де жұртымыздың еңсесін біршама түсірген дүние еді. Қазақ халқының мүшкіл күйін айғақтаған ең қымбат жәдігер еді. Алайда орыс жұртшылығы біздің көнбістігіміз бен үнсіздігімізге үйреніп алғаны соншалық құқығымызды таптады. Таптағаны соншалық «Серкенің »алдағы уақытта шығатын сандарының барлығын тәркілеп әкетті. Елім деп шырылдаған жалғыз қазақтың үнін естіртпеді. Әттең-ай дейтін дүниеміз өте көп. Ендігі Тәуелсіз , тұғырлы елімде халқымның еңсесі биік болса екен деймін. Қазақ тарихына «Серкедей»-ұран газетте жастарға ұран қалдырған Дулатұлының әруағына мың тағзым! Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика 101 студенті: Бақберген Дилназ Сәуірбекқызы