МОДУЛЬ- 3
Дәріс 1 . Мәдениет морфологиясы
1.
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы
2.
Мәдениет типологиясы мен теориясы
3.
Мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен байланысы
Адамдар өздерін
қоршаған, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер
етеді,өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,ұрпаққа мұра етіп
қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік
құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру
жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау,
еңбек
құралдарын жасау, от жағу,тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге
ұнау,ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап тілектер қоғамдық прогреске,өрлеуге тікелей
байланыста,әр қоғамдық кезеңде жаңа талап,тілектер пайда болады,өндіріс
құралдары
дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор
қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды.Бүкіл
құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды.
Информатика дамыды, оларды
микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі дамыды. Сөйтіп,
мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне,талабына сәйкес қалыптасты.
Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет әлеуметтік фактор,
қоғамның қозғаушы күші.Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам
мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Адам, оның қызметімен өзара қатынасы
бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық және рухани мәдениетті бір бірінен ажырата
білу қажет. Мәдениет материалдық және рухани: бірі материалдық өндірістің,
екіншісі
рухани өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімі
деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері- еңбек құралдары
және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай болса материалдық және
рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен қатар бұл екеуі
материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық мәдениетті мәдениетке
айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің
өнімі материалдық
нысанда болады, соның нәтижесінде ол объектіге айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің
факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей –ақ, тұтас
бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды ажыратуда емес, бүкіл қоғамның
дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда. Өміршең мәдениет қоғамдық адамнан
ажыратылмайды, адам- мәдениет субъектісі. Оның адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі,
қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән іс әрекеттің
дағдысын бойына сіңіруі. Мәдениет адамдықтың өлшемі, ол
адамның қоғамдық мән
есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді.
Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрыннан жасалып келген мәдениетті бойына
сіңіреді,қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышартына айналдырады. Сөйтіп өз
білімін,икемін,қабілетін
дамыта отырып, өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
Материалдық мәдениетсіз рухани мәдениет қалыптаспайды. Материалдық және рухани
мәдениет тікелей байланысты.Одан шығатын қорытынды,
мәдениет-қоғамның
материалдық және рухани байлығынығ жиынтығы. Қоғамның материалдық дәрежесі
жоғары болған сайын рухани өмір де жоғары болмақ.
1.
Мәдениет
ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етуін, табиғат күштерін
бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуге қолданылады.