Өзінің жинауыштық қасиеттеріне қарай суды, мұнайды немесе газды өз бойына шоғырлауға және оларды сүзбелеуге қабілетті тау жынысының қойнауқатын не деп атаймыз: Коллектор
Коллектордың қандай түрлері кездеседі: Кеуекті, кавернды, жарықшақты, аралас
КС біріңғай гидрогаздинами-калық қорқоймаларда жиналуы ..... болуы мүмкін: Коллектор жыныстарда
Жыныс арасындағы қуыстарды қосқандағы қосынды көлемін алынған жыныстың сыртқы аумағына қатынасын ... дейміз: Кеуектілік коэффициенті
Тау жыныстарының суға, мұнайға және газға қаныққан барлық қуыстарының қосындысының көлемінің сол жыныстың барлық қуыстарының көлеміне қатынасын ... деп атайды: Қанығу коэффициенті
Жыныс арасындағы өзара жалғасқан қуыстардың көлемін ... деп атайды: Тиімді кеуектілік
Тау жыныстарының алғашқы қалыптасу сәтінде пайда болған кеуектер жүйесін не деп атаймыз: Синтектік
Тау жыныстары кейіннен иеленген қуыстар жүйесін не деп атаймыз: Эпитектік кеуек
Тау жыныстарының өзінің бойына суды, сонымен қатар сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді орналастыруын не дейді: Кеуектік
Жыныстардың барлық бір-бірімен жалғасқан, жалғаспаған қуыстардың, кеуектердің, каверндердің, жарықтардың көлемін сипаттайтын абсолюттік кеуектілік: Жалпы, толық, теориялық
Ашық кеуектілік коэффициенті ... сипаттайды: Ашық, бір-бірімен қатынасқан қуыстар көлемінің үлгі көлеміне қатынасын
Ашық кеуектілік коэффициенті қандай формуламен анықталады: Кп.о=Vп.о/Vо
Көлемі 0,5 мм-ден жоғары қуыстар: Жоғары капиллярлы
Флюидтерді ұстап тұратын молекулярлық күштер ..... қалыптасады: Субкапиллярлы кеуектерде