Тәрбиеші: Г.Тлеумбетова
2013-2014 оқу жылы
Мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, күз байлығмен таныстыру, көрнекілік суреттерді әңгімелету, үйренген сөздерді күнделікті қолдану, күз туралы тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ шешу, ойын арқылы ,балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Күз көрнісі бейнеленген сурет ,күзгі бақ , жеміспен көкіністердің суреті, балалардың бастарына кейтін атрибуттар.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, мақал-мәтел, жұмбақ, мадақтау, қортындылау.
Оқу іс – әрекеттің жүрісі: Қонақтармен , апайлармен , амандасу.
Таңғы шеңбері: Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңерді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық.
Олай болса, балалар, жақсы тілектерімізді айтайық.
-Деніміз сау болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Бәріміз дос болайық !
-Көк туымыз биік болсын!
-Еліміз аман болсын!
-Папа, мамамыз аман болсын!
- Жарайсыңдар балалар.
-Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар.
Достарыңызбен бөлісу: |