-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы+лық, дос+тық, шын+дық т.б.
-ша, -ше: бөлім+ше, кітап+ша, маңдай+ша т.б.
-шық, -шік: ойын+шық, үй+шік т.б.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл+ме, тоқы+ма, кес+пе т.б.
-ым, -ім, -м: бөл+ім, біл+ім, тоқта+м т.б.
-қы, -кі, -ғы, -гі: шап+қы, бұр+ғы, сүз+гі, ашыт+қы т.б.
-ыс, -іс, -с: жең+іс, айт+ыс, тала+с т.б.
-ық, -ік, -қ, -к: қаз+ық, көр+ік, сұра+қ, тіле+к т.б.
-ыш, -іш, -ш: қуан+ыш, өкін+іш, қызған+ыш т.б.
-уыш, -уіш: тырна+уыш, еле+уіш және т.б.
Зат есім тудыратын жұрнақтар
Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз. A) Жиын. B) Үйсіз. C) Қалалық. D) Өткір. E) Өтірікші.
Зат есім тудырушы жұрнақтарды белгілеңіз. A) –лау,-леу. B) –дыр,-ыр. C) –шы,-ші. D) –дау,-деу. E) –с,-ыс.
3. Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. А) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. С) Татулық- табылмас бақыт. D) Ынтымақ түбі береке. E) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.