Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы


-бап. Жария ету субъектiлерiн әкiмшілiк жауаптылықтан босату



бет14/15
Дата24.05.2020
өлшемі24,4 Kb.
#70899
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Жария ету Заңы (1)

14-бап. Жария ету субъектiлерiн әкiмшілiк жауаптылықтан босату


      Мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118 , 120 , 143 , 154 , 155 (бiрiншi бөлiгi), 178 , 179 , 182 , 185 , 189 , 205-209 , 237 , 239 , 253 , 357-2 , 532-баптарында аталған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн әкiмшілiк жауаптылықтан босатылады.



      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 241 Заңымен.




14-1-бап. Мемлекеттік лауазым атқаратын, мүлкін жария еткен адамдарды тәртіптік жауаптылықтан босату


      Мемлекеттік лауазым атқаратын, мүлкін жария еткен адамдар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағында аталған әрекеттерді жасағаны үшін тәртіптік жауаптылықтан босатылады.



      Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 241 Заңымен.




15-бап. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық


      Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет