Батыр ауылдық округінде ауысымына 40 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Халыққа емханалық қызмет көрсететін дәрігерлік мекемелер
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
1
|
1
|
1
|
11
|
11
|
Денсаулық сақтау саласы бойынша SWOT-талдау:
Күшті жағы
|
Әлсіз жағы
|
жыл сайынғы халықтың табиғи өсімінің жоғарылауы, туу көрсеткішінің артуы.
демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;
медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында салу есебінен кеңеюі;
медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы;
халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі;
|
сәбилер өлімі деңгейінің жоғары болуы;
әлеуметтік маңызды ауру түрлерінің , оның ішінде туберкулез, онкологиялық аурулардың көптеп кездесуі;
типтік жобадағы емдеу орындарының жетіспеушілігі.
дәрігер мамандардың жетіспеуі;
жекелеген аудандардағы туберкулезбен ауырудың салыстырмалығы жоғарылығы;
әлеуметтік маңызды аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
дәрігерлер білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру арқылы көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын арттыру;
тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың профилактикасын жақсарту;
мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары арқылы ауылдық жерлерге дәрігер мамандар тарту.
|
аудан халқының тұрмыстық жағдайының төмендеуі;
экологиялық жағдайдың әсерінен болатын қауіп қатерлер;
жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы оларды жергілікті жерде орнықтыруға теріс әсер етеді;
еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі;
көші-қон ағындарының салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық ауруалдырдың өсу тәуекелі.
|
2.3.3. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
Мұнайлы ауданы бойынша 2015 жылы халық саны 137,1 мың адам. Оның ішінде экономикалық белсенді халық -57,1 мың адам. Белсенді емес халық саны 29,6 олар: мектеп оқушыларынан, зейнеткерлерден, үйде бала күтімімен отырған әйелдерден және денсаулығына байланысты мүгедектігінен жұмыс жасамайтындардан тұрады.
Еңбек делдалдығының негізгі индикаторы
Еңбек делдалдығы бойынша индикаторлары
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Экономикалық белсенді халық мың адам
|
30,9
|
43,1
|
45,1
|
57,1
|
Жұмыспен қамтылғандар мың адам., оның ішінде
|
30,1
|
41,5
|
43,1
|
54,2
|
Жалдамалы жұмысшылар мың адам.
|
24,4
|
35,4
|
41,1
|
53
|
Өзін-өзі қамтығандар мың адам
|
5,6
|
4,5
|
2,1
|
1,2
|
Жұмыссыздар саны мың адам.
|
0,7
|
1,6
|
1,9
|
2,9
|
Жұмыссыздық деңгейі, %
|
2,5
|
3,8
|
4,4
|
5,1
|
Жұмыспен қамтылғандардың көпшілік бөлігі өндірістік және өнеркәсіптік мекемелерде қызмет жасайды. Бұдан басқасы төменгі жалақыдағы жұмыстарда жасайды, атап айтқанда бюджеттік мекемелерде (мемлекеттік басқару, білім саласы, денсаулық саласы, әлеуметтік салалар).
Жұмыспен қамту мақсатында 2015 жылы бөлімге 1644 адам хабарласты (2012 жылда -959, 2013 жылда -961, 2014 жылда-1052).
Аудан көлемінде құрылған жұмыс орындарына 2012 жылда 606 адам, 2013 жылда 765 адам, 2014 жылда 878 адам, 2015 жылда -1428 орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2012 жылда 146 адам, 2013 жылға -101 адам, 2014 жылда- 125 адам, 2015 жылда- 331.
Жастар іс-тәжірибесіне 2012 жылда 144 жас, 2013 жылда 136 жас, 2014 жылы – 180 жас, 2015 жылы -276.
Қоғамдық жұмысқа қатысқандар 2012 жылда 145 адам, 2013 жылда 108 адам, 2014 жылда 102 адам, 2015 жылда - 83 жолданды.
Халықты жұмыспен қамту мақсатында аудан көлемінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылып жатыр.
І-бағыт бойынша: Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша 2012 жылда 4 жоба 27 жұмыссыз, 130,9 мың теңге. 2013 жылда 29 жоба 135 адамға 299,3 мың теңге, 2014 жылда 46 жоба қарастырылып- 214 адамға 801,9 мың теңге, 2015 жылы 10 жоба 46 адам 182 609,0 мың теңге , 2016 жылы 19 жобаға 127 адам, 667 376 мың теңге қаржы жұмсалды.
ІІ-бағыт бойынша: Ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру бойынша: 2012 жылы 35 адам, 2013 жылы 15 адам, 2014 жылы 20 адам, 2015 жылы 15 адам, 2016 жылы 15 адам кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылып, жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуге 2012 жылы 52 адамға 55,0 мың теңге, 2013 жылы 19 адамға 52,1 мың теңге, 2014 жылы 24 адамға 67,9 мың теңге, 2015 жылы 60 036 мың теңге көлемінде несие 22 адамға, 2016 жылыдың есепті кезеңіне 31 адамға 97,4 млн.теңге берілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына ішінара субъсидиялау жалақымен 2012 жылы 76 адам -5036,0 мың теңге, 2013 жылы 90 адам 13 428,0 мың теңге, 2014 жылы 46 адам 6 407,0 мың теңге, 2015 жылы 94 адам 6730,0 мың теңге, 2016 жылы 35 адам 7 910 мың теңге.
Жоғары және арнаулы оқу бітірген түлектерді 2012 жылы 100 жас 9292,0 мың теңге, 2013 жылы 91 жас 10039,0 мың теңге және 2014 жылы 37 жас 5917,0 мың теңге, 2015 жылы 8314,0 мың теңге игеріліп, «жастар іс-тәжірибесіне» 84 адам жолданды.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша:
Атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
|
Адамсаны
|
қаражат
|
Адам саны
|
қаражат
|
Адам саны
|
қаражат
|
Адам саны
|
қаражат
|
І-бағыт
|
27
|
130,9
|
135
|
299,3
|
214
|
801,9
|
46
|
182 609,0
|
ІІ-бағыт
|
29
|
75,5
|
19
|
52,1
|
24
|
67,9
|
22
|
60 036,0
|
ІІІ-бағыт
|
ӘЖО
|
76
|
5036,0
|
90
|
13,4
|
46
|
6,5
|
94
|
6 730,0
|
ЖТ
|
100
|
9292,0
|
91
|
10,0
|
37
|
5,9
|
84
|
8 314,0
|
Оқу
|
60
|
(МББ)
|
72
|
7735,0
|
65
|
9,7
|
-
|
-
|
SWOT- жұмыспен қамту анализі
Күшті жағы
|
Әлсіз жағы
|
1.Жаңа жұмыс орындарының ашылуы.
2. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шарасында.
3.Әлеуметтік нысаналы топтарға субъсидия беру арқылы жұмыс орындарын ұстап қалу.
|
1.Тұрақты жұмыс орындарының болмауы
2. Жұмыс орындарының қысқаруы
3. Жасырын жұмыссыздықтың болуы.
4.Мамандардың жетіспеу салдары.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
1.Тұрақты жұмыс орындарының ашылуы
2.Жұмыс берушінің жоғары деңгейде жауапкершілікте болуы.
3.Сырттан келетін шет ел жұмысшыларының деңгейін төмендету.
4.Жұмысшылардың біліктілік деңгейін арттыру.
|
1. Жұмыс орындарының қысқарулары салдарынан жұмыссыздық деңгейінің өсуі.
2. Еңбек ақылардың уақытылы төленбеу қаупі.
|
Жұмыспен қамтудағы туындайтын мәселелердің себептері: Әлемдік мұнай бағасының төмендеуі, жұмыс көлемінің азаюына байланысты жұмыс орындарының қысқартылуы, сұраныстарға байланысты жұмыссыз болып тіркелгендердің мамандықтарының сәйкес болмауы.
Халықты әлеуметтік қорғау.
«Атаулы әлеуметтік көмек» алушылар саны 2012 жылдан қарағанда 2015 жылда 41,1 пайызға азайды.
2012 жылы 160 отбасының- 710 мүшесіне 18 862,3 млн.теңге, 2013 жыл 121отбасының 531 мүшесіне 15774,6 млн.теңге, 2014 жыл 104 отбасының 478 мүшесіне 11926,3 млн.теңге, 2015 жылы 58 отбасы 292 отбасы мүшелеріне тағайындалды.
«18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына» 2012 жылы 234 отбасы 689 балаға -7454,8 млн теңге, 2013 жыл 219 отбасының 646 баласына 7164,5 млн теңге, 2014 жыл 217 отбасының 677 баласына 7671,0 млн теңге, 2015 жылы 179 отбасының 608 баласына тағайындалған.
Бір жолғы материалдық көмек 2012 жылда 95 адамға -1159,8 теңге, 2013 жылда 134 адамға-2743,1теңге және 2014 жылда 122 адамға-2019,0 теңге, 2015 жылы 145 адамға 2421,3 теңге берілді.
4-кесте. Аз қамтылған, кедейшілік деңгейінен төмен және өмірлік қиын жағдай туындаған отбасыларға берілетін көмектер 2012-2014 жылдар арасы.
Атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
Атаулы әлеуметтік көмек
|
710
|
18862,3
|
531
|
15774,6
|
478
|
11926,3
|
292
|
7220,8
|
18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы
|
689
|
7454,8
|
646
|
7164,5
|
677
|
7671,0
|
608
|
8005,2
|
Бір жолғы материалдық көмек
|
95
|
1159,8
|
134
|
2743,1
|
122
|
2019,0
|
145
|
2421,3
|
Мүмкіндігі шектеулі жандар міндетті гигиеналық және сурдо-тифло құралдармен және емдеу-сауықтыру орындарымен қамтамасыз етіледі.
Мектеп жасындағы «мүмкіндігі шектеулі балаларды» үйден оқыту үшін 2012 жылы-51 балаға 2507,9 мың теңге, 2013 жылы - 36 балаға 3903,4 млн теңге, 2014 жылы- 50 балаға 4537,4 млн.теңге, 2015 жылы 611 балаға 6719,0 теңге төленді.
Бөлімде мүгедектерге «Инватакси» қызмет көрсетеді және І- топтағы «мүмкіндігі шектеулі азаматтарға» «Жеке оңалту бағдарламалары» арқылы жеке көмекшілер қарастырылған.
Бөлімде мүмкіндігі шектеулі балаларды қарайтын 23 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.
Мүгедек балаларды үйден оқытуға және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.
Атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
Гигиена құралдары
|
164
|
3854,7
|
212
|
5246,9
|
262
|
6636,7
|
|
|
Балаларды үйден оқыту
|
51
|
2507,9
|
36
|
3903,4
|
50
|
4537,4
|
61
|
9719,0
|
Ауылдық, елді-мекендерде бюджеттік салада жұмыс істейтін мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек
Атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
Мамандарға отын сатып алу
|
1618
|
19577,8
|
2118
|
25627,8
|
2405
|
29100,5
|
2631
|
31835,1
|
SWOT- Халықты әлеуметтік қорғаудың анализі
Күшті жағы
|
Әлсіз жағы
|
«Аз қамтылған отбасыларға» берілетін көмектер.
Арбадағы мүгедектер кіретін пандустардың болуы.
«Инватаксидің» жұмыс жасауы. «Жеке көмекшілердің» болуы.
Мүгедектерге беретін гигиеналық құралдар санының өсуі.
|
Күнкөріс деңгейінің жоғары болуы.
Аз қамтамасыз етілген отбасылар санының өсуі, ішкі және сыртқы халық санының көбеюінен.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға «оңалту орталықтарын» және спорт кешенін болмауы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
«Оңалту орталықтарының» ашылуы.
Мүгедектерге спорт кешенінің ашылуы.
|
Жұмыс орындарының қысқаруына байланысты аз қамтамасыз етілген отбасылардың көбеюі.
|
Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі мәселелері;
Мұнайгаз өндіруші өнеркәсіптің тапқан табысымен бюджеттік салада жасайтындардың табысының үлкен айырмашылығынан аймақта күнкөріс деңгейінің жоғары болуы.
Әлеуметтік қолдау Мұнайлы ауданы мәслихатының шешіміне сәйкес, табысы есептеліп өмірлік қиын жағдайдағы 145 адамға 2421,3 мың теңге, арнаулы туберкулезге қарсы медициналық мекемелерден шығарылған 75 адамға 3686,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді. Бұл көмек «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында атап көрсетілгендей әлеуметтік көмекке шын зәру азаматтарға ғана төленіп келеді.
9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай - 316 адамға облыстық бюджеттен 28 938,3 мың теңге Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында оқып жатырған әкім гранты иегерлеріне, яғни 72 студентке (2016) және табысы есептеліп өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж 30 студентке оқу ақысы, сондай-ақ, ай сайын 10 605 теңге көлемінде шәкіртақы төленуде.
3-кесте. 2013-2015 жылдардағы еңбек нарығындағы индикаторлар
Еңбек нарығындағы индикатордың атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Халықтың экономикалық белсенділігіне ШК үлесі %
|
%
|
12,1
|
12,6
|
12,68
|
15,64
|
Кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар адам саны
|
адам
|
710
|
531
|
440
|
292
|
Құрылған жаңа жұмыс орындары, саны
|
адам
|
990
|
1599
|
817
|
1179
|
Әлеуметтік қолдау бойынша SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
тұрғындардың еңбекке қабілетті санының, оның ішінде жалдамалы
жұмысшылардың өсуі;
өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың көбеюі;
халықты кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандыратын шаралар алынуы.
|
жұмыссыздардың көбеюі;
кедейшілік шегінен төмен тұратын тұрғындар санының өсуі;
аз қамтылған отбасылар санының көбеюі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету;
әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты қажет ететін санаттарына беру;
арқылы нәтижелілігін арттыру.
|
экономикадағы дағдарыстық құбылыстар;
халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы;
жалақы төлеу бойынша ықтимал кешіктірулер.
|
2.3.4. Мәдениет.
Мұнайлы ауданы бойынша қазіргі уақытта 6 мәдениет мекемесі (1 мәдениет үйі, 1 ауыл клубы) және 4 орталық кітапханасы мәдени көпшілік шарамен қызмет көрсетеді. 2012 жылы 60 шара, 2013 жылы 60 шара, 2014 жылы 65 шара өтті.
Атаулары
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Мерекелік іс-шаралар
|
60
|
60
|
65
|
73
|
Көрермен саны
|
16100
|
19211
|
89797
|
230126
|
Өнерпаздар саны
|
1270
|
1585
|
3626
|
4600
|
Клубтық құрылым
|
12
|
12
|
15
|
18
|
Ақылы қызмет
|
|
-
|
-
|
-
|
Мәдени мекемелердің басты міндеті: атқарылатын жұмыстардың сан қырлы түрлерін дамыта отырып, халыққа мәдени қызмет көрсетуіне жалпы деңгейін көтеру, еліміздің саяси тұрғыдан өркендеуін, жас ұрпақтың сапалы да саналы өсуіне ықпал ету және ел арасынан таланттарды тауып, оларға қолдау көрсету.
Аудандағы мәдениет мекмелерінде өткен іс-шаралар 2012 жылмен салыстырғанда 10 бірлікке өсіп (2012 ж жылы 60 шара), 171 бірлікті құраса, 2012 жылмен салыстырғанда 9806 бірлікке артып ( 2012 жылы 55 754 көрермен) , 65560 көрерменді қамтыды.
Аудан бойынша клубтық құрылымдар 3 бірлікке кеңейді және 2015 жылы 10 ай бойынша 18 бірлікті құрады. Оған қатысушылардың саны 1296. Аудандағы кітапханалар саны 4, сондай-ақ кітап қоры 2012 жылмен салыстырғанда жарамсыз деп танылған кітаптарды есептен шығару барысында 1066 бірлікке дейін кеміп ( 2012 жылы 102 888 ), 2014 жылы 101 822 бірлікті құрады.
Тарихи-мәдени ескерткіштің саны 2015 жылдың 1 қаңтарында 26 бірлікті құрады.
Жыл сайын мамандар білімдерін жетілдіріп келеді, мысалға 2014 жылы Республикалық деңгейдегі семинарлар мен дөңгелек столдар ұйымдастырылуда.
Көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымдарына жанрлар бойынша қатысушы-балалар саны
|
хор және вокал
|
халық аспаптар оркестрлері
|
хореографиялық
|
драмалық
|
өзгелері
|
фольклорлық
|
2015жыл
|
75
|
43
|
189
|
100
|
299
|
-
|
2014 жыл
|
45
|
15
|
134
|
40
|
120
|
8
|
Ауданда мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы тепе-теңсіздікке байланысты, мәдениет ұйымдарына қолжетімділіктің теңсіздігі. Мәселен, Маңғыстау, Басқұдық, Атамекен, Дәулет, Батыр аулдарында мәдениет мекемелері жоқ болуына байланысты, мәдениет саласын әртараптандыру, тұрғындардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында, сонымен қатар би үйірмелерін жандандыру, театр жанырын дамыту, арнайы студия жасақтау, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға лайық типтік мәдениет үйін аталған елді мекенде салу қажеттілігі туындап отыр.
Балалар көркемөнерпаздар шығармашылығы ұжымдарының жанрлар бойынша саны
|
хор және вокал
|
фольклорлық
|
халық аспаптар оркестрлері
|
хореографиялық
|
драмалық
|
өзгелері
|
2015 жыл
|
1
|
-
|
1
|
2
|
1
|
8
|
2014 жыл
|
1
|
1
|
1
|
2
|
1
|
5
|
2018 жылға Басқұдық ауылдық округінде 200 орындық кітапханасымен бірге ауыл клубының құрылысы және Атамекен ауылдық округінде 200 орындық кітапханасымен бірге ауыл клубының құрылысына 750 9610 мың теңге қаржы бөлу жоспарлануда.
Мәдениет бойынша SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;
аудандық тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, дамыту және сақтап қалу жұмыстары бір жүйеге келтірілді
|
мәдениет мекемелерi желiсiнiң дамуындағы үйлесiмдiлiктiң болмауына негiзделген аудан тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететiн қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң теңсiздiгi;
ауылдық мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің әлсіздігі, мамандандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерде жетіспеушілігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
Салада тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу.
|
Мәдениет саласында мамандардың тұрақтамауы, әсіресе ауылдық жерде
|
2.3.5. Үш тілділікті дамыту
Мұнайлы ауданында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2015 жылға арналған жоспары бойынша аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Қазіргі заман талабына сай Елбасының үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында мектептерде «Үш тілде білім беруді ілгерілету» жөніндегі іс-шаралар жүргізіле бастады, әр мектептен маман бекітіліп Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №11 өкімімен таныстырылды. Мұнайлы ауданы бойынша қараша айына дейін 11 мектеп, 1 лицей жұмыстануда еді, 1 мектеп қараша айында іске қосылды, кәзіргі таңда 12 мектеп, 1 лицей бар.
Жыл сайын өтетін «Тілдер фестивалі», «Полиглот» интелектуалдық сайысы үш тілде өтізіледі. Жыл сайын «Полиглот» сайысы үш тілде өткізілсе, ал 2015/2016 оқу жылынан бастап тарих әдістемелік бірлестігі «Үш тұғырлы тіл идеясымен ұлттық тарихымызды дамыту» тақырыбында дөнгелек үстелі үш тілде тапсырмалар беру арқылы өткізілді. Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарында да үш тілділік көрініс тауып жатыр.
2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың наурыз айына дейін іс-шаралар жоспары жасақталды. Барлық пән бірлестігінің апталықтары, сыныптан тыс шаралары, ашық сабақтары үштілділікті қолданып өтуде.
Үш тілді дамыту бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
мемлекеттік тілді оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі құрылды;
мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды құру және енгізу қамтамасыз етілді;
өңірде тұратын этникалық топтардың тілдерін зерттеу және дамыту үшін жағдайлар жасалды;
мемлекеттік тілді меңгерген халық санының артуы;
|
мемлекеттік тілге оқытудың бірыңғай стандарттарының болмауы;
тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі;
қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі;
мораторийге байланысты жеке кәсіпкерлер объектлерінің көрнекі ақпаратына тексеру жүргізуге мүмкіндіктің болмауы
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
жоғары көші-қон қозғалысы, аудан халқы санының соңғы жылдарда күрт өсуі, ауданға оралмандардың, сондай-ақ елдің өзге өңірлері тұрғындарының көптеп келуі, жан-жақты экономикалық және әлеуметтік саясат болмаған кезде тіл саясатының әсерін төмендетуі мүмкін
|
қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің көтерілуі;
тілдік әралуандықты сақтау кезінде мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу;
|
2.3.6. Дене шынықтыру және спорт
«Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен аудан көлемінде аудан тұрғындары, мектеп оқушылары, мемлекеттік және өндірістік мекеме қызметкерлері арасында спортты насихаттау және дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, талантты спортшыларды айқындау бағытында көптеген спорттық шаралар өткізілді.
Бүгінгі таңда ауданымызда үш «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасауда»
Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінде 2015 жылы Басқұдық ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Қазіргі таңда мектепте 8 спорт тұрі бар: Еркін күрес, грек рим күресі, қазақша күрес, тоғызқұмалақ , жеңіл атлетика, қол күрес, гір тасын көтеру және волейбол. 12-жаттықтырушы мен 452 жасөспірімдері бар. Осы аралыкта Қазақстан Республикасы Чемпионаты жасөспірімдер арасында: 5 бала жұлделі орындармен Ал ашық облыстықтан турнирлерден 18 бала орын алып келді.
Маңғыстау ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2004 жылдың ақпан айында ашылған болатын. БЖСМ-нің негізгі мақсаты: балалар - жасөспірімдер арасында, олардың денсаулығын нығайтуға және жан- жақты дене дамуына бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын іске асыру.
Жалпы мектепте 2015 жылғы есеппен 18 бапкер-жаттықтырушы 8 спорт түрінен 40 топқа жаттығу (бокс, каратэ-до, волейбол, баскетбол футбол, қазақ күрес, еркін күрес, дзюдо, пауэрлифтинг ) жүргізеді. 2015 -2016 о.ж. 516 оқушы жаттығады. Мектептің он бір жыл ішінде жеткен жетістіктері мен бағындырған бақтары көп болмаса аз болмады. Мектепте спорттың шеберлігін шыңдаған спортшылар қызмет атқарады.
Мектептің жұмыс атқарған жылдары ішінде 4 спорт шеберін дайындаса, 30 астан Спорт Шеберлігіне Үміткер спортшыларды дайындап, жоғары мамандандырылған спорт мектептер мен клубтарға жіберді. Бұл біздің аудан үшін үлкен мақтаныш және дәреже! Мектептің өз ішінде жылдық іс-шара жоспарына сәйкес, аудандық, мектеп аралық, облыстық жарыстар өткізіліп тұрады. Қазақстан Республикасының облыстық жарыстарға игерілген қаражат 7 млн 600 мың теңге.
Дәулет ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 2011 жылдың маусым айында ашылған болатын. БЖСМ-нің негізгі мақсаты: балалар - жасөспірімдер арасында, олардың денсаулығын нығайтуға және оқушының бос уақытын тйімді пайдалану болып табылады.
Жалпы мектепте 2015 жылғы есеппен 13 бапкер-жаттықтырушы 7 спорт түрінен 25 топқа жаттығу (каратэ-до, волейбол, баскетбол футбол, қазақ күрес, дзюдо, бокс ) жүргізеді. 2015 -2016 о.ж. 368 оқушы жаттығады. Мектепте 6 спорт шеберіне үміткер спортшыларды дайындап, жоғары мамандандырылған спорт мектептер мен клубтарға жіберді. Бұл біздің аудан үшін үлкен дәреже! Мектептің өз ішінде жылдық іс-шара жоспарына сәйкес, аудандық, мектеп аралық, облыстық жарыстарға бөлінген қаражат шығыны 7 млн 126 мың теңге бөлінді.
«Мұнайлы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 2013 жылда 7 аудандық деңгейде спорттық іс-шараларалар ұйымдастырылған, оған 730 спортшы қатысты, Ал облыстық 6 жарысқа, 121 спортшы іс-сапарға жіберілсе, 2014 жылда 159 аудандық деңгейде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған, оған 10 328 спортшы қатысты. Облыстық 30 жарысқа, 424 спортшы қатысты. Осы 2015 жылы 113 аудандық іс-шаралар ұйымдастырылған, оған 6571 спортшы қатыстып, оған жүмсалған қаражат саны - 7 млн 400 мың теңге. Облыстық 36 жарысқа, 656 спортшы қатысты. Оған жалпы ашық облыстық жарыстарға кеткен шығын 6 млн 200 мың теңгені құрады.
Спорттық шараларды ұйымдастырудың басты мақсаты - жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтын насихаттау. Ең алдымен дені де, жаны да сау адами қасиеттері жоғары ұрпақ тәрбиелеу ең басты мәселе екендігі ақиқат. Ортақ бағыт - салауатты өмір заңын меңгерген ұрпақ, ертеңгі еліміздің көшбасшыларын шығару.
1-кесте. Спорттық шаралар
Атаулары
|
2013
|
2014
|
2015
|
1.10.2016
|
шара саны
|
қатысқан спортшы
|
шара саны
|
қатысқан спортшы
|
шара саны
|
қатысқан спортшы
|
шара саны
|
қатысқан спортшы
|
Аудандық спорттық іс-шара
|
7
|
730
|
159
|
10 328
|
113
|
6571
|
64
|
4165
|
Облыстық спорттық іс-шара
|
6
|
121
|
30
|
424
|
36
|
656
|
32
|
550
|
Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы;
жұмыс істеп тұрған спорт объектілерінде спорт топтары мен секциялардың саны артуда;
Олимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Азия мен Әлем чемпионаттарының чемпион спортшылары мен жүлдегерлері дайындалды
|
спорт инфрақұрылымының нашар дамуы;
спорт залдары мен спорт кешендері, жүзу бассейндері және спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу;
жаттықтырушылардың төмен жалақысы
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
бұқаралық спортты дамыту, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыру;
сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;
балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту
|
спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендігінен кадрлардың кетуі орын алуда және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен;
спорт құрылыстарының жеткілікті саны жоқ, өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың саны аз болғандықтан, балалардың, оқушылардың және жастардың арасында қылмыстардың өсу фактілері артуы мүмкін
|
2.3.7. Ішкі саясат
Ауданда ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағытында үйлесімді жұмыс жүргізіліп келеді. Ішкі саясат саласындағы қоғамдық-саяси ахуал есеп беру кезеңінде тұрақты болды. Ішкі саясатта саяси партиялар филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени және діни бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әріптестік қарым-қатынас қалыптасып, бірлескен шаралар өткізіліп, жұмыстар атқарылды.
Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру саласындағы аудан әкімдігінің белсенді серіктесі үкіметтік емес сектор болып табылады. Бұл ретте, маңызды институт ретінде «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Маңғыстау облысындағы Мұнайлы аудандық филиалы, «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Маңғыстау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестіктерінің Мұнайлы аудандық филиалы, Мұнайлы ауданының интернационалист-сарбаздарының «Жауынгер Туыстық» қоғамдық бірлестігі, «Асылмұра» ұлттық салт-дәстүрлер мен қолөнерлерді насихаттау» қоғамдық қоры, «Өркениет» қоғамдық бірлестігі, «Жігер» патриоттық тәрбие беру» қоғамдық қоры, «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қоры, жастар ресурстық орталығы, әкім жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі және әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс істейді.
Ішкі саясат саласындағы жұмыстың басым бағыты жыл сайынғы Елбасының Жолдауын зерделеуге, жергілікті халыққа насихаттау, түсіндіру және жүзеге асыруға бағытталған.
Аудандық ақпараттық топ мүшелері қажетті ақпараттық-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Елбасы Жолдауын ақпараттық қамтамасыз етуге арналған медиа жоспар әзірленіп, аудандық «Мұнайлы» газетінде мақалалар жарияланды.
Ақпараттандыру саясаты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты республикалық, облыстық, жергілікті газеттер, интернет ресурстарға және телеарнаға жарияланған материалдарға шолу жасалып отырылады.
Жыл сайын мемлекеттік ақпаратты жүзеге асыру халықпен ақпараттық топтың, БАҚ-дың қарым-қатынас бағыттары бойынша (пресс-конференция, онлаин-конференция т.б.) жүргізіледі. Бүгінгі таңда аудандық «Мұнайлы» газеті жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 2016 жылы облыстық «Қазақстан Ақтау» телеарнасымен ақпараттық саясатты жүзеге асыру үшін 3 млн. 960 мың теңге бөлініп, келісім-шарт жасалды. Бұл жұмыстар 2017 жылы да жалғасын табатын болады.
Елбасы Жолдауына байланысты арнайы дайындалған билбордтар ауданның орталық көшелеріне (4 билборд пен 3 керме), «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» (12 билборд пен 1 керме) және «ЭКСПО-2017 болашақ энергиясы» тақырыбында 3 билборд орналастырылды. Сонымен қатар, «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» тақырыбында 3 билборд пен 2 керме ілінді.
Саяси партиялармен қарым – қатынас. Ауданда 2 саяси партия: «Нұр Отан» партиясының филиалы және Ауыл халықтық-демократиялық патриоттар партиясының филиалы жұмыс жасайды.
«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының қазіргі таңда, 2399 партия мүшесі бар. «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ғимаратында аудандық филиал төрағасы, төрағаның бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері қоғамдық қабылдаулар өткізеді және әр аптаның 3-ші күні мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық қабылдау ашық есік күні ұйымдастырылып келеді. Облыстық мәслихат депутаттары 5 рет, аудандық мәслихат депутаттары 115 рет, мемлекеттік мекеме басшылары 65 рет қоғамдық қабылдаулар өткізді. Акциялық қабылдау 9 рет («Әділет кеңес береді», «Жұмыспен қамту 2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жолда қабылдау»), тематикалық қабылдау 42 рет өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық ақпараттық тобының мүшелігіне «Нұр Отан» партиясының мүшелері енгізілген.
«Ауыл» ХДПП Мұнайлы аудандық филиалы өз жұмысын 2015 жылдың қараша айынан бастап жүргізіп келеді.
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс. Ауданда азаматтық бастаманы дамытуға бағытталған жағдай жасау үшін әлеуметтік мәселелерді шешуде жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы ауданның үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсенді түрде тартылып келеді.
2016 жылы «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша лотты жеңіп алып, ауданда түрлі шаралар ұйымдастырды. «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қоры Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде жұмыстар жүргізді.
2017 жылға 6 лот тақырыбы бойынша әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс үшін 10.5 млн. теңге көлемінде бюджеттік өтінімге ұсыныс берілді.
ҚР мемлекеттік рәміздері. Мұнайлы ауданы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану, бағытында 2017 жылға арналған аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның іс-шаралар жоспары жасақталып бекітілді. 2016 жылы жылына 2 рет комиссия отырысы өткзіліп, мекеме басшыларына әдістемелік көмектер көрсетілді.
Аудан бойынша мемлекеттік мекемелерге бақылау жүргізілуде. Мемлекеттік рәміздердің барлық мемлекеттік мерекелердегі салтанатты шараларда Ережеге сай орнатылуы қадағаланып келеді. Мемлекеттік рәміздерді насихаттауда, патриоттық тәрбие беруде білім беру ұйымдарында жоспарлары жасақталып, олар аудандық қорғаныс істері бөлімі, жастар саясаты орталығы, спорт және дене шынықтыру бөлімімен тығыз байланыста жұмыстар атқарылады.
Азаматтардың патриоттық сезімін нығайту және еліміздің мемлекеттік рәміздерінің маңыздылығын арттыру үшін жыл сайын 4 маусым күні мемлекеттік мекемелерде патриоттық дәрістер жүргізіледі.
Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссия әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеудің және шешімдер қабылдаудың барлық деңгейлерінде гендерлік сезімталдықтың артуына қол жеткізу мақсатында әйелдердің саяси ілгерлеуіне мән береді. Комиссияның жоспарына сәйкес тоқсанына бір рет комиссия отырысы өткізіліп тұрады.
Аудан бойынша бүгінгі таңда 140 000 мың халық бар, оның 74868-і әйелдер болып табылады. Мұнайлы ауданында мемлекеттік қызмет саласында 27 мекеме болса, оның 8-ін әйел азаматшалар басқарып келеді.
Мұнайлы ауданында нәтижелі жұмыс жүргізіп жүрген іскер әйел азаматшаларымызбен тығыз байланыс орнатылған. Олар: Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы, кәсіби халық емшісі А.Оспанова, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Б.Қондыбай, «Мұнайлы аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Дәрібаева, «Асыл мұра» салт дәстүрлерді насихаттау қоғамдық қорының төрайымы, ақын А.Рамазанова, «Тілек» әйелдер қоғамдық қорының төрайымы Ұ.Тілеумағанбетова.
Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары:
|
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылатын ҮЕҰ санының артуы үшін жағдай жасалған;
аудандық ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру қамтамасыз етілген;
ауылдық жерде жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ-дың санын арттыру көзделген.
|
Қазіргі замандағы ақпараттық талаптарына сай келетін кәсіби мамандар жеткіліксіз;
ауданда жастар инфрақұрылымы (кинотеатр, ойын-сауық кешені) жеткілікті дамымаған
|
Қатерлер:
|
Мүмкіндіктер:
|
өңірге теріс діни ағымдардың енуі және таралу мүмкіндіктері;
жастар арасында жұмыссыздықтың өсуі.
|
Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» жобасы аясында жастарды тұрғын үймен қаму;
Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлестігінің басты факторы ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің артуы;
|
2.4. Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Мұнайлы ауданы ішкі істер бөлімі қылмыспен күрес, құқық тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жедел-қызмет жұмысының нәтижелерін қарау және алдағы кезеңде атқарылатын негізгі бағыттар.
Елбасының «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасына сәйкес, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, ұсақ құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидаларының орындалуын қатаң бақылауда ұстауда. Осыған қарамастан 2015 жыл жағдайына аудан көлемінде 848 қылмыстық оқиға тіркелді, 2014 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда (704) 0,8 есеге көбейіп отыр:оның ішінде, ұрлық – 412, бұзақылық – 111, басқа да қылмыстар 315.
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1.10.2016 жыл
|
Қылмыс саны
|
303
|
556
|
704
|
848
|
836
|
Қылмыстың ашылу үлесі
|
52%
|
47%
|
48%
|
51%
|
49,1%
|
Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
аудан бойынша тіркелген қылмыстар санының азаюы;
қылмыстардың ашылу көрсеткішінің артуы.
|
жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың артуы;
есірткімен байланысты қылмыстардың көбеюі, нашақорлықтың таралуы
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
заңды білу және орындау, олардың міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіру, саламатты өмір салтын насихаттау арқылы жастар арасындағы қылмысты төмендету;
құқық қорғау органдарын жаңа үлгідегі техникамен, құралдармен жабдықтау қылмыстың ашылу деңгейін көтереді.
|
аудандағы қылмыстық ахуалдың нашарлауы, жаңа қылмыс түрлерінің пайда болуы.
|
2.5. Инфрақұрылым
2.5.1. Байланыс.
Байланысты және аймақты дамыту үшін байланыс инфрақұрылымы маңызды ресурстардың бірі болып табылады. Елдің барлық аумағында қазіргі заманғы байланыстың қол жетімділігі көптеп қарағанда экономикалық өсімнің қарқынын, халықтың өмір сапасын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін, тәртіпті қорғай және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді анықтайды.
Соңғы жылдары Қазақстанда елдің бірыңғай ақпараттық кеңістігінің дамуы бойынша бірқатар шаралар қолданылып жатыр. Қазақстанда коммуникацияның аса кең таратылған түрі ол телефонды байланыс болып табылады.
Аудандар бөлінісінде ұйымдармен АКТ-ны пайдаланудың негізгі көрсеткіштері
(мемлекеттік басқару ұйымдарын есепке алмағанда)
|
Есеп берген кәсіпорындар саны, бірлік
|
Кәсіпорындағы компьютерлер саны, бірлік
|
Есепті жылдың соңына IT-мамандардың саны, адам
|
2015 жыл
|
137
|
1 543
|
25
|
2014 жыл
|
164
|
1 394
|
45
|
Байланыс бойынша SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
ауданның Ақтау қаласына жақын орналасуы, тұрғындардың интернет желісі, телефон, сымсыз телефон нүктелерін қондыруда қол жетімділігі;
байланыс қызметіне шағын және орта кәсіпкерлердің тартылуы;
мемлекеттік бағдарламалар арқылы елді мекендерді телефон нүктелерімен қамту.
|
жаңадан іске қосылған елді мекендердегі байланыс саласының төмен дамуы;
ауданның шалғай елді мекендерінде электронды терминалдар мен интернет серіктерінің жоқтығы,
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша кадр мамандарын тарту;
қызмет көрсету номенклатурасын кеңейту;
әр түрлі қызмет көрсетуші мекемелердің филиалдарын аудан көлемінде ұлғайту.
|
ақпараттық жүйелерді, пошта байланысын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жеткізе қаржыландырылмауы
|
2.5.2. Жолдар және көлік
Аудан бойынша 636 шақырым жол бар, оның ішінде аудандық маңыздағы автомобиль жолының ұзындығы - 70,9 шақырым (оның ішінде 60,2 шақырымы асфальтаған, 10,7 шақырым грейдер жол).
Ауданда автокөлік жолдарын жөндеу, жаяу жүргінші жолдарын салу мәселелері тоқ, газ, ауыз су мәселелерімен бірлесе шешілуде. 2016 жылы Ауыл мен ауылдық округтердегі салынған жаяу жүргіншілер жолы 68,7 шақырымды құрады.
Ауыл мен ауылдық округтердегі салынған жаяу жүргіншілер жолы туралы ақпарат
Ауыл мен ауылдық округ атауы
|
Аудан ашылғаннан бері салынған
|
2016 жылы салынған
|
Барлығы
|
Маңғыстау
|
11,1 км
|
6,8 км
|
17,9 км
|
Басқұдық
|
7,3 км
|
3,8 км
|
11,1 км
|
Баянды
|
3,5 км
|
3,6 км
|
7,1 км
|
Қызылтөбе
|
0,9 км
|
1,5 км
|
2,4 км
|
Дәулет
|
4,5 км
|
1,7 км
|
6,2 км
|
Атамекен
|
13,2 км
|
7,6 км
|
20,8 км
|
Батыр
|
3,2 км
|
-
|
3,2 км
|
Барлығы
|
43,7 км
|
25 км
|
68,7 км
|
2012 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 35 млн. теңге қаражатқа алынған арнайы жол техникаларын (самосвал – 2 дана, каток-1 дана, погрузчик – 1 дана) пайдалана отырып сол жыл ішінде барлығы 36 шақырым селоішілік жолдарды жөндеп, өз мүмкіншілігі шегінде 4,5 шақырым грейдер жолын жасады. Сонымен қатар, 2013 жылы водовоз – 20,0 млн.теңге, қоқыс шығаратын автокөлікті-10,0 млн.теңге бөлінді.
2014 жылы водовоз 4,2 куб.м-20,0 млн.теңге, экскаватор-12,0 млн.теңге, төтенше (аварийная 2 шт.) автокөлік (вода) – 5 млн.теңге, қоқыс шығаратын автокөлік – 19,5 млн.теңге, подвижной сварочный агрегат – 6,0 млн.теңге.
2016 жылы облыстық бюджеттен 100,0 млн.теңге қаржы бөлініп, экскаватор -19,0 млн.теңге, автопогрузчик-10,5 млн.теңге, автогрейдер-28,0 млн.теңге, кран манипулятор-28,0 млн.теңге және қоқыс жәшіктері -12,5 млн.теңге бөлінді.
2016 жылы Көлiк және коммуникацияны дамыту бойынша 811 994 мың теңге бөлініп, ауданға қарасты ауыл, ауылдық округтерде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көлік бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
қанағаттанарлықсыз жай күйдегі автомобиль жолдарының қысқаруы;
|
темір жол қатынасының болмауы;
автомобиль жолдарының тозуы;
Аудан аумағын жолаушылар бағытындағы қатынаспен толық қамтылмауы;
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
«Нұрлы жол» бағдарламасының және «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру;
транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;
|
көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі
|
2.5.3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылықты дамытуға 2016 жылы 4 259 459 мың теңге бөлінді.
2012-2015 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға бөлінген қаржы
мың теңге
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
Аудан бойынша
|
2 441 715,7
|
1 299 365,2
|
2591250
|
2 081 439,4
|
Аудан аумағындағы елді мекендердегі әлеуметтік нысан құрылыстарын және инженерлік инфрақұрылым желілерін дамыту бойынша барлық шаралар алынды. Ауданға қарасты 7 ауыл, ауылдық округтер газ, тоқ желілерімен қамтылған. Қазіргі таңда инженерлік-желіліері
Мүнайлы ауданы әкімдігінде жүргізілетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде барлығы 2 444 адам (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -39, бюджет саласы қызметкерлері – 1217, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтары - 1188) тұр.
Салыстырмалы ақпарат ретінде келтіре кететін болсақ,
Жылы
|
Кезекте тұрған адамдар саны
|
|
|
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтары
|
Жетім және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
|
Бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер
|
Барлығы
|
18.09.2013
|
637
|
0
|
315
|
952
|
06.03.2014
|
663
|
40
|
450
|
1153
|
25.02.2015
|
905
|
38
|
790
|
1733
|
25.03.2016
|
1068
|
42
|
1040
|
2150
|
2008-2010 жылдарға арналаған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық несиемен үй алғандар
Жылы
|
Үй алған адамдар саны
|
Барлығы
|
|
Бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер
мен әскери қызметшілер
|
Жас отбасылар
|
2010
|
9
(820,7 ш.м.)
|
3
(272,6 ш.м.)
|
12
(1093,3 ш.м.)
|
2011
|
3
(271,6 ш.м.)
|
1
(90,3 ш.м.)
|
4
(361,9)
|
|
|
|
1455,2
|
Сонымен қатар, «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарлама аясында Батыр селолық округінен 2011-2012 жылдары оралман отбасыларға берілген үйлер
2011 жылы – 76 пәтер (5287,7 ш.м.)
2012 жылы – 50 пәтер (3457,9 ш.м.)
Барлығы 126 пәтер 8745,6 ш.м.
Бүгінгі кеңес отырысының күн тәртібінде қаралып отырған «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен күші жойылған.
Аталған бағдарлама бойынша 2012-2014 жылдар аралығында барлығы 96 пәтерден тұратын 12 пәтерлік 4 үй, 24 пәтерлік 2 үй құрылысы салынып, қолданысқа берілген.
Пәтерлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, ауданда кезекте тұрған 96 азаматқа, соның ішінде берілген жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған – 15 балаға, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын 41 азаматқа, 1- ҰОС қатысушысына, бюджет саласының 39 қызметкеріне берілген болатын.
«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы аясында 2011-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысының көп қабатты тұрғын үйлерді I механизмі арқылы жөндеуге 336,5 млн.теңге бөлінген болатын. Соның ішінде, Мұнайлы ауданына 4 тұрғын үйді жөндеуге 117,193 млн.теңге (№ 45 үй – 24 млн.теңге, № 41 үй – 26,292 млн.теңге, № 50 үй – 10,831 млн.теңге, № 48 үй – 56,069 млн.теңге) қаралды.
Аталған тұрғын үйлерге күрделі жөндеуді «Каспий» ӘКК» ҰК-ң» жанындағы «Маңғыстау облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жобаларын үйлестіру орталығы» ЖШС өткізіп, тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Аталған бағдарламаны одан әрі жалғастару мақсатында, №6, 10, 22, 23, 37, 39, 40, 42, 43, 86, 99, 104 тұрғын үйлердің кондоминиум объектілері ретінде Әділет басқармасында тіркелген болатын. Ал, №22, 39, 40, 42, 43 тұрғын үйлердің құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өтіп, бюджеттік тапсырмасы берілген.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
жеке меншік тұрғын үйлер құрылысының дамуы;
жер қойнауын пайдалаушылар есебінен әлеуметтік жобалардың іске асырылуы.
|
Батыр ауылының толық газге қосылмауы,елді мекендердің құбыр суымен қамтылмауы;
су тапшылығы, сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылымның барынша тозуы;
жылу энергиясының жоғары ысыраптары;
электр желілерінің жоғары тозу дәрежесі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
Болашақтағы аудан орталығы– Батыр ауылын дамыту;
жаңа автомобиль жолдарын салу;
«Жол картасы» бойынша ауданды көркейтуді жалғастыру.
|
адамның өмір сүруіне қажетті тұрғын үй, жол, газбен қамту, сумен қамту бойынша төмен дәреженің сақталуы;
халық санының өсуі және жабдықтың тозуы салдарынан экономиканың шектеулі дамуы.
|
2.6. Экология және ауылдық аумақтар
Экология. Климаты – континенттік және жазда өте құрғақ, созылмалы ыстық болатын, қыста желді және аз мөлшерде қар жауатын, ауа райы өте қолайсыз аймаққа жатады. Қоршаған орта компоненттеріне теріс әсер ететін ауа райы жағдайының ерекшеліктері: күн радиациясының жоғарылығы, шаңды борандар, тәуліктік және жылдық температураның қауырт өзгеріп отыруы, жауын-шашын мөлшерінің аздығы
Маңғыстау облысы бойынша сумен қамтамасыз етудің басты көздері: теңіз суын термикалық тұшыту принципімен жұмыс жасайтын, ішетін сапалы су дайындайтын «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, техникалық сумен қамтамасыз ету үшін «Құйлыс-Меловое» жерасты сулары, сонымен қатар Астрахань-Манғышлак су жүйесінен Волга өзенінің суы қолданылады.
Мұнайлы ауданының жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтарды тазарту жұмыстарымен Мұнайлы-қызмет ЖШС-гі айналысты. 2015 жылы аудан бойынша көлемі 6640 м³ жерді тазалап, тазалауға 17 техника жұмылдырылды.
Экология және ауылдық аумақтар бойынша SWOT-талдау:
Мықты жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
табиғат қорғау жобаларының іске асырылуы;
қоршаған орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсерді төмендету үшін қажетті зерттеулердің жүргізілуі;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған қаржыландыру көлемінің ұлғаюы;
|
қоршаған ортаның ағымдағы және тарихи ластануы;
су ресурстарының, бірінші кезекте ауыз судың болмауы, су көздерінің ластануы, тазарту құрылыстарының нашар жағдайы;
өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша өндірістік қуаттылықтардың болмауы;
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін төлемақылар мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың барабарлығын қамтамасыз ету, өзекті табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластау көлеміне бақылауды арттыру;
экологиялық міндеттерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушы инвесторлардың ақшалай қаражаты мен технологияларын тарту.
|
атмосфераны, су қорын ластау көздері үшін тазарту құрылыстарын нашар жаңғыртқан жағдайда экологиялық ахуалдың шиеленісуі;
стационарлық және жылжымалы ластаушы көздерден атмосфераға шығарылудың артуы.
|
Қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі проблемалар:
атмосфералық ауаның ластануы;
қоршаған ортаның ластануын бақылау бекеттерінің жоқтығы;
коммуналдық қалдықтар көлемін дәлме-дәл есепке алудың бірыңғай жүйесінің болмауы, ауылдық елді мекендерде ТҚҚ-ды (тұрмыстық қатты қалдықтар) жинау мен шығарудың тұрақты жүзеге асырылмауы; ТҚҚ-ды жинау үшін контейнерлер санының жеткіліксіздігі;
ТҚҚ-ды қайта өңдеудің, ТҚҚ-дағы пайдалы компонентттердің айтарлықтай мөлшерін қайтадан пайдаланудың болмауы;
Ауылдық аумақтар. 2016 жылғы 1 қазан жағдай бойынша Мұнайлы ауданында 140,0 мың адам тұратын 7 елді мекен бар. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 мың адамға өскен.
Кесте-1. Ауылдық аумақтар бойынша мәлімет
№
|
Ауылдық аумақтар
|
Құрылған жылы
|
Халық саны
|
Халықтың жұмыспен қамтылуы, (%)
|
1
|
Маңғыстау
|
2005ж.
|
28885
|
62
|
2
|
Атамекен
|
2007ж. қазан
|
37500
|
63
|
3
|
Басқұдық
|
2007ж.
|
28324
|
60
|
4
|
Баянды
|
1999ж. тамыз
|
5230
|
54
|
5
|
Батыр
|
2011ж қараша
|
2268
|
59
|
6
|
Дәулет
|
2007ж. желтоқсан
|
9680
|
77
|
7
|
Қызылтөбе
|
2005ж. сәуір
|
28113
|
61
|
8
|
Барлығы
|
|
140 000
|
|
Ауданда 12 жалпы білім беру мектебі, 1 – лицей, 11 – мемлекеттік балабақша, 4 - мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар және 16 жекеменшік мектепке дейінгі балалар мекемесі, 1 – үйлестіру орталығы, 1-оқушылар орталығы, 1-өнер мектебі және 6- аула клубтары жұмысын жүргізуде. Аудан мектептерінде 22 664 бала білім алады.
Денсаулық сақтау саласында 14 медициналық мекемелер жұмыс жасауда, оның ішінде 1 – орталық аурухана, 1 – орталық емхана, 3 – бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 7 – дәрігерлік амбулатория, 1 – жедел жәрдем және 1 – тубдиспансер бар.
Ауылдағы бюджеттік саладағы білікті кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу және әлеуметтік сала мамандарын ауылдық жерге жұмыс істеуге тарту мақсатында 2015 жылы аудан аумағындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 361 әлеуметтік сала мамандарына 50 085,1 мың теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдем ақы, тұрғын үй сатып алу үшін 111 маманға 330 003 мың теңге бюджеттік несие берілді. 2012 жылмен салыстырғанда көтерме жәрдемақы алушылар 135 адамға, бюджеттік кредит алушылар 50 адамға өскен.
Ауылдық аумақтар бойынша SWOT-талдау:
Мықты жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
аудан бойынша көші-қон есебінен ауыл халқы үлесінің артуы.
Білім беру мектептерінің, балабақшалардың көптеп салынуы.
|
Батыр ауылында газ, судың жетіспеушілігі;
ауыз судың жетіспеушілігіне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың қиындықтары;
ауылдық аудандарда өнеркәсіптік өндірістің жеткіліксіз дамуы
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жақсарту;
ауылдағы экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
ауылдық жердегі әлеуметтік сала ұйымдарын кредиттер мен гранттар беру есебінен білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
|
өңірлік даму жөніндегі бағдарламалардың тиімсіз орындалуы;
қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашылықтың күшеюі
|
Негізгі проблемалар:
білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің және спорттың бюджеттік ұйымдарындағы мамандардың жетіспеушілігі;
облыс ауылдарының орталықтандырылған сумен жабдықтаумен төмен қамтамасыз етілуі;
аудандық және ауылішілік автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы, жаңа жолдар салу қажеттілігі;
ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттілігі;
2.7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
2016 жылғы барлық мемлекеттік қызметкерлер штат саны 150 бірлікті құрап, басқа да қызметшілер 104 бірлікті құрап, 2012 жылы мемлекеттік қызметкерлер штат саны 52 бірлікке өсіп, басқа да қызметшілер 20 бірлікке азайды.
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
Мұнайы ауданы бойынша
|
мем. қыз.
|
өзге қыз.
|
мем. қыз.
|
өзге қыз.
|
мем. қыз.
|
өзге қыз.
|
мем. қыз.
|
өзге қыз.
|
мем. қыз.
|
өзге қыз.
|
98
|
127
|
148
|
110
|
148
|
112
|
150
|
107
|
150
|
104
|
Ауданда 1 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. 2015 жылы 45 452 құжат қабылданып, оның 41 444 орындалды (97,6%). 2014 жылы 42 113 құжат қабылданып, оның 41 181 орындалды (96,3%), 2013 жылы 3 163 құжат қабылданып, оның 2 983 орындалды (94,3%), 2012 жылы 4 404 құжат қабылданып, 4 364 (99%) құжат орындалды.
Мұнайлы ауданында бірнеше қоғамдық ұйымдар мен өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың саны тұрғындардың әлеуметтік және саяси ой-өрісінің жоғарылағанын көрсетеді. Мұнайлы ауданында жүзеге асырылып жатқан көптеген бағдарламалар өзін-өзі басқару ұйымдарының қатысуымен жүргізілуде.
Мұнайлы ауданының аумағында ветерандардың құқықтарын қорғауға бағытталған 8 (2015 жыл-7) үкіметтік емес ұйым қызмет етеді, ұлттық салт-дәстүріміз бен қолөнерді, патриоттық тәрбиені насихаттайтын, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуді дамыту және тұрғындардың белсенділігін арттыру, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыратын және ауған ветерандарын қорғайтын, кейбір әлеуметтік топтарға көмек көрсету және т.б. Сонымен қатар аудан аумағында 1 саяси партия, 1 діни ұйым, 1 кәсіподақ ұйымы қызмет етеді.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне» өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 9 ақпандағы №45 қаулысына сәйкес, Мұнайлы ауданына қарасты бөлімдермен және 7 ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарымен барлығы 84 мемлекеттік қызметтер түрін көрсетеді.
1.«Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 19 мемлекеттік қызметтер,
2.«Аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ – 1 мемлекеттік қызмет,
3.«Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 4 мемлекеттік қызметтер,
4.«Аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ - 1 мемлекеттік қызмет,
5.«Аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ - 9 мемлекеттік қызметтер,
6.«Аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ - 8 мемлекеттік қызметтер,
7.«Аудандық сәулет және қала құрлысы бөлімі» ММ – 5 мемлекеттік қызмет,
8.«Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ - 11 мемлекеттік қызметтер,
9.«Аудандық білім бөлімі» ММ – 22 мемлекеттік қызметтер.
10.«Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттары» ММ – 4 мемлекеттік қызметтер.
Аудан бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 54554 құрайды (01.11.2015 жылы-50954), оның ішінде:
1)Мемлекеттік орган (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 10643 (01.11.2015 жылы – 10283),
2)«электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 30620 (01.11.2015 жылы – 32454);
3)мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтің саны – 11486 (01.10.2015 жылы -7128);
4)«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтің саны – 1805 (01.11.2015 жылы -1089).
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны (ақпараттық жүйелер бойынша 01.11.2016 жылы-7, 01.11.2015жылы-5) – 7, оның ішінде:
- мемлекеттік корпорация арқылы мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны («ХҚКО Мониторинг» ЫАЖ)– 5,
- электрондық үкімет веб-порталы арқылы мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтердің саны («Е-лицензиялау» АЖ) - 2.
Мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің бұзылуына жол берген жауапты мамандардың тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар саны -4, оның ішінде «ескерту»-3, «сөгіс»-1.
Сонымен қатар,мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралардың саны – 16 (хаттамалық тапсырмалар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренинг және т.б.) және аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны -111.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны -5.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №35 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, Мұнайлы ауданы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріне 2016 жылғы мемлекеттік қызмет көрсетулерінің сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
халыққа қызмет көрсету сапасының жоғарылауы;
мемлекеттік органдардың электрондық қызметке өтуі.
|
халықтың мемлекеттік қызметке, оның ішінде электрондық қызметке қол жетімсіздігі;
мемлекеттік органдардың халықпен байланысының жоқтығы;
электрондық әкімшілік жүйесінің толық дамымауы;
ұсынылатын мемлекеттік қызметтер туралы халықтың әлсіз хабардар болуы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
бюджет қаражатының тиімділігін арттыру;
нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлау жүйесін енгізу арқылы аумақтың дамуын қамтамасыз ету;
жыл сайынғы жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің енгізілуіне орай барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін арттыру.
|
өнеркәсіп өндірісі мен көрсететін қызмет қарқынының төмендеуі;
инфляцияның жоспарланған параметрлерден асып түсуі;
ҚР заңнамасына және мемлекеттік органдардың қызметін бағалау әдістемесіне өзгерістердің жиі енгізілуі;
ақпараттық жүйелердегі техникалық істен шығу;
елді мекендер тұрғындарының интернет ресурсқа қолжетімділігінің теңсіздігі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |