Мысалы: Темекінің адам денсаулығына зияны туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Кіріспе



Дата10.12.2019
өлшемі14,11 Kb.
#53391
Байланысты:
Мысалы

Мысалы: Темекінің адам денсаулығына зияны туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Кіріспе: Бүгінгі таңда темекі шегіп, өз денсаулықтарына мән бермей жатқан жастарды көреміз. Яғни, қызығушылықтан бастап, бас тарта алмайтын әдетке айналып кеткенін байқамай қалады. Демек, темекіге деген әуестік тәуелділікке әкеп соқтырады.

Тезис: Темекінің зияндылығы – адамның денсаулығына теріс әсерін тигізеді.

Аргумент: Біріншіден, адамның тыныс алу жолдары мен қатерлі обыр ауруларын тудырады.Өйткені,үздіксіз темекі шегетін адамның ас қорыту жүйесі бұзылып,асқа деген тәбеті болмайды.Асқазанда жара пайда болып,ерін және өңеш рагына тікелей жол ашады.

Екіншіден, экономикалық тимсіз. Себебі, отбасы табыс көрсеткішінің 4/1бөлігі темекіге жұмсалады.(т.б ой өрбуі мүмкін)

Үшіншіден, ас қорыту жүйесі бұзылады. Адамның асқа тәбеті бұзылып,асты қорыта алмайды. Асқазанда жара пайда болуы мүмкін.Сондықтан,темекі шегу адам өміріне қауіпті.(т.б өрбуі мүмкін)

Қорытындылай келе, темекі адам денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын бірден-бір фактор екеніне куә болдық.Демек, мұндай зиянды әдетке әуестенуден гөрі, уақытты білімге,пайдалы нәрселерге жұмсаған дұрыс деп есептеймін. Әрбір адам салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығын ойлауы тиіс.

2. Отбасын асырау ер азаматтардың міндеті ме? Әлде аналардың да табыс табуы маңызды ма?

Кіріспе: Отбасы – сыйластығы жарасқан кішкене отан. Яғни, адам өміріндегі өте маңызды, жауапты рөл атқарады. Себебі, адамға бақыт, шаттық, толық мәнді тыныс-тіршілік әкелетін терезесі тең болуы берік отбасына байланысты. Ал, ата-ана отбасының ірге тасы, шаңырақтың шамшырағы, ұйытқысы.

Тезис: Бүгінгі отбасының басты тірегі – ер азаматтардың міндеті деп ойлаймын. (білім алушы тезисті өз ұстанымына қарай жаза беруіне болады. Мысалы:әкемен қатар аналардың да табыс табуы заңды)

Аргумент: Дәстүрлі қазақ отбасында шаңырақтың тірегін әке деп есептейміз, өйткені әке – қамқоршы, отбасының қорғаны. Ал, ана отбасының ақылшысы, бала тәрбиешісі. Сонымен қатар, әкенің отбасындағы міндеті – бала-шағасын бағып-қағу, қаржылай қамтамасыз етуші. (білім алушы ойды өз бетінше дамытады)

Екінші аргумент: Себебі, баланың арқа сүйері әкесі. Әке – отбасын асыраушы ғана емес, сондай-ақ, әке баланың білім алуына, оның қосымша сабақтарға баруына, спорттық үйірмелерге қатысуына, яғни жан жақты дамуына жағдай жасау керек деп түсінемін. (білім алушы ойды өз бетінше дамытады)

Үшінші аргумент: Демек, әке – бала үшін ең қажетті, еш нәрсеге айырбастай алмайтын тұлға. Өйткені, бала болашақтағы отбасы құрушы. Әке міндетін мінсіз атқарғанда ғана, бүгінгі бала ертеңгі әке міндетін жақсы атқара алады. Сондықтан баланың жалтақтамай еркін, тәрбиелі болып өсуі – әке өнегесіне байланысты. (білім алушы ойды өз бетінше дамытады)

Қорытынды: Әке – дүниеге келген әрбір баланың қажеттілігін қамтамасыз ететін, қызығына тоймайтын, бала үшін жасаған міндетін таза атқарушы болуы тиіс. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ дегендей, бала бойындағы адалдық, жауапкершілік, кешірімділік де ата-ана мектебінің өнегесінен болады. Өйткені, келешек ұрпағы білімді, бақытты, сыпайы, инабатты болып өсуі – ата-ананың міндеті болуы керек. (білім алушы ойды өз бетінше дамытады)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет