Дәріс №12
Сабақтың тақырыбы: Жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер.
Жоспары: Кардиотоникалық дәрілер;
Аритмияда қолданылатын дәрілер;
Антиангинальды дәрілер;
Миокард инфарктысында қолданылатын дәрілер;
Ми-қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын дәрілер;
Гиполипидемиялық дәрілер;
Гипотензивті дәрілер;
Диуретиктер;
Кардиотоникалық дәрілер:
А) Жүрек гликозидтері
Б) Гликозидті емес кардиотоникалық әсерлі дәрілер.
А) Жүрек гликозидтері өсімдіктен алынған жүрек жеткіліксіздігінде қолданатын күрделі органикалық қосылыстар.
Жүрек гликозидтерінің әсері: систолалық және минуттық қан көлемін арттырады, жүректің жиырылу жылдамдығын төмендетеді, тамырлардағы қысымды азайтады, артериялық қысымды қалпына келтіреді, жүрек қан-тамырларында қан айналымын жақсартып, диурезді күшейтеді, асқазан-ішекте сіңу мен жылжыту қызметі жақсарып, салмақ азаяды. Мидағы және жалпы қан айналым жақсарып оттегі тапшылығы төмендейді. Тыныс орталығының қозуы төмендеп, ентігу азаяды.
Жүрек гликозидтері қолданылады:
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде және оның алдын алу үшін;
суправентрикулярлы тахикардияда;
жыпылық аритмиясында;
пароксизмальды тахикардияда;
жүрекше (трепетание предсердий) дірілінде;
Дәрілері:
Ұзақ әсерлі жүрек гликозидтері: Дигитоксин (Digitoxinum)-әсері 2-3сағаттан соң басталып, 14 күнге дейін созылады;
0,0001таблетка; 0,00015г ембалауыз түрінде шығарылады.
Орташа әсерліжүрек гликозидтері: Дигоксин (Digoxinum) әсері 30минут\ -1 сағатта басталып, 2-4 күнге созылады.
Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,025%- 1мл ампула. Целанид (Celanidum) әсері 10-20минутта басталып, 2 сағатқа созылады. Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,02%- 1мл ампула. Ұзақ және орташа әсерлі жүрек гликозидтері созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |