Мырзағали Бексұлу нф 339 1908 жылы Резерфордтың альфа бөлшек туралы тәжірибесі Радиоактивтілік (лат.radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) – орнықсыз атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.
Альфа-ыдырау
α-бөлшегінің табиғатын 1908 жылы Резерфорд көптеген эксперименттік зерттеулер нәтижесінде анықтады. Альфа-ыдырауы кезінде ядродан өздігінен α-бөлшек — гелий атомының ядросы Не (екі протон және екі нейтрон) ұшып шығады және жаңа химиялық элементтің туынды ядросы пайда болады. 8.7-суретте альфа-ыдыраудың процесі көрсетілген.
Альфа-ыдырау кезінде атом ядросы зарядтың саны Z екіге және массалық саны AAa A төртке кем туынды ядроға түрленеді. Жаңа элемент Менделеев кестесіндегі периодтық жуйенің бас жағына қарай екі орынға ығысады:
мұндағы X X — аналық ядроның белгісі, Y Y — туынды ядроның таңбасы. Гелий атомының ядросы болып табылатын α-бөлшек үшін 4 2 He 24He. белгісін пайдаландық.
Аналық ядро ыдырағанда, α-бөлшек пен туынды ядро белгілі бір кинетикалық энергиямен жан-жаққа шашырай ұшады. Кейбір ыдырауда туынды ядро қозған күйде болуы мүмкін. Ыдырау энергиясын аналық ядромен байланысқан санақ жүйесінде энергияның сақталу заңын пайдаланып есептеуге болады. Ыдырау энергиясы Qa Qαқозу энергиясы мен кинетикалық энергиялардың қосындысына тең. Бастапқы энергия аналық ядроның тыныштық энергиясына тең екенін ескерсек, онда
Mac2 = (MT+MHe) c2 + Qa
Ma— аналық, MT MTMT — туынды ядролардың, MHe MHe— гелий атомы ядросының массалары, бұдан ыдырау энергиясын табамыз: