Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №40/440 «Мұнайлы ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы



бет3/6
Дата08.07.2018
өлшемі0,83 Mb.
#48530
1   2   3   4   5   6

Жалпы орта білім

2016 жылғы 1 қазан жағдай бойынша ауданда 13 жалпы білім беретін мектеп (2012 жылы – 8) (оларда оқитындардың саны – 25 881 адам (2012 жылға қарағанда контингенттің өсімі – 42,4%), оның ішінде: 12 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп, 1 кешкі мектеп жұмыс істейді.



2015 жылдың басында ауданда 3 ауысымдық мектептердің саны 1 бірлікті құрады. 2015 жылдың қараша айында Атамекен селосындағы 1200 орындық мектеп іске қосылып, 3 ауысымдық оқыту жойылды.

Аудан мектептерінің жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз етілуі аудан бойынша орташа көрсеткіші: жаңа физика кабинеттері 5 мектепте (38,5%), химия кабинеттері – 8 мектепте (61,5%), биология кабинеттері – 7 мектепте (53,8%), лингафондық-мультимедиялық кабинеттер 6 мектепте (46,2%) бар.



Электронды оқыту 4 мектепте енгізілген (2011 жылы – 1 мектеп, 2012 жылы - 3 мектеп). Ауданның 13 мемлекеттік мектебінде (100%) дербес веб-сайттар жұмыс істейді (2012 жылы – 8 мектеп).

2015-2016 оқу жылында мектеп оқушыларының 20296-сы (91,8 %) ыстық тамақпен, оның ішінде 5722-сі тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Тегін ыстық тамақ ішетін балалардың 2700-і мүжәлсіз отбасы балалары, ал 3082-сі бірінші сынып оқушылары. Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпан қамтудың сапасы мен көрсеткішін арттыру күн тәртібінен түспейтін мәселе болғандықтан үнемі бақылауда болады. Жалпы білім беру мекемелерінде 2042 педагог жұмыс жасайды. Бірінші және жоғары санаттағы оқытушылар үлесі орташа облыстық деңгейден төмен және 27,1% құрайды.

Ауданның ҰБТ көрсеткіштері 2012-2014 жылдарда орташа облыстық және республикалық көрсеткіштен жоғары болды. 2014-2015 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша аудандағы орташа балл 79,9-ды құрады (2012-2013 оқу жылында – 76,2), облыстық көрсеткіш 75,7-ті (2012 жылы – 65,71) құрады. 2015-2016 оқу жылдарындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша аудан мектептерінің орташа балы – 85,4 болып, облыстың қала, аудандар арасында екінші орынды иеленді, 11 оқушы «Алтын белгіге», 17 оқушы «Үздік аттестатқа» және Қызылтөбе лицей оқушысы халықаралық ғылыми жобаға қатысушы ретінде ҰБТ-дан босатылып, сертификатқа ие болды.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау

2014 жылы 12 мектептің барлығында (100%) (пандус) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасалды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 94(оның ішінде 10-ы келісіммен берілген балалар), оның ішінде 18 балада бекітілген үй бар, 6-ауында үйдің үлесі бар. Бекітілген тұрғын үйі жоқ балаларды тұрғын үймен қамамасыз ету мәселесін шешу мақсатында, 2014 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында жинақтау шоттары ашылды, 44 қамқорлық және қорғаншылықтағы бала тұрғын үй кезегінде тұр. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасымен 2013 жылы - 8, 2014 жылы - 4, 2015 жылы -14 бала, 2016 жылы – 4 бала тұрғын үймен қамтылды.

Ауданда отбасылық тәрбиенің балама нысандарын дамыту мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде, 2016 жылы ата-ана қамқорлығынсыз қалған 14 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа берілді, 25 бала асырап алынды, 29 үміткер тіркеуде тұр.

Қазіргі таңда қамқорлық, қорғаншылықта 84 бала, патронаттық тәрбиеде 1 бала есепте тұр.


Білім беру бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Балабақшаларды, шағын орталықтарды, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды салу және жаңаларын ашу есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдары желісінің кеңеюі;

қосымша мектептер салу есебінен оқушылар орны тапшылығының біртіндеп жойылуы;

мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) кабинеттерінің ашылуы;


мектепке дейінгі балаларға ұйымдарындағы орындардың тапшылығы, оның ішінде ауылдық елді мекендерде сақталуда;

мектепке дейінгі ұйымдардың білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;

инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы;

тұрмысы қолайсыз отбасы мен баланы анықтаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, орта білім берудің қазіргі заманғы объектілерін салу саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;

отбасыларды – әлеуетті бала асырып алушыларды, қорғаншыларды, қамқоршыларды іріктеу, дайындау және сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсететін халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ жобаларының гранттарын пайдалану



жекеменшік сектор бастамасының әлсіздігі;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;

ата-ананың қамқорлығынсыз және оларды алмастыратын отбасылардың қолдауынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы.



Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:

мектепке дейінгі және мектепте білім беруде оқушылар орындарының тапшылығы;



мектептерде кадрлардың тапшылығы сақталуда (математика, орыс тілі және әдебиеті);

инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (лифтілер, шкафтар және т.б.).



2.3.2. Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласында 14 медициналық мекемелер жұмыс жасауда, оның ішінде 1 – орталық аурухана, 1 – орталық емхана, 3 – бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 7 – дәрігерлік амбулатория, 1 – жедел жәрдем және 1 – тубдиспансер бар.

Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет сапасын жетілдіру және тұрғындардың денсаулығын жақсарту шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, бақылануда. 2016 жылдың 9 айында 3 391 бала дүниеге келді, ол өткен жылмен салыстырғанда 153 балаға көбейіп отыр (2015 ж. 9 айы -3 238 бала). Есепті кезеңде 1-жасқа дейінгі 37 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш туылған 1000 сәбиге шаққанда 10,9 промилді құрады (2015 ж. 9 айы – 11,4 промиль). 2012 жылмен 2015 жылды салыстырсақ сәби өлімі (туылған 1000 сәбиге шаққанда) 8,9 промильге төмендеген.

Туберкулез ауруымен ауыратындар саны 66 адамды құрап, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 49,7 промилді құрады(2015ж.9 айы – 53,4 промиль).


Сурет-1. Аудан бойынша туылған бала саны туралы

Маңғыстау ауылынан әлеуметтік сала мамандарына арналған 100 орындық жатақхана құрылысының жобалық сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 912,2 млн. теңгені құрап отыр.
Барлық мамандық дәрігерлердің саны





2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Аудан бойынша

115 адам

127 адам

141 адам

163 адам

Орта медицина қызметкерлерінің саны





2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Аудан бойынша (адам)

338

448

544

634


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет