Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда ақпараттық технологияның тиімділігі


Сабақтың тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі23,45 Kb.
#97478
1   2
Байланысты:
инклюзив 12
user file 58900ef905741
Сабақтың тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты оқушыларға түсіндіру, меңгерту
а/түзету-білімділік: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы білім қалыптастыру, мазмұнын жүйелі баяндауға, өзара пікір алысуға үйрету;
ә/түзете - дамыту: Оқушының тіл байлығын, ой- өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту;
б/ түзете-тәрбиелеу: Табиғатты қорғауға, сүюге, байқампаздыққа, ізденімпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, бейнеақпарат
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, топтастыру
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
«Жақсы тілек» тренингі /Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді./
Стикерлер бойынша топтарға бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(Сұрақ-жауап әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру)
1.Орман дегеніміз не?
2.Қазақстан аумағында орманның қандай түрлері кездеседі?
3. Онда қандай өсімдіктер өседі?
4. Орманда қандай жануарлар тіршілік етеді?
5. Тоғайдың орманнан қандай айырмашылығы бар? т.б.
ІҮ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Үлкен, үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
/Тау/
- Тау дегеніміз не?
- Қазақстанда қандай таулар бар?
- Таулы жерлерде қандай өсімдіктер өседі?
- Қандай жануарлар мендейді?
- Біздің бүгінгі тақырыбымыз таулы жер өсімдіктері мен жануарлары болмақ.
Мағынаны тану
Бейне ақпарат /«Таулы жер жануарлары мен өсімдіктері» тақырыбында видеоролик көрсету/
/Мұғалімнің қосымша ақпараттары/
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Мәтін I және II бөлікке бөлінеді.
Жұптық жұмыс /Бір-біріне түсіндіреді/
I топқа 1- бөлігін оқуға уақыт беріледі.
IІ топқа 2- бөлігін оқуға уақыт беріледі.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
/Сөздік жұмыс/
Тапсырма
І топ – таулы жердің өсімдіктері
ІІ топ – таулы жердің жануарлары
2 топ өздерінің тақырыптары бойынша жұмыстарын қорғайды.
ҮІ. Қорытынды
1. Тест (ауызша орындалады)
1. Орман не береді?
А) ағаш, әйнек б) қағаз, (жапырақ) астық
Ә) жеміс-жидек, цемент В) дәрі-дәрмек, жиһаз, т.б.
2. Биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты, епті, батыл аң
А) аю Б) арыстан
Ә) қасқыр В) барыс
3. Биік құзды мекендейтін қай құс
А) жапалақ б) қырғауыл
Ә) құр В) ұлар
4. Балды көп беретін өсімдіктердің бірі
А) қарақат Б)ұшқат
Ә) қарағай В) күреңот
5. Жоғарғы тау жоталарының беткейлерінде өсетін ағаш
А) қарағай Б) тобылғы
Ә) өрік В) долана
Жауаптары
1-в 2-в 3-в 4-в 5-а
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма
«Тау өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбын оқу, суретін салу, қосымша материалдар іздеу.
Облыс көлемінде өткізілген осы сабақта әріптестерімнен мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда еңбегімнің еш кетпегенін естіп бір қуанып қалдым. Демек, ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда тиімділігі зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР Білім туралы Заңы
2. «‏Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы
3. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері -2012
4. Интернет желі матеиалдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет