Өмірбаян Мен, Сарсенов Қуаныш Өмір екұлы, Аягөз ауданы Баршатас ауылында 1973 жылы 1 мамырда дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1980–1990 жылдары Баршатас ауылының орта мектебінде оқыдым. 1990 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институт бітіргеннен кейін 1995–1998 жылдар аралығында ғылыми жобалау институтында жұмыс істедім. 1998 жылы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын.
Отбасым бар: жұбайым Жазира Дүйсенбайқызы Сұлтанова – жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар: үлкенім Әсел – студент, ұлым Асқар, қызым Мира – мектеп оқушылары.Әскери қызметке міндеттімін, ағалейтенант атағым бар.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білемін. ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламасын толық меңгергенмін.