-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Күн салқын болат, тұман , құстар жылы жаққа ұшып кетеді, аспанда бұлт қаптап, жаңбыр жауады, ағаштың басындағы жапырақтар сарғайып жерге түседі.
- Жапырақтың түсі қандай болады?
- Жапырақтың түсі жасыл, сары болады.
- Күз туралы тақпақтарды кім біледі екен.
Іңкәр: Ой балалар,балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін алыпты.
Қаныш: Күншуаққа маужырап,
Жатыр едім адырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Аяжан: О, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім,жатып ап?
Әсия: Алтын , сары,қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Мадина: Көк майсалды көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті.
Сары жібек көйлегім.
-Оте жақсы жарайсындар.
Балалар ,бүгінгі оқу-ісәрекетіміздің тақырыбы «Жау –жау жаңбыр».
Суретпен жұмыс. Балалардың назарын суретке аударып, әңгіме құрау.
Әңгімені пысықтау толықтыру.Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапытақтардың бәрі сары,қызыл,қоңыр түске енеді. Міне мына суретке қараңдаршы алма ағашы бар, балалар алмадан басқа ағашы балалар алмадан басқа:алмұрт, басққа жүзім,шие,банан, өрік жатады.
-Енді , балалар, сергіту жаттығуын жасайық.
Жел улейді у, у, у, у, (Екі қолымызды жоғары көтеріп,тербелейміз.)
Құйын келіп билейді зу, зу, зу, зу.(Екі қолымызды көтеріп тұрып,айналдырады.)
Қатты-қатты жел соқты гу, гу, гу, гу,(Екі қолымызды,тербелейміз. )
Жапырақтар қол соқты ду,ду, ду, ду,(Екі қолымызды,соғамыз.)
-Енді балалар, мен сендерге еңбек туралы мақал-мәтел айтамын, сендер оны естеріңе сақтап жүріңдер.
Еңбек етсең еріңбей,
Тояды қарның тіленбей.
Ғажайып сәт: (күз мезгілі жаңбырлатып, желдетіп кіреді).
Достарыңызбен бөлісу: |