Айжан 6.8.8. Түсті жалпақ дөңгелек диаграммалар Боялған секторлар көбінесе дөңгелек диаграммаларды құру үшін қолданылады.
Ол үшін MATLAB-та pie командасы қызмет етеді:
* pie(X) қалыпқа келтірілген x/SUM (X) векторының мәліметтері бойынша дөңгелек диаграмма жасайды. SUM (X) – Вектор элементтерінің қосындысы. Егер SUM (X)<=1.0 болса, онда x-тегі мәндер секторлардың ауданын тікелей анықтайды;
* pie (X,EXPLODE) дөңгелек диаграмма жасайды, онда секторлардың орталықтан бөлінуі EXPLODE векторымен анықталады, ол x деректер векторымен бірдей мөлшерде болуы керек.
Келесі мысал бес сектормен түрлі-түсті дөңгелек диаграмма жасайды, ал соңғы сектор қалған сектордан бөлек болады:
>> X=[1 2 3 4 5]; pie(X,[0 0 0 0 2])
Салынған диаграмма 6.50. суретте көрсетілген
H=pie ( ... ) функциясы график құрып, patch және text кластарының құрылған нысандарының дескриптор векторын қайтарады.