Нифедипин – негізгі препарат ГК-дің кез келген түрінде қолданылады (10 мг тіл астына). Әсері болмаса емдеу ГК-дің типіне қарай әртүрлі жүргізіледі.
ГК-дің I типінде (адреналинді тип) таңдау препараты клофелин болады (0,01% ерітінді 0,5-1мл 10-20 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін қосып к/т баяу енгізіледі).
ГК-дің II типінде (норадреналинді тип) фуросемид 40-80 мг к/т енгізіледі.
ГК-дің тырыспалы түрінде диазепам 10-20 мг к/т егіледі, қосымша магний сульфаты 2.5 г к/т баяу егіледі.
Егер ГК сол қарыншалық жедел әлсіздігімен асқынған болса, пентамин ерітіндісі 2% 0,3-1 мл көлемде 10 мл глюкоза ерітіндісін қосып егіледі.
Ауыр энцефалопатия дамитын болса клофелин мен нифедипиннің мөлшерін
2 есе азайтып, тез арада фуросемидті 80-120 мг және 20 мл 25 % магний сульфатын к/т егу керек.
Стационар жағдайында ГК-ді натрий нитропруссидімен емдеу қажет. Препаратты к/т тамшылатып енгізеді, бастапқы мөлшері 1 мкг/кг/мин, содан соң мөлшерін 3-3,5 мкг/кг/мин дейін көбейтеді. Немесе емді лабеталолдан бастауға болады: к/т 50 мг 1мин ішінде, 5 минут сайын қайталап, жалпы мөлшері 200 мг дейін.