Дегидратациялаушы әсер; Бүйрек өзекшелеріне түскеннен соң жоғары осмостық қысым түзеді. Нәтижесінде судың реабсорбциясы едәуір төмендейді. Натрийдің реабсорбциясы біршама дәрежеде төмендейді.
Осмостық диуретиктердің қолданылуы
Көбінесе Маннит қолданылады, өйткені мочевина жасуша ішіне еніп, тіндерде суды қайталап жинақтайды.
Маннит диуретик, дегидратациялаушы зат ретінде ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда қолданылады.
Ми ісінуінде гематоэнцефалдық тосқауылдың тұтастығы бұзылмағанда ғана қолданылады.
Өкпе ісінуі (жүрек шамасыздағынан болған өкпе ісінуінде қолданбайды).
Мочевина көбінесе дегидратациялаушы зат ретінде (кейде глаукоманың жедел ұстамасында) қолданылады.