Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Жолын шапқан, қазық қаққан, шамын



бет117/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Жолын шапқан, қазық қаққан, шамын
жаққан,

деген бір жолда үш сөз қатарынан ұйқасып келеді. Ал, «Мәскеу - Қазақстан» атты өлеңінде де ұйқастар солай құрылған:




Қанқор Мәскеу марқұм боп
Көп болды өліп қалғанға.
Қамқор Мәскеу бұл күнде
Жалғыз жұлдыз жалғанда.

Осы шумақтағы «қалғанға, жалғанда» сөздері дәстүрлі ұйқас үлгісі болса, ал соңғы сөздері дәстүрлі ұйқасқа қатыспай тұрған жолдардың басқы сөздерін өз ара ұйқастырады (қанқор, қамқор).


Бұл қазақ әдебиетіндегі шалыс ұйқастың өзгерген түрі іспетті. Өлең жолдарының ішіндегі сөздердің өз ара ұйқасып келуі Ілияс поэзиясына тән құбылыс. Ілияс поэзиясында, жоғарыда айтылғандай, ассонанс, аллитерациялар да ерекше орын алады. Бірнеше мысал келтірейік:


Көмкеруің көк көғал,
Күлімдеген күміс көл,
Кенерең кесте құрақ тал
Кестеңді өртер күзгі жел,

дегендегі бүкіл шумақта «ке - кү» дыбыстары үндесіп келсе,




Той топыр, тұяқ басты боп отырмыз,
Тапжылмай тамам халық тамашада.
Тарлан көк, тазы тұлпар салды құлаш,
Тала ма, талықси ма, таң аса ма?

шумағында да «та - тұ» дыбыстары бастан аяқ үндесіп тұр. Ал:




Сүңгуір, сұқсыр сүмеңдеп,
Қасқалдағың қалтылдап,
Шүрегейің шүмеңдеп,
Шағалаң шулап шаңқылдап,

деген жолдарындағы әр сөздер «сү», «қа» «шү - ша» дыбыстары арқылы өз ара үндесіп келген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет