Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы



бет9/15
Дата24.05.2020
өлшемі24,4 Kb.
#70899
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Жария ету Заңы (1)

8-бап. Ақшаны жария ету


      1. Заңды тұлғалар ақшаны жария етуді мемлекеттік тіркеу орны бойынша салық органына мынадай құжаттарды:


      1) осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті;


      2) алым төленгенін растайтын құжатты;


      3) жарғының (ереженің), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;


      4) екінші деңгейдегі банк не шетелдік банк берген, жария етуге ұсынылған ақша сомасының бар екендігін растайтын құжатты тапсыру арқылы жүргізеді.


      Ақша өтініш қабылданған сәттен бастап жария етілген деп танылады.


      2. Жеке тұлғалар ақшаны жария етуді алым төлеу арқылы жүзеге асырады.


      Ақша алым төленген сәттен бастап жария етілген деп танылады.



      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188 Заңымен.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет