Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


II. 3.2.4 - тармақша. Лингвомәдени құзыреттілік



бет32/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

II. 3.2.4 - тармақша. Лингвомәдени құзыреттілік.
Қазіргі таңда тілді оқыту барысында оқушының лингвомәдени құзыреттілігін қалыптастыруға да айрықша мән берілуде.

Орыс тілі әдістемесінде ғалым - әдіскерлер мәдениетпен байланысты бірнеше құзыреттіліктерді атап көрсетіп жүр. Олар: лингвоелтанушылық, лингвомәдени, лингвомәденитанымдық, лингвоәлеуметтік мәдени т.б.

Н.Б.Ишханян лингвоәлеуметтік мәдени құзыреттілікті индивидтің мәдениаралық коммуникацияға түсе алу қабілетімен байланыста қарастырады:

- ұлттық мәлени лексика – семантикалық бірлік туралы білімін мәдени – аралық коммуникацияның барлық жағдаяттарында қолдана білу қабілеті;

- этномәдени, әлеуметтікмәдени сценарийлер мен ұлттық спецификалық модельдердің қаысымдық техникасымен қарулану және оны пайдалана білуі;

- сол елдің мәдениеті, дәстүрі, т.б. туралы білімін аталған мәдениет иесімен қарым – қатынаста ұтымды қолдануы.

Лингвомәдени құзыреттілік білім алушының бірнеше құзыреттілітер бойынша қалыптасатын білімі мен қабілетінің байланысын қамтиды:

Лингвистикалық білімі мен қабілеті:

√ Тілдің жүйесі мен құрылымы туралы білімі;

√ Оны қарым – қатынаста пайдалана білу қабілеті;

√ Фонетикалық, лексика – грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық нормаларға сай сөйлей жіне жаза білуі;

√ Грамматикалық құрылымдарды сөйлесім әрекетінде дұрыс пайдалануы;

√ Практикада ауызша және жазбаша сөйлеуді қолданбалы тіл білімімен байланыста жүзеге асыруы.



Лингвоелтанушылық білімі мен қабілеті:

√ Нақты қатысымдық жағдайларда қарым – қатынас жасауға қабілеттілігі;

√ Қарым – қатынаста лингвомәдени нормаларды сақтай отырып, ұйымдастыру біліктілігі;

√ Мәдениаралық қарым – қатынаста дұрыс сұрақтар қоя білуі;

√ Әңгімелесушінің эмоционалды және ақпараттық деңгейін анықтауы;

√ Келіссіз жүргізе білу іскерлігі;

√ Тыңдаушыны сендіре білуі және шешендік дағдыларға ие болуы;

√ Пікірталасты міндетті түрде жүргізуі.



Әлеуметтік – психологиялық білімі мен қабілеті:

√ Вербальды, бейвербальды ұлттық – спцификалық млдельдер мен лингвомәдени көріністер туралы білімі мен және оны пайдалана білуі;

√ Ұлттық қатысымдық сөйлесімді игеруі;

√ Қажетті тақырыптар туралы білімі.



Мәдени білімі мен қабілеті:

√ Тарихи – мәдени жағдайлар, оқиғалар туралы білімі;

√ Этно – мәдени білімі;

√ Семиотикалық фон туралы білімі;

√ Осы білімдерді мәдениаралық түсіністікте қолдана білу қабілеті.

Танымдық білімі мен қабілеті:

√ Хабарды өздігінен өңдеуі;

√ Өз бетінше оқуы, үйренген материалдарын жаңа жағдайда қолдануы;

√ Пәнаралық байланысты жүзеге асыруы;

√ Хабардың шығу көзін табуы;

√ Өзін - өзі дамытуы;

√ Істеген әрекеттерінің нәтиежесін ой елегінен өткізіп, бағалуы.

Оқушы бойындағы бұл элементтер оны дара тұлға ретінде дамытуға көмектесе отырып, ұлттық құндылықтарды тани білуге, күнделікті жағдаяттарда орынды қолдана білуге жетелейді.

Лингвомәдени құзыреттілік оқушының әлеуметтік және қоғамдық ортада өз орнын таба білуіне, өзгелермен тіл табысу арқылы белгілі бір мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне қажетті дағдыларды дамыту нәтиежесінде қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет