Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы



бет1/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә


  1. МОДУЛЬ


«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» - қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


  1. 1 – тарам. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – дербес пән

XXI ғасырда Қазақсатн Республикасының әлемдік өркениет пен ғаламдану үдерісіне ену болашақ педагог мамандарды сапалы дайындау ісімен де тығыз байланысты екенін қоғамдық - әлеуметтік өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қоғамдағы адам факторына басымдылық берілуі білім саласын жетілдірудің түпнегізі болып отыр. Бұл ұлт, тіл туралы орныққан ескі көзқарасты түбегейлі өзгертудің тетігі ретінде «білім оқушының адами болмысын дамытуға бағытталуы тиіс» деген жаңа педагогикалық парадигманы басшылыққа алудың өзектілігін арттыра түсті. Сөйтіп, бүгінгі жаңа заман мектебінің басты міндеті оқушының қоғамдық өмірге дайындау болғандықтан, онда оқытылатын әрбір пән тұпкі нәтиежеде оқушыны әлеуметтік ортада өмір сүруге дайындауы тиіс деген тұжырымдама жасады.

Бүгінгі студент – ертеңгң маман. Болашақ қоғам иелерінің әрбір пәнді саналы игеруіне, алған білімдері мен меңгерген дағдыларын өз өмірінде дұрыс қолдануына бағыт беретін де пән мұғалімі. Жоғары оқу орнында ғылым әлеміндегі жаңалықтарды терең меңгерген, оқыту ісінің қыры мен сырын, оған қойылып отырған жаңа дәуір талаптарын сезінген студент қана өз білімін ұрпақ тәрбиелеу ісінде толыққанды жүзеге асыра алады. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» педагог мамандарды дайындау мен білім сапасына қатысты мақсат – міндеттер: «Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білімберудің жаңа моделін құрулың, сынақтан өткізу мен еңгізудің ауқымды міндеттері тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, бүгінгі өзгермелі дүние жағдайына лайықты өмір сүру және жұмыс әстеп болып табылады, » - депнақты белгіленген болатын. Бұл міндеттер болашақ мұғалімге қойылатын кәсіби – тұлғалық талаптарды да күшейте түсті. Ендігіжерде мектеп мұғалімінің ұйымдастырушылық, бейімділік, сараптау қабілеттерімен қатар өзінің кәсіби құзыреттіліктерін үнемі шыңдап, жетілдіріп отыруы, айналада болып жатқан өзгерістердің мәнін түсініп, талдап, оларды шешудің жолдарын анықтай алу біліктерінің қалыптасуы жетекші рөлге ие болып отыр.

Педагогтің білімі мен біліктілігі, ізденімпаздығы мен шеберлігі, мәдениеті мен ішкі әлеуеті жас ұрпақты тәрбиелеудің басты шарты және маңызды кепілі болып табылады. Білім берудің жаңа моделіне, «Нәтиежеге бағдарланған білім» моделіне, көшкен бүгінгі мектеп мұғалімінің беделі оның ойшылдығымен, зерттеушілік қабілетімен, кәсіби құзыреттіліктерді жете меңгеруімен, өзгермелі дүние жағдайына бейімділігімен, бәсекеге қабілеттілігімен, шешімділігімен, тапқырлығымен өлшенеді. Осы қасиеттерге ие мұғалім ғана алдындағы оқушысын «бәсекеге қабілетті ұлт өкілі» ретінде дайындай алмақ. Сондықтан заманға сай ұрпақ тәрбиелеу міндеті болашақ педагог мамандарды даярлауда ерекше жауапкершілікті қажет етеді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе, » - деп Мұхтар Әуезов айтқандай, жаңа қоғамның болашақ иелерін оқытып, тәрбиелейтін педагог маман жоғары оқу орнындағы арнайы білім алу кезеңінде ғылымның өазіргі әлеуметтік мәселелерімен сабақтастықта зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжіриебенің нәтиежелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді.

Ғылым салаларының дамуы мен біліи беру үдерісіндегі тың өзгерістер қазіргі таңда әрбір пәнді оқыту мәселесінде түбегейлі бетбұрыстар жасауды қажет етіп отыр. Өйткені, кез келген пәннің өзегіне алынатын ғылым салалары антропоөзектік парадинмаға сай жаңаша зерделенуде. Мәселен, қазақ лингвистикасында тілдің адам қалыптасуындағы маңызын, орнын, оның дүниетанымы мен қмір тіршілігіндегі атқаратын қызметін жаңаша сараптау нәтиежесінде тұбегейлі өзгерістер өріс алып, жаңа ғылым салалары пайда болды.

«Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес. Тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ойлау пәлсафасын да меңгереді, » - дейді Ж.Аймауытов. Ендеше, болашақ қазақ тілі пәні мұғалімінің бойында да осы қасиеттерде табылуы тиіс. Өйткені, мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінің оқушы тұлғасын қалыптастыруда, оның қабілеттерін жетілдіруде атқаратын рөлі ерекше. Қазақ тілі балаға тек теориялық білім беретін, тіл туралы ұғым қалыптастыратын пән ғана емес, ол – бала танымының басты қайнар көзі, оның айналадағы дүние сырын меңгеруінің негізгі құралы болып табылады. Тек тіл арқылы ғана оқушы өзге пәндерді игереді, қоршаған әлем, өзгермелі дүние туралы көзқарасы қалыптасады. Сол себепті мектептегі қазақ тілі пәні екі түрлі міндетті атқарады. Оның біріншісі – жекепәндік қызмет, екіншісі – жалпыпәндік қызмет. Алғашқысында бала қазақ тілі сабақтарында сол тілдің өзіндік заңдылықтарын, ерекшелігін, қолданыс жүйесін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгереді. Тілдің рухани құндылық ретіндегі маңызы мен мәнін түсінеді, оны сақтаудың қажеттігін сезінеді.

Егемен елдің жаңа мектебінің жаңа бағытына сай қазақ тілінің мәртебесін айқындауда, жоғарыдағы талаптар толық ескеріледі. Алғаш рет қоғам мен мектеп реформасына сай тәуелсіз қазақ елінің мектептерінде ана тілі деп саналатын қазақ тілін оқытудың жаңа міндеттері анықталады. Ең алдымен, қазақ тілінің білім беру жүйесіндегі жетекші орны айқындалады. Тіл басқа пәндерді меңгерудің маңызды құралы болғандықтан, қазақ тілі сабақтарында игерілетін сауаттылық дағдылары оқушының жалпы білім қорын, өмірлік дағдыларын қалыптастыратын бірден – бір тетік деп танылды. Бұл қазақ тілі пәнінің мекептегі оқу – тәрбие жүйесінде бастиы әрі негізгі пән деңгейіне көтерілуін ғылыми тұрғыда дәйектеп, оның жалпы пәндік маңызын дәлелдеді. Қазақ тілін оқытуда, біріншіден, оқушының коммуникативтік дағдыларын дамыту, екіншіден, қазақ тілінің қоғамдық сипаты мен құрылысы туралы білім беру қажеттігі айқындалды. Бұл қажеттілік ана тілі ретіндегі қазақ тілі пәнінің оқушының тілдік сауаттылығы мен талғамын, эстетикалық қабілетін, ішкі сезімдерін дамытуға, ойлау қабілеттері мен дүниетанымдық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталуы тиіс. Өкінішке орай, мектеп тәжірибиесінде әлі де ана тілін көп пәннің бірі деп санау басым, оның жалпы оқушы тұлғасының қалыптасуындағы бірегейлік рөліне үстірт қарау белең алып отыр. Өйткені, тілді сүю, тілді құрметтеу, шебер сөйлеу дегендер жалаң уағыз, жалынды ұран қалпынан аса алмай келеді. Міне, осы тұрғыдан келгенде болащақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыратын «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні арқылы берілетін білім мазмұны мен практикалықдағдыларды жаңаша сараптаудың мәне де арта түсуде. Сондықтан, қазақ тілін оқытатын болашақ педагог маманды тіл білімі негіздерін оқушыға жеткізудің жолдарымен, ұтымды әдіс – тәсілдерімен, оқыту ұстанымдарымен, білім беру технологияларымен және т.б таныстыратын «Қазақ тілін оқыту әдістемесін» жеке пән ретінде атқаратын қызметі де ерекше, көтерер жүгі де салмақты.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет