Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы


-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүліктi жария ету



бет12/15
Дата24.05.2020
өлшемі24,4 Kb.
#70899
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Жария ету Заңы (1)

11-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүліктi жария ету


      1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, оған құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектiлерi мүлiктiң орналасқан жерi бойынша жергілiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды:


      1) осы Заңға 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес нысанда екі дана өтінішті;


      2) жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкiлдері - жарғының (ереженiң), заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды табыс етедi.


      2. Жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiштi комиссия қарайды.


      Жария ету мерзiмi iшiнде берілген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш тиiстi жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.


      3. Жылжымайтын мүлiктi жария етуден бас тарту осы Заңның 2 және 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда жүзеге асырылады.


      4. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда комиссия:


      жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарады;



      жария ету субъектiлерiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi бередi;



      мәлiметтердi жария етілген мүлiктiң тiзілiмiне осы Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда енгiзедi.


      5. Комиссия жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған кезден бастап жылжымайтын мүлiк жария етiлдi деп танылады.


      Жария ету субъектiлерi жылжымайтын мүлiк жария етiлдi деп танылған кезден бастап осы Заңның тиiсiнше 13, 14 және 14-1-баптарында аталған, жария етiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алумен, иеленумен және пайдаланумен байланысты қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.



      Жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісінің алым төлегені және алым төлеуші болып табылмайтын тұлғалар туралы ақпарат жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға берiледi.



      Жылжымайтын мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерi аталған мүлiк мемлекеттiк тiркелген кезден бастап оған билiк етуге құқылы.


      6. Жылжымайтын мүлiктi жария етудi өткiзудiң ережелерiн, комиссия туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.


      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет