Резорбты әсер ететін препараттар. Ампиокс. Ампициллин мен оксициллиннің натрий тұздарының қоспасы. Суда жақсы еритін, ащы дәмді, ақ түсті кеуекті зат. Жақсы сіңеді, организмге жақсы тарайды. Әсері екі препараттардың әсерлерінің жиынтығы. Терапевтикалық концентрациясы қанда 6-8 сағаттай сақталады.
Тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің ауруларында қолданылады.
Бактрим. Құрамында сульфаметоксазол және үшметоприм бар. Микроб торшаларының фолий және дигидрофолий қышқылдарына және белоктың синтезіне әсер етеді. Сондықтан микробқа қарсы әсері әлдеқайда жоғары болады. Бұл топқа бисептол, косумикс, ориприм, сульфатон, трибриссен, тримеразин, триметосул препараттары жатады. Олардың құрамында сульфаниламид және үшметоприм 10:2 қатынасындай мөлшерде болады.
Бұзаулардың, торайлардың, қозылардың, балапандардың ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің ауруларында қолданылады.
Димет. Сары түсті ұнтақ. Микробтарға қарсы кең спектрлі, эймерийлерге, қабыну процессіне қарсы әсерлері бар. Малдың өсуін демейді. Колибактериозды, сальмонеллезді, пастереллезді емдеу және олардың алдын алу үшін қолданылады.
Леновит. Құрамында левомицетин, норсульфазол, хлортетрациклин бар. Иіссіз, ақшыл-сұрғылт түсті ұнтақ. Кең спектрлі препарат. Қолданылуы жоғарыдағыдай.
Оксикан. Құрамында окситетрациклин гидрохлориді, канамицин, қымыздық қышқылы және қант пудрасы бар. Суда ериді. Кең спектрлі препарат.
Колибактериозда, сальмонеллезде, гастроэнтеритте, бұзаулар мен торайлардың улы диспепсиясында судағы ертіндісі қолданылады.
Олететрин. Құрамында синергист тетрациклин гидрохлориді және олеандомицин фосфаты бар. Ауыз қуысы арқылы бергенде, еттің ішіне жібергенде жақсы сіңеді. Терапевтикалық концентрациясы организмде 12 сағаттан артық сақталады.
Бронхопневмонияда, септицемияда, циститте, маститте, сальмонеллезде, колибактериозда, пастереллезде, жара инфекцияларында қолданылады.
Жоғарыда көрсетілген препараттардан басқа малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын біріктірілген препараттардың қатарына жататындар:
биофарм – тилозин, фармазин, хлортетрациклин;
биофузал – фуразолидон, нитазол, биоветин;
ветдипасфен – дигидрострептомицин, дибиомицин, феноксиметилпенициллин;
галофак-50 – хлортетрациклин, пенициллин, фуразолидон, В тобының витаминдері;
диаррекс – неомицин, полимиксин, күкіртті атропин, диметридазол, натрий арсенаты, тұздар, қант;
диарин – диоксидин, метилурацил, сүт қышқылы;
иодиксин – йодинол, диоксидин, сүт қышқылы;
лаутецин – тетрациклин, эритромицин;
левотетрасульфин – левомицетин, тетрациклин, сульфаниламид;
левоэритроциклин – левомицетин, эритромицин, тетрациклин;
мексаза – энтеросептол, фенантролин-хинон, бромелинфермент;
мексаформ – энтеросептол, фенантролин-хинон, оксифонии бромид;
нифулин – нитазол, фуразолидон, хлортетрациклин гидрохлориді, кальций карбонаты, толықтырушы зат;
нутрицин – окситетрациклин, хлорамфеникол, сульфаниламид;
пульметил – тилозин, анальгин, этимизол, агар-тін препараты;
салазодиметоксин – сульфадиметоксин, салицил қышқылы;
сульфагин – фурагин, норсульфазол, тиамин бромиді, рибофлавин, азық ашытқысы;
фуроксин – окситетрациклин гидрохлориді,фуразолидон, ашытқы;
эндофарм – норсульфазол натрий, фуразолидон, монойодин висмут, трилон Б.
Жергілікті қолданылатын біріктірілген препараттар:
берлицетин – хлоралединикол, диметилсульфоксид, пропиллент;
дезоксифур – нитрофуран, окситоцин;
дермозолон майы - энтеросептол, пренизолон, негіз;
диметол майы – диоксидин, метилурацил, димедрол, аң майы;
дифурол-А – фурагин, фуразолидон;
левовинизоль аэрозоль – левомицетин, линетоль, этил спирті, цитраль, пропиллент;
фастин майы – фурацилин, синтомицин, анестезин, ланолин;
мастисан А – бензилпенициллин, норсульфазол;
мастисан Б – неомицин, сульфадимезин, метилурацил;
мастисан Е – эритромицин, сульфадимезин;
мастицид – бензилпенициллин, стрептомицин сульфаты, сульфадимезин, норсульфазол майлы ертіндісі;
трициллин – пенициллин, стрептомицин, стрептоцид, толықтырушы зат;
экзутер – окситетрациклин гидрохлориді, неомицин сульфаты, энтеросептол, толықтырушы зат.
Бұл топқа жататын препараттар әлдеқайда көп. Препараттарды қолданарда оларға микрофлораның сезімталдығын анықтап отыру міндетті түрде жүргізілуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |