Ерте қолға алу (ерте қолдау) – психикалық-дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау.

Отандық ғалым
Мемлекеттік ерте жастан коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі бес деңгей бойынша жүзеге асырылуда:
Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг – «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
Скрининг нәтижесінде анықталған «қатер» тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді.