МКҚК «Бөбек» балабақшасының 2015 – 2016 оқу жылына



бет1/4
Дата18.03.2017
өлшемі0,56 Mb.
#11740
  1   2   3   4




МКҚК «Бөбек» балабақшасының
2015 – 2016 оқу жылына

ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Балабақша жайлы қысқаша мәліметтер



Мектепке дейінгі балалар мекемесі типтік жоба бойынша салынған, жас ерекшеліктері әртүрлі 3 топ бар, балабақшаның жұмыс мезгілі 10,5 сағат, Ақкөл ауылы Школьная көшесі 3-үйде орналасқан. Балабақша 2008 жылғы ақпан айынан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты 70 орын, тізім бойынша бала саны 63. Оқу- тәрбие жұмысы барлық топта қазақ тілінде жүреді. 

 


р/с


Топтың атауы

Жас ерекшелігі

Топ

Бала саны

Оқыту тілі

1

«Балапан»

2 – 3 жас

І сәбилер

16

мемлекеттік

2

«Жұлдыз»

3 – 4 жас

ІІ сәбилер

22

мемлекеттік

3

«Балдырған»

4 – 5 жас

естиярлар

25

мемлекеттік

 

 

 

 

63

 

Балабақшада жабдықталған  спорт  және ән-саз залдары, меңгеруші, шаруашылық меңгерушісі, әдістемелік кабинеттері жұмыс істеуге қолайланып жабдықталған. Балабақша аумағында гүл бақтары, ойын алаңдары  және спорт алаңы бар.

           



Жұмысты жоспарлау

«Бөбек  балабақшасы» МКҚК ұжымының әдістемелік проблемасы:


«Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында денсаулық сақтау технологияларын қолдану».

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыстық белсенділігін



дамытуды жетілдіру, бала ағзасын шынықтыру.

Жұмыс бағыты

Жуық кезеңге  міндеттер

Білім саласы бойынша оқу жұмысы

«Әлеуметтік орта»

Қоршаған әлеммен танысу

Экология

Көркем әдебиет



Әртүрлі іс әрекетте баланың өзінің ашылуына жағдай жасау

«Коммуникация»

Тіл дамыту

Көркем әдебиет

Қоршаған ортамен таныстыру

Орыс тілі


орыс тілінде қарым-қатынас жасаудың алғашқы мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Шығармашылық жағынан қалыптастыру үшін көмек беру



«Таным»

Сенсорика

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Экология негіздері

Қоршаған ортамен танысу


Әлем бейнесін толық түсіне алатын, танымдық дағдыға ие мектепке дейінгі баланың жеке тұлғасын қалыптастыру

«Денсаулық»

Дене шынықтыру




Өзінің денсаулығына деген көзқарасты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру

«Шығармашылық»

Сурет салу

Жапсыру

Құрастыру



Музыка

Шығармашылық ойлау мәдениетін, эстетикалық талғамды дамыту
  

Жоспарлау кезінде қолданылатын негізгі құжаттар



Құжат атауы

Көрсетілген құжаттардан шығатын нұсқаулар

1

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

Барлық топтар

2

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие. Астана 2012 ж.

Дамытушы ортаны ұйымдастыру. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының базалық мазмұнына негізгі талаптарды белгілейді.

3

Бала құқығы туралы конвенция.

Әрбір баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеру, әрбір баланы жеке тұлға ретінде құрметтеу.

4

«МДҰ-да бала өмірін және денсаулығын қорғау» нұсқаулығы (ҚР БжҒМ-нің 13.01.1998 жылғы №14 бұйрығы).

Бала өмірін және денсаулығын қорғау бойынша жұмысты, баланың дене бітімінің дамуын, эмоционалдық және психикалық дамуын қамтамасыз ету.

5

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.

Ұжымдағы өзара қарым-қатынасты реттейді.

Қызметкерлердің еңбегін қорғау бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.



6

«Алғашқы қадам» бағдарламасы. Астана-2010 ж.

Баланың құзырлылығын жалпы білім беру іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптастыруға бағытталған мектепке дейін тәрбие және оқытудың базалық мазмұнын анықтайды: денсаулық сақтау, құзырлық-тілдік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік іс-әрекеттер.

7

«Зерек бала» бағдарламасы. Астана-2010 ж.

8

Қазақстан Республикасының МДҰ-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі.

Балабақша ұжымының іс-әрекетінің міндеттерін және оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың міндеттерін анықтайды.

 

 2015-2016  оқу жылына міндеттер 





Міндеттер

Күтілетін нәтиже

1

Балалардың қозғалыстық қабілеттері мен толыққанды тәндік дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

Балалардың танымдық қабілеттерін және денсаулығын дамыту.

2

Педагогтардың біліктілік икемділіктері мен кәсіби шеберлігін арттыру;


Мемлекеттік қызмет тапсырушылары ретіндегі ата-аналардың тілек-талаптарын қанағаттандыру

3

Балалардың ауруға шалдығушылығын төмендету үшін ата-аналармен кешенді жұмыс жүргізу, салауатты өмір салты талаптарына сәйкес тәрбиелеу.

Жан-жақты жетілген, дені сау, өз мүмкіндіктерін бағалай және түсіне білетін тұлға қалыптастыру.


 

Кадрлармен жұмыс 

Мақсаты: Ұстаздардың біліктілік құзіреттілігін көтеру, шеберлігін жетілдіру

№ р/р

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

ҚР нормативтік құжаттарымен және  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қаулыларымен танысу.

үнемі

меңгеруші

2

Елімізде және шет елде болып жатқан маңызды оқиғалармен танысып отыру.

үнемі

әдіскер

3

Білім жетілдіру курстары  және жетістіктер апталығына қатысу арқылы педагогтардың оқып білімін жетілдіруін қамтамасыз ету.

үнемі

әдіскер

4

Аудандық, облыстық курстарға, семинарларға, жарыстарға жүйелі түрде қатысып отыру.

үнемі

әдіскер

5

Әрбір тәрбиешіге бағдарламаны терең талдап танысуына көмектесу. Жылдық жоспардың әдіс-тәсілдерін таңдау бойынша жиналыс өткізу.

қыркүйек

меңгеруші

әдіскер


7

Балабақша әкімшілігінің және ұжымының біріккен мәжілісі.

қажеттілігіне қарай

меңгеруші

8

Жаңа әдістемелік әдебиеттерге және баспаларға шолу.

ай сайын

әдіскер

10

Өндірістік кеңестер.

 


әр тоқсан сайын

Меңгеруші

шаруашылық меңгерушісі



11

Медициналық және өндірістік мәжілістер.

әр тоқсан сайын

меңгеруші, медбике



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет