Қазіргі таңда, аудан бойынша мал басы: ірі қара мал – 720, қой- ешкі 13 386, жылқы – 3118, түйе – 3134, құс-21 623 бас құрайды.
2015 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың тірідей салмақта союға өткізілгені 1 182,53 тоннаны құрасы бұл көрсеткіш 2012 жылы 708,78 тонна. Аудан аумағында 182 шаруа қожалығы қызмет көрсетуде, оның ішінде: 150 мал шаруашылығы, 32 қожалық егін шаруашылығымен айналысады. Ағымдағы жылы 227 га. көкөніс және бақша дақылдары егілді. Оның ішінде жылыжайда 6 га., ашық топырақта 221 га. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 226 тонна ет, 93,9 тонна сүт, 482,8 мың дана тауық жұмыртқасы өндірілді. 31 тауар өндірушіге 160,9 тонна амиак селитрасы 50% жеңілдікпен алынып берілді.
Шаруа немесе фермер қожалықтары
|
2011ж.
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
2015ж.
| Мұнайлы ауданы |
118
|
104
|
91
|
93
|
116
|
Ауданда «Мұнайлы аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік мекемесі құрылып, 6 ауыл, ауылдық округтен ветеринариялық пункті, 6 ветеринарлық фельдшер мен 6 санитар жұмыс жасауда. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын қаңғыбас ит тістеуден сақтау мақсатында 6 бригада құрылып, қаңғыбас иттерді жою бағытында жұмыс атқаруда. Осы жұмыстарды іске асыру үшін автокөлікке 6 тіркеме және пневматикалық қарулар сатып алынды. Осы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 5 838 бас ит ауланды.
«Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аяасында 2016 жылығы атқарылған жұмыстар бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына сәйкес, 2016 жылға аудан бойынша 221,5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен көкөніс бақша дақылдары отырғызылып 25 –ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге облыстық бюджеттен 51 428 000 тенге көлемінде қаражат бөлінді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына сәйкес Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау бойынша жыл басында көктемгі егіс жұмыстарына «Қаз Азот ЖШС» –нен арзандатылған аммиак селитрасының 181 тоннасы жарты баға құнымен яғни 6 154 000 тенгенің өнімі сатып алынды. Шет елдік минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандату 4 331 748 тенгені құрады. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №3-1/600 бұйырығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасы бойынша сатып алынған асыл тұқымды жылқыны субсидиялауға 720 000 тенгені құраса өндірілген және сатылған мал шаруашылығы өнімін субсидиялау 563 700 тенгені қамтыды.
Агроөнеркәсіптік бойынша SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
Ауданда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің (жайылымдардың) зор резерві;
Мал шаруашылығн дамытуды қолдау үшін, «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бюджеттерден ақшалай қаражаттардың жыл сайын бөлінуі;
|
Жергілікті табиғи жем-шөп жағдайларын өсіруге сыналған ауыл шаруашылығы жануарларының шектеулі түрлері мен тұқымдары;
Жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;
Білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
Индустриялық –инновациялық даму стратегиясын іске асыру;
жаңа технологияларды енгізу
сүт-тауарлық түйе шаруашылығына және етті-майлы қой шаруашылығын дамыту;
мал шаруашылығын дәстүрлі салалаларының тұқымдық және өнімдік сапаларын одан әрі жетілдіру;
|
ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды табиғи су көздеріің жоқтығы;
мал басының, тиісінше мал шаруашылығы өнімдерін шығарудың азаюы;
|
2.2.3. Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда.
Мұнайлы ауданының дамуының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1.10.2016 жыл жағдайына 5175, 2015 жылы 5 091, 2014 жылы 4541 бірлікті құрды, 2013 жылмен салыстырғанда (4069 бірлік) 1,1%-ға өсті, 2012 жылмен салыстырғанда (3797 бірлік) 1,19%-ға өсті.
Мұнайлы ауданы бойынша 2015 жылы 2014 жылы шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны 4500 бірлікті құрады, 2013 жылмен салыстырғанда (4053 бірлік) 1,1%-ға өсті және 2012 жылғы көрсеткіштен (3797) 1,18%-ға өсті.
Осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 2012 жылы 4692 адам, 2013 жылы 4858 адам, 2014 жылы 5281 адамды, 2015 жылы 6 052 құрады. 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға (166 адам), 2013 жылды 2014 жылмен салыстырғанда 8,1%-ға (423 адам), 2014 жылды 2015 жылмен салыстырғанда 12,8%-ғ (771 адам) көбейді.
Кесте 1. Шағын және орта бизнестің көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
2015 ж
|
1.10.2016ж
|
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілердің саны
|
бірлік
|
3797
|
4069
|
4541
|
5091
|
5175
|
Шағын кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны
|
бірлік
|
3797
|
4053
|
4500
|
5028
|
5087
|
Тіркелген шағын кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің жалпы үлесі
|
%
|
100,0
|
99,6
|
99,1
|
98,7
|
98,2
|
Шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілеріндегі жұмыспен қамтылғандардың саны
|
адам
|
4692
|
4858
|
5281
|
6052
|
6160
|
2013-2014 жылдары жүргізілген қорытынды бойынша көрсеткіштер жылдық өсудің оң үрдісін көрсетуде.
Меншік нысандары және мөлшері бойынша тіркелген заңды тұлғалардың облыс аудандары бөлісіндегі саны
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1.10.2016 жыл
| Мұнайлы ауданы |
288
|
315
|
350
|
400
|
484
|
Шағын
|
263
|
293
|
325
|
371
|
463
|
Орта
|
21
|
18
|
21
|
25
|
17
|
Ірі
|
4
|
4
|
4
|
4
|
4
|
2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012-2014 жылдары 5 жоба субсидияланды, 2 несие кепілдікке берілді және 4 жоба бойынша инфрақұрылым жүргізілді.
Кесте 2. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілген жобалардың саны
Қолдау құралдары
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
2015 ж
|
1.10.2016
|
Субсидия
|
1
|
1
|
3
|
10
|
17
|
Гарантия
|
-
|
-
|
2
|
12
|
5
|
Грант
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
Инфрақұрылым
|
2
|
-
|
2
|
1
|
-
|
Барлығы
|
3
|
1
|
7
|
23
|
23
|
2012-2014 жылдары «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 46 қосымша жұмыс орны құрылды.
2011 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Кәсіпкерлерді қаржысыз қолдау» 4-бағыты іске асырылуда.
Кесте 3. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында өткізілген оқуға қатысушылар саны
Қолдау құралдары
|
2012 ж
|
2013 ж
|
2014 ж
|
2015 ж
|
1.10.2016ж
|
Бизнес кеңесші-1
|
66
|
102
|
125
|
127
|
132
|
Бизнес кеңесші-2
|
-
|
3
|
-
|
-
|
-
|
2012 жылдан бастап халықты жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Кесте 4. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бөлінген шағын несие көлемі
Атауы
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
2015ж.
|
бірлік
|
мың.теңге
|
бірлік
|
мың.теңге
|
бірлік
|
мың.теңге
|
бірлік
|
мың.теңге
|
«Каспий» ЖШС
|
52
|
134500
|
39
|
111 750
|
15
|
49 700
|
1
|
11 000
|
«Ауылшаруашылығына қаржылай қолдау қоры» АҚ
|
-
|
-
|
20
|
55 100
|
26
|
73 900
|
29
|
78 536
|
барлығы
|
52
|
134 500
|
59
|
166 850
|
41
|
123 600
|
30
|
89 536
|
Сауда. 2012-2014 жылдардағы бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі 6 476 240,0 мың теңгені құрады.
Атауы
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі млн.теңге
|
2 110,5
|
1 935,2
|
6 476,2
|
4 718,6
|
Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі
|
112,7
|
156,7
|
312,3
|
108,5
|
Дүкендердің бірқатары 4 ауылдық округтерде шоғырланған:
Атамекен-90, Басқұдық-95, Маңғыстау-85, Қызылтөбе-90.
Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда бойынша SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
шағын кәсіпкерлікті дамытатын нарықтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, кәсіпкерлер бірлестігі және т.б.
шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларын қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы "бизнестің Жол картасы-2020" және басқа да өңірлік бағдарламасы белсенділігі; халықтың үлесін ұлғайту, кәсіпкерлік қызметке тарту
|
несиелік мекемелерде құжаттарды ұзақ мерзімде қарау;
шағын және орта бизнес әртараптандырудың төмен деңгейі ілікті кадрлардың тапшылығы;
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді салаларын дамыту;
|
халық санының артуы;
жұмыссыздықтың артуы;
әлеуметтік шиеленіс күшіне банкроттық бірқатар шағын кәсіпорындардың криминогендік жағдайының артуы;
теңгенің құнсыздануына байланысты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағалардың өсуі;
|
2.2.4. Инновациялар мен инвестициялар.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1.10.2016 жылы 9 890,1 млн. теңгені құрап отыр. 2012 жылдан бастап 2015 жылға дейін негізгі капиталға салынған инвистиция 118 441,7 млн.теңгені құрады.
Негізгі капталға салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері бойынша көлемі 2015 жылы 29 307 млн теңге, 2012 жылы 19 793,0 млн.теңге.
Ресбуликалық бюджет
|
Жергілікті бюджет
|
Жеке қаражат
|
2012 жыл
|
2015 жыл
|
2012 жыл
|
2015 жыл
|
2012 жыл
|
2015 жыл
|
3392,5
|
8422,8
|
279,7
|
1609,8
|
13533,6
|
19274,7
|
«Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданда 2011 жылдан бастап, «Еврострой» ЖШС темірбетон плитасын өндірумен айналысады. Жобаның сметалық құны – 900 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны-15 адам.
«Эко-Су тазарту» ЖШС (Дәулет ауылдық округі) құрамында мұнай бар су қалдықтарын өңдейтін «Шырын» зауыты. 2012 жылы – 60 млн.теңгеге 3000 текше метр, 2013 жылы - 65 млн.теңгеге 4000 текше метр мұнай қалдықтарын өңдеген. Кәсіпорын «Тениз сервис» ЖШС, «ОСК» ЖШС, «Инженерная буровая компания «Си Бу» ЖШС келісім-шарт арқылы жұмысын жүзеге асырып отыр.
Инновациялар мен инвестициялар бойынша SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
бюджеттік инвестициялармен қатар жеке компаниялар мен кәсіпорындардың инвестиция көлемдері өсіп отыр.
алдағы орта мерзімде аудан көлемінде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асыру жоспарланған.
|
қаржы-экономикалық дағдарысқа байланысты кейбір жоспарланған жобалар уақтылы қаржыландырылмай қалды.
статистикалық есепте аудан аумағында жасалған жұмыстар толық көрінбей қалады
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы жеке инвестицияның келуін көбейту.
|
жаңа экономикалық дағдарыстың басталуы және сыртқы факторлардың кері әсерінен инвестиция көлемінің азаюы мүмкін.
|
2.2.4. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту.
Маңғыстау ауылы автокөлік және темір жол тораптарымен қамтамасыз етілген географиялық ыңғайлы жерде орналасқан. Ол облыс орталығы Ақтау қаласынан 15 шақырымда орналасқан және Мұнайлы ауданының әкімшілік орталығы болып табылады. Маңғыстау ауылының халық саны (статистикалық мәлімет бойынша) – 28 373 адамды құрайды.
Маңғыстау аулының айналасындағы шамамен 12 км радиуста Қызылтөбе, Дәулет, Баянды, Батыр, Атамекен және Басқұдық ауылдық округтері орналасқан. Маңғыстау ауылының аумағында көптеген өнеркәсіптік және өндірістік мекемелер, оның ішінде «ҚазақстанТемірЖолы» ҰК» АҚ-ның Маңғыстау бөлімшесі (темір жол вокзалы), «НОРП» ЖШС, «Стальстрой» ЖШС, «Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл, Инк» корпорациясының филиалы, «Экьюпмент Сервисез ЛТД» ЖШС, «Шлюмберже Лоджелко Инк» корпорациясының филиалы, сондай-ақ аудандық маңызы бар барлық мемлекеттік мекемелер орналасқандықтан, аталған ауылдық Маңғыстау ауылымен тығыз экономикалық байланыста. Ауыл аумағы арқылы «Ақтау-маңғышлак станциясы» автомобиль жолы, сондай-ақ «Ақтау-Жаңаөзен» автомобиль трассасы өтеді.
КДЖ экономикалық қызметті, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, көлік қолжетімділігінің тұтыну рыногтары мен елді мекендерге дейін кеңейтуге, мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын құруға және дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыруды көздестіреді.
Маңғыстау ауылының құрамына Маңғыстау, Маңғыстау-1, Маңғыстау-2, Маңғыстау-3, Маңғыстау-4 және Маңғыстау-5 тұрғын жай алаптары кіреді. Маңғыстау ауылының тұрғын үйлер мен пәтерлер саны – 5133 бірлікті құрайды. Ауылдың өзінде 1398 пәтерден тұратын 17 орам, 2 көше, 56 көп қабатты тұрғын үй бар. Ауыл аумағының ауданы – 3063 га. Ауыл халқының саны – 28 373 адамды соның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 13 533, 2 жасқа дейінгі балалар саны – 1 694, 2-6 жас аралығындағы балалар саны – 2 834, оқушылар саны – 4 801, зейнеткерлер – 1 700 адамды құрайды.
Маңғыстау ауылы бойынша білім беру саласында – 463 адам, денсаулық сақтау саласында – 471 адам, теміржол мекемелерінде – 1251 адам, шағын және орта бизнес – 2820 адам саласында жұмыс істейді, халықтың қалған бөлігі экономиканың өзге салаларында жұмыс істейді.
Ауыл қажетті инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілген. Ауыл аумағында аудан және ауыл әкімдіктері, аудандық ішкі істер бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы,жылжымайтын мүлік орталығы, 4 орта мектеп, 4 мемлекеттік, 1 жеке меншік бала бақша, орта мектеп жанындағы 2 мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту орталығы, «Өнер» мектебі, «Тұлпар» аула клубы, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, аудандық орталық емхана мен аурухана, «Қазпошта» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның бөлімшелері,халыққа қызмет көрсету орталығы, Нұр Отан филиалы, Кәсіпкерлік палатасы, мемлекеттік мұрағат, 2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, Ардагерлер үйі, сондай-ақ шағын және орта бизнестің көптеген объектілері орналасқан. Ауылда 550 бас ірі қара мал мен 2295 ұсақ мал тіркелген 45 шаруа қожалығы бар.
Ауыл САТС, WLL CDMA 450 сияқты байланыс түрлерімен қамтамасыз етілген. Тіркелген телефон нөмірлерінің саны – 5128, оның ішінде заңды тұлғаларда – 468, жеке тұлғаларда – 4668 бірлікті құрайды. Маңғыстау-5 тұрғын жай алабын байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс 2013 жылы жүргізілді. Ұялы байланыстың барлық түрі жұмыс істейді. Сандық телехабар тарату қондырғысы орнатылып, іске қосылды, спутниктік байланыс жұмыс жасайды. Халыққа қызмет көрстететін пошта бөлімшесі шағын тар орынжайда орналасқан. Жаңа ғимарат салу қажет.
Маңғыстау аулының негізгі проблемаларының бірі 52 көп қабатты тұрғын үй мен барак үлгісіндегі үйлердің техникалық жағдайы болып табылады. Қазіргі кезде аталған мәслелерді шешу мақсатында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында № 41, 45, 48, 50 үйлерге күрделі жөндеу жүргізілді. Аталған бағдарламаны одан әрі іске асыру мақсатында № 39, 40, 42, 43 тұрғын үйлердің кондоминиум объектілері тіркелуде.
«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында 2012-2013 жылдары Маңғыстау ауылында 12 пәтерлі екі қабатты 8 коммуналдық тұрғын үй салынды. Қазіргі кезде 24 пәтерлі төрт қабатты 12 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2017 жылы дәл осындай 8 үйдің құрылысын және 2018-2019 жылдары 24 пәтерлі 30 үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Маңғыстау ауылының 47%-ы, атап айтқанда Маңғыстау ауылының өзі мен Маңғыстау-1,2 тұрғын жай алабы орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген (5133 үйдің 2414 үйі). Қалған тұрғын жай алаптары тасымалданып әкелінетін ауыз суды пайдаланады (2719 үй). «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында қалған тұрғын жай алаптарын сумен жабдықтау желілерін салуға ЖСҚ әзірленді. Су бұру жүйесімен негізінен көп қабытты тұрғын үйлер мен кейбір жекеменшік тұрғын үйлер қамтамасыз етілген.
Маңғыстау ауылының өткір проблемасы ауылішілік автомобиль жолдарының жағдайы болып табылады. Ауыл автожолдарының жалпы ауданы 80,8 километрді, оның ішінде асфальт төселген жолдар 8 километрді, қазба жолдар 7,15 километрді құрайды. Демек, ауылішілік автомобиль жолдарының 90%-ы асфальттауды қажет етеді.
Шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күнге ауыл аумағында шағын және орта бизнестің 188 субъектісі жұмыс жасайды. Ауыл кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жыл сайын жеңілдікпен кредит алып, өз бизнестерін дамытуда. Ауыл тұрғындарын төмен бағадағы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында, Маңғыстау-4 тұрғын жай алабының «Салтанат» базарында апта сайын жәрмеңкелер өткізіліп тұрады. «Каспий-Берекет» ЖШС-нің 2 дүкені жұмыс істейді. Өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге әр түрлік көмек көрсету мақсатында ауыл аумағында бизнес –инкубатор салуға ЖСҚ әзірленді
Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік құралдарының барлық мүмкіншіліктерін, оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020», Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламаларының аясында пайдаланылатын болады.
Маңғыстау ауылында халықты орта мектептермен және балабақшалармен қамтамасыз ету тиісті деңгейде жүргізілуде. 4 орта мектепте 4815 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында Маңғыстау-4 тұрғын жай алабында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Маңғыстау-5 тұрғын жай алабында 280 орындық балабақша салуға ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы іске асырылатын болады. Жеке меншік балабақшалар салынуда. Осы мақсатта 10 жер учаскесі бөлінді. Миграцияның өсуі мен халықтың ішкі өсімін есепке ала отырып, биыл Маңғыстау-2 және Маңғыстау-3 тұрғын жай алабында әрқайсысы 140 орындық 2 балабақша салуға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда, сондай-ақ Маңғыстау-3 тұрғын жай алабында 640 орындық орта мектепті салу қажет.
Маңғыстау ауылында ауысымына 250 келушіге арналған орталық аудандық емхана мен 25 орындық аурухана, Маңғыстау-5 тұрғын жай алабындағы дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында ауылда 150 орындық аудандық аурухана салуға ЖСҚ әзірленді. Бұдан басқа, ағымдағы жылы бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған 100 орындық жатақхана салуға ЖСҚ әзірленді, жоба құны 912,2 млн.теңге.
Миграцияның өсуі мен Маңғыстау ауылындағы бала туу деңгейінің жоғары екенін есепке алғанда, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, оның ішінде жеке тұрғын үй салуға жер учаскелерін алуға қажеттілігі өсіп келеді. Бүгінгі күнге Маңғыстау ауылы бойынша жеке тұрғын үй салуға жер учаскесін алуға 2500 адам кезекте тұр.
Экономикалық өсу орталықтарын дамыту SWOT-талдау:
Мықты жағы
|
Әлсіз жағы
|
аудан орталығы ретінде ауыл тұрғындарына бірінші қажетті қызметтерді беретін нысандардың орналасуы;
облыс орталағы Ақтау қаласына жақын орналасқан;
аудан халқының жылдан жылға өсуі, туу коэфицентінің жоғарлауы.
|
Аудан орталығы ретінде Маңғыстау ауылында аурухана, перезентхана жоқтығы:
ХККО-ғының ғимаратын салу;
Халық банкі ғимаратын кеңейту;
Елді мекендерді толығымен сумен, жолмен, әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
шағын және орта бизнес субъектілерін тарту;
жастарды салауатты өмір салтын жүргізу үшін мүмкіндіктер беру, спорт мектептерін, ұйірмелерді ашу.
|
экономикалық ахуалдардың басталуы және сыртқы факторлардың кері әсерінен дамыту мүмкіндігінің азаюы;
жұмыссыздықты болдырмау;
кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету;
|
2.3. Әлеуметтік саланың дамуы
2.3.1. Білім беру
2011-2015 жылдарға арналған АДБ іске асырылған кезеңде аудан білім беру саласында нақты жетістіктерге жетті: жалпы білім беретін мектептер желісі – 41,7%-ға, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі – 62,5%-ға кеңейді, балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100%-ға қамтамасыз етілді, мектептердің 33,3%-ы электронды оқыту жүйесін енгізді, мектептердің 100%-ы инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасады.
Мектепке дейінгі білім беру
Мұнайлы ауданында халықтың өсу қарқыны жоғары, яғни демографиялық өсу бойынша республикада алдыңғы қатарда. Халықтың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының (МБҰ) қызметтеріне қажеттілігі үнемі өсуде (1-кесте). 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын алуға арналған кезекте 5525 бала тұрды.
1-кесте. Мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштерінің динамикасы, 2012-2016 жылдар
Жылдар
|
МБҰ саны, бірлік
|
Балалар қамтылды, адам
|
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
5-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
Жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, %
|
2012 ж.
|
18
|
1925
|
42,5
|
28
|
61,2
|
28,6
|
2013ж.
|
20
|
2088
|
47
|
30,4
|
68,2
|
28,3
|
2014ж.
|
24
|
3063
|
52,5
|
35,9
|
72,7
|
23,3
|
2015ж.
|
31
|
3763
|
59.1
|
40.3
|
73.1
|
13.4
|
2016ж.
|
33
|
4123
|
66.4
|
62
|
96
|
12
|
Аудандағы 3-6 жас аралығындағы мектеке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етуге тиісті 5976 баланың 3971 баласы МДҰ қамтылған. (66,4 пайыз). Барлық балабақшамен қамтылған балалардың 35% (1445 бала) жеке меншік балабақша есебінен қамтылған. Жекеменшік 18 балабақшада 395 адам, мемлекеттік балабақшалар мен шағын орталықтарда 746 адам жұмыспен қамтылған.
МБҰ-мен қамтамасыз ету мәселелерінен басқа, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері де бар (жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі 2012 жылғы 28,6%, 2013 жылы 29,26 %, 2014 жылы-28,47%, 2015 жылы – 31,18%, 1.10.2016 -30,86%).
2015-2016 оқу жылында, ішкі тасымал – 2955 оқушы, Ақтау қаласының мектептеріне – (орыс сыныпқа) – Атамекен а.о.,Басқұдық а.о.- 395 оқушы.
2016-2017 оқу жылында, ішкі тасымал – 3806 оқушы, Ақтау қаласының мектептеріне (орыс сыныпқа) – Атамекен а.о., Басқұдық а.о.- 389 оқушы.
Достарыңызбен бөлісу: |