Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанда
Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
Индустрияландырудың үлескері ретінде қай салада еңбек етер едіңдер?
Бұл тарау болашақта мамандық таңдауларыңа көмектесті ме?
Индустрияландыру – бүкіл қазақстандықтардың ісі. Өйткені бұл – күрделі жағдайды астан кешіріп отырған жаһандық даму процесіндегі іздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін, даму мүмкіндігін айқындайтын маңызды шара.
Бес жыл ішінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады, бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлдем жаңа 400 өнім түрі игерілді. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70%-іне жуығын өңдеуші сектор осы индустрияландырудың бірінші бесжылдығында иеленді. Бұдан бөлек индустрияланды рудың нәтижесін де 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қо сылып, мүлдем жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады.
Индустрияландыру аясында инфрақұрылым базасы кеңейіп, 4 мың шақырымнан астам автожол, 1700 шақырым теміржол салынды.
Индустрияландырудың алғашқы кезеңінде отандық құрылыс материалдары 2 есеге артты, қазіргі таңда құрылыс материалдарының 80%-і елімізде шыға бастады.
Ауылшаруашылығы саласы да жоспарлы түрде дамып келеді. Мәселен, агроқұрылымда 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 50%-ке артқан. Ал өнеркәсіп жылыжайларының алаңы осы жылдар ішінде 3 есеге өскен.
(ҚазАқпарат)
. Мақаладағы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдап, сұхбат құрыңдар.
«Шеврон» – Қазақ станның сенімді серіктесі Мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларына: көмірсутектерді бар лауға, өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысатын, сонымен қатар мұнай-химия өнімдерін өндірумен, оларды бөлшек сауда бағамымен сату ісімен айналысатын «Шеврон» компаниясының дүниежүзілік мұнай өндіру саласында үлесі мол. 1873 жылы Лос-Анжелесте (АҚШ) құрылған «Шеврон» компаниясы қазір әлемнің 90-нан астам мемлекетінде жұмыс істейді. 23 елде мұнай мен табиғи газ өндіреді, олардың ішінде Қазақстан да бар. Қазақстанда компания – «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының басты құрылтайшысы. 1993 жылы 6 сәуірде ҚР Президенті мен «Шеврон» директорлар кеңесінің төрағасы Кеннет Дерр «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойғанды.
(Н.Жоямергенқызы)
. «Қазақстан индустриясы дамыған алпауыт елге айнала ма?» тақырыбында эссе жазыңдар.
3. Мәтінді сөз дәлдігі тақырыбымен байланы тырып түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |